Шымкентте карантин жариялана ма?

Сайт Әкімшілігі - 25.03.20201642


Шымкентте коронавирус індетін жұқтырған алғашқы тұрғынның тіркелуінен кейін сақтық шаралары күшейтілді. Бүгіннен бастап қала көшелерінде жүрген көліктер санының азайғаны байқалады.
 Шымкентке кіретін басты көшелерді полицейлер бақылауға алды. Мәселен мегаполиске Төлеби ауданынан кіретін жолда тұрған тәртіп сақшылары көліктердің номерлерін, жүргізушілердің аты-жөндерін жазып алуда. Сайрам ауданынан кіретін көшеде де полицейлік бекет пайда болды. Миллионнан астам тұрғыны бар мегаполисте карантин жариялана ма, жоқ па? Бұл жағы әлі белгісіз.  
Еске сала кетейік, Шымкентте кешегі күні  коронавирус індетін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, 1996 жылы туған жігіт жуырда Нұр-Сұлтан қаласынан келген екен. Ол дене қызу көтеріліп қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Науқастың қазіргі  жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр. 
-Жұртшылықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, төтенше жағдайы режимін бұзбауды сұранамыз. Біз қажетті шараларды жүргізудеміз, ауру одан әрі таралмайды деп үміттенеміз,-деді арнайы өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимурхан Варзилов. 
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Шымкент қаласы.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған