Жәкішев билікке қажет пе?

Сайт Әкімшілігі - 25.03.20202323

Сонымен, Мұхтар Жәкішев 11 жыл тар қапаста отырып, бостандыққа шықты. Негізі, 14 жылға кесілген еді. Рақымшылық жасалды. Шүкір. «Ол кім еді?» дегенге сәл тоқтала кетсек, Мұхтар Жәкішев – Алматыдағы физмат мектебінің түлегі. Бірнеше жоғары оқу орындарында білім алған. Кәсіппен айналысқан, ірі компанияларда қызмет еткен. 1998-2009 жылдар аралығында «Қазатомпром» басшысы болды. Сонда жүріп қамауға алынды. 14 жылға сотталды. «Венада (Австрия) «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген» деген айыптар тағылды. Дегенмен оның ұсталуында «саяси астар бар» деседі. Мүмкін. Жоққа шығаруға болмайды. Мұхтар Жәкішевті «уран өндірісінің генийі» деп атаған екен. Онда да біздің ел емес, осы саланың әлемдік деңгейдегі мамандары. Ол басқарған жылдары «Қазатомпром» әлемдегі нарыққа ықпал ете алатын алпауыт компаниялардың бірі болды.

Тіпті Мұхтар Жәкішевтің өзі бір мәлімдемесінде компнияны уран өндіру жөнінде 2010 жылы әлемдегі алғашқы орынға шығара алатынын айтыпты. Бәлкім, іскер азамат 2009 жылы қамауға алынбағанда оны да жүзеге асырар ма еді. Амал қанша, мойнына нақақтан-нақақ бірнеше айып тағылып, айдың күні аманда түрмеге тоғытылды. Осылайша билік елдегі уран саласының көсегесін көгертсем деген азаматтың жолын кесті. Көпшілік мұның саяси астары бар десті. Әсіресе бұған Мәскеу араласты, тасада тұрып тас атқандар солар деседі. Мүмкін. Алайда айтқымыз келгені ол емес, басқа. Сонымен, Жәкішев бостандықта. Ұзағынан болғай дейміз, амандығын тілейміз. «Әр қазақ – м е н і ң жалғызым» деген ұстаным бізде де бар. Оның үстіне Мұхтар өз ісінің білгірі, білікті һәм білімді. Мемлекетке, ұлтқа тигізер пайдасы мол. Демек, алдағы уақытта Жәкішев өзіне келіп (түрмеде үшінші топ мүгедектігін алған) оңалған соң, ел үшін қызметін жалғастырса дейміз. Қолынан іс келетін, уран өндірісінің генийіне Тоқаев билігі шетқақпай танытпас деп ойлаймыз.

Күлтегін БЕК

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?