«Мәңгілік ел» жоспарда жоқ

Сайт Әкімшілігі - 25.03.20201212

  Басқасы басқа, «Мәңгілік елді» жоспарға енбей қалады деп кім ойлаған? Осыдан алты жыл бұрын президент жарлығымен Әлмерек елді мекені Талғар ауданының басқаруынан шығып, Алматы қаласының Түрксіб ауданына өз алдына бөлек ықшамаудан болып енген еді. Содан бері шағын ауыл адам танымастай өзгерді. Солтүстік-шығыс бөлігіндегі егістік алқаптарында екіқабатты зәулім үйлер қаптап, көшелер де көбейе түсті. Бүгінде жаңадан он шақты көше пайда болды.

Бас жоспар дұрыс жасалмағандықтан, әлгі жаңа көшелер кесірткенің қырқылған құйрығындай келте әрі түсініксіз болып тұр. Бұрын қоқыс полигоны болған аумақ Әлмеректен бөлек тұрса да, шағын ауыл болған. Баяғының тілімен айтқанда, көшелері қиқы-жиқы, қырықкепе десе де болғандай. Бірақ ресми құжаттар бойынша, әудем жерде отырған бұл ел-жұрт та «Әлмерек» ықшамауданына қарайды. Қиюы қашқан көшеден әрірек аттасаңыз – терең сайға түсесіз. Сай ішінде күркіреп кішкентай өзен ағады. Табиғат осы өзенді жаратқалы бері арнасы тазалау көрмеген, қоқысқа толы. Бір қызығы, осы өзенде ханбалық пен ондатр да кездеседі. Егерәки, Әлмеректің бір тұрғыны қолына қармақ алып, өзеннен алтын балық ұстап алса, «жалғыз ғана тілегіңді орындаймын, босат» десе, қандай тілек айтуды да білмей шатасуы кәдік. Өйткені ауылдың  проблемасы шаш етектен. Батпаққа батқан жолды қоя тұрайық. Ең бастысы ол емес. Ең бірінші – толғағы келіп тұрған жарық мәселесі. Тұрғындар 13 жылдан бері электр қуатынан «көресіні» әбден көріп біткен.

   – Бізде электр желілері салынбаған. Әркім қолынан келгенше домбайлап, сонау МТФ-дағы трансформатордан тартып алған. Трансформатордың қуаты бар болғаны 20-25 үйге ғана жетеді. Ал бүгінде оған 200-ден астам үй «мінгесіп» алғанбыз. Соның кесірінен күнде кешкілік жарыққа жарымаймыз. Электр қуаты әр үйге 220 вольтпен кіруі керек болса, бізге жететіні 140-120 вольт. Тіпті кейде оның өзі 96-87 вольтқа дейін төмендейді, – дейді «Әлмерек» ықшамауданының тұрғыны Хабиб Бердімұратов.

      Электр қуаты жетіспейтіндіктен, көшелерге жарық орнатылмаған. Оның зардабын қыста сабақтан кеш шығатын оқушылар тартуда. Екінші мәселе – ауызсу мен орталық канализация құрылысы. Орталық канализация болмағандықтан,  тұрғындар қолдан ор қазып, шайынды суды төгетін септик салып алған. Түрксіб ауданы әкімдігінің ресми сайтындағы ақпарат бойынша «Әлмерек» шағынауданында 1100 үй бар. Яғни 1100 септик бар деген сөз. Мұншама септиктің жерасты суына, экологияға келтірер зияны орасан.

Былтыр күзде осы орталық канализацияға қосу мәселесі шешілетіндей болған. Сөйтіп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде басталды. Бірақ обалы не керек, көп күттірген канализация төрт-бес көшеге тартылып, бірнешеуі қалып кетті. Соның бірі – «Мәңгілік ел» көшесі. О жағы мен бұ жағы бір шақырымға жуық үлкен көшенің қалайша ескерусіз қалғаны таңғалдырады.

– «Мәңгілік ел» көшесінде канализация жүргізу мәселесі жоспарға енбей қалыпты.  Жоспарға түзету енгіземіз бе, әлде сол күйінде қала ма, оны көреміз. Негізінен, көше тұрғындары дер кезінде үй құжаттарын заңдастырмаған. Соның кесірі тиді, – дейді президенттік кадр резервінен Түрксіб ауданына әкім болып жақында тағайындалған Бақытжан Ақжаров екіұштылау. – Ал жарықтандыру мәселесі бойынша айтсақ, биыл жаңадан трансформатор орнатылып, электр желілері тартылады. Көшелерді жарықтандырамыз. Су мен канализация құрылысы биыл күзде аяқталуы керек. Одан соң ықшамаудандағы жолдарды асфальттаймыз. Тротуарлар саламыз. Автобус аялдамаларын жол салып біткесін ұзартамыз. Осы мақсатқа бюджеттен 900 миллион теңге бөлінді. Биыл және келер жылы сол қаржыны түгел игереміз.

      Автобус аялдамасы демекші, жаңа құрылыс тұрғындары соңғы аялдамадан үйіне жеткенше 1-1,5 шақырым жаяу жол жүреді. Жалпы, «Әлмерек» ықшамауданының проблемасы бір күнде пайда бола қойған жоқ. Қалаға енгелі бері тұрғындар талай мәрте хат жазып, талай мекеменің есігін тоздырды. Бұрынғы қала әкімі Бауыржан Байбек пен аудан әкімі Сергей Кулагин де Әлмерек ауылы үшін бас қатырған жоқ. Барлық проблеманы «келесі жылы шешеміз» деумен басқа қызметтерге ауысып кетті. Жаңадан келген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен аудан әкімі Бақытжан Ақжаров толғауы тоқсан мәселелерге құлақ қойғандай сыңай танытты. Бірақ әкімдердің құрғақ уәдесінен шаршаған жұрттың жүрегі шайлығып қалған. «Мәңгілік ел» көшесі жоспарға енбеген күйінде, мәңгілік проблемамен қала ма деп қорқады.

Тоқтар ЖАҚАШ




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?