«Ана тілі» – ұлт мақтанышы

Сайт Әкімшілігі - 25.03.2020484

 Ахмет Байтұрсыновтың «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген  аталы сөзі әлі күнге маңызын жойған емес және жоймайтыны да анық. Бұл сөз осыдан отыз жыл бұрын қазіргіден де  маңызды еді. Өйткені КСРО тараған тұста  біздің тәуелсіздігіміздің басты белгісінің бірі де бірегейі туған тіліміз болатын. Оны сақтап қалу үшін және қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасуына  ұлт зиялыларынан бастап, барша тіл жанашырлары  атсалысты. Тіпті  дүниеге жаңа басылым да келді. Бұл тұрғыда ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы былай дейді: «1990 жылдың 22 наурызында – Ұлыстың ұлы күнінде «Ана тілі» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Жылмен бірге жеткен жаңа басылымды жұртшылық жыл құсындай жылы қабылдады. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде қазақ тілінде шығатын газет-журналдардың саны шектеулі еді. Сондықтан ұлттық ақпараттық кеңістіктің кеңеюіне үлес болып қосылып жатқан әр басылымды қазақ қауымы айрықша ықыласпен қарсы алды, қолдады. Кеңестік кезеңде қазақ тілінің қолданыс аясы барынша шектеліп, өрісі тарылып қалғандықтан, күрмеуі көп тіл мәселесін көтеретін арнаулы басылымның жарық көруі тіптен ерекше оқиға болды. Сол кезде ҚазҰУ-дың филология факультетінің 4-курсында оқып жүрген біз де апта сайын «Ана тілі» газетінің әр санын университеттің дәл алдында, Тимирязев көшесінде орналасқан баспасөз дүңгіршегінен сатып алып, бірімізден кейін біріміз оқитын едік. Ұстаздарымыз да «Ана тіліндегі» пәленше деген ғалымның, түгенше деген автордың, ана тілші, әдебиетші ағайларыңның мақаласын оқыдыңдар ма?» дегенді жиі айтатын, өздері де газетке жазып тұратын. Бұл жаңа газеттің филологтар арасында бірден сұранысқа ие болғанын көрсететін жағдай еді».

 «Ана тілінің» тұсауы кесілген күннен бастап ұстанымы мықты болды.  Сондықтан да болар, ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті. Осы басылымды отыз жыл бойына басқарған азаматтардың әрқайсысы  елге танымал,  нағыз тіл жанашырлары болды. Ақпарат айдынында үлкен қиындықтар туып, газет-журналдардың тағдыры тығырыққа тіреле бастаған тұста бірнеше басылымның басын қосқан «Қазақ газеттері» ЖШС құрылды. Қазіргі таңда серіктестікке қарасты бес газет, бес журнал шығып келеді. Солардың бірі – 30 жылдығын атап өтіп жатқан «Ана тілі» ұлт газеті.

    Ұлтымыздың ұлы құндылығын сақтауға атсалысып, тіліміздің тегеуріні мықты болуы жолында тер төгіп келе жатқан байыпты да бақытты басылымның ұжымын мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймыз!

  Жасалаштықтар

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар