Қуыршақ әкімдер көбейді, не тесіп тұр көкейді?

Сайт Әкімшілігі - 25.03.2020918

Соңғы жылдары ауыл әкімдерінің құзыры кеңейді. Мәслихат арқылы сайланады. Азын-аулық бюджетке ие болып, тендердің де мәселесін өздері шешетін болған. Бірақ бұдан өзгеріп жатқан дүние бар ма? Ауылдағы әкімдер сол баяғыша – жоғарыдағылардың «жазылмаған заңымен» тіршілік кешіп жатқан сияқты.

Осыдан бір айдай уақыт бұрын Түркістан облыстық әдеп кеңесінде әкімдіктің ғимаратында карта ойнаған әкімге қатысты тәртіптік іс қаралды.  Мәселенің мәнісі былай: қаңтарда Шардара ауданы әкімінің орынбасары  Б.Шомпиевтің «WhatsApp»-ына Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсесінде аталған ауылдық округтің әкімі  Ә.Сейдалиевтің жұмыстан тыс уақытта бірнеше азаматпен карта ойнап отырғаны жөнінде видеохабарлама түскен. Осы хабарламадан кейін Ә.Сейдалиевтің ісін қараған әдеп кеңесі оған «қызметіне толық сәйкес емес туралы ескерту» тәртіптік жазасын қолдану жөніндегі ұсынысты тиісті басшыларға жолдаған еді. Шағалалы Шардарадағы шенеуніктердің жұмыстан тыс уақытта не ойнайтыны осымен түсінікті шығар. Кеңестің өткен аптадағы отырысында аталған аудандағы тағы үш ауыл әкімінің мәселесі қаралды. Бұл жолы шардаралық атқамінерлер қызмет бабында қандай ойын ойнап жүргендерін әшкерелеп алды.

Шардара аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Н.Қалмұратов   былтыр ақпан, наурыз айларында жеті ауылдық округтің әкімдеріне мемлекеттік сатып алу бойынша жарияланған конкурстарда «ASR строй» ЖШС-нің мүддесін қамтамасыз ету жөнінде заңсыз нұсқау берген. Бөлім басшысы бұл аудан басшылығы тарапынан келген тапсырма екенін алға тартқан көрінеді. Басшылар айтты деген соң, әкімдер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде қолданатын жеке кілттерін, парольдерін жол жөндеу жұмыстары бойынша өткен тендерге қатысып жатқан жоғарыдағы компанияның өкілдері А.Атаханов пен Р.Вахидовқа берген. Нәтижесінде әкімдер  аталған компанияның жалпы сомасы 266 336 000 теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурстарын заңсыз ұтып алуына ықпал еткен. Бірақ арада біраз уақыт өткенде жағдай кілт өзгереді.  Әкімдер  аталған серіктестікпен  екіжақты келісімшартты «3 пайыздық жарна есепшотқа аударылмады» деген негізбен бұзады.

Осыдан кейін А.Атаханов пен Р.Вахидов Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арызданады. Олар арызда Шардара ауданы қаржы және экономика бөлімінің басшысы Н.Қалмұратов пен ауылдық округ әкімдерінің өз өкілеттіктерін теріс пайдаланып, жол жөндеу жұмыстары бойынша өткен мемлекеттік сатып  алуда заңсыз іс-әрекетке барғанын көрсетіпті. Олардың мұнысын қалай түсінуге болады? Мердігерлер уәделерінде тұрмай, орта жолда айнып кеткен шенеуніктерден есе қайтармақ болған ба? Бұл жерде қандай мақсат, қандай мүдде екенін кім білсін, бірақ  арыздан кейін әкімдердің басына қара бұлт үйірілген. Тергеушілер олардың үстерінен қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу кезінде әкімдер өздерінің заңсыз тірлік жасағанын мойындаған.  Барлық айыпталушылар тергеушілерге «маған келтірілген күдікпен толық келісемін, кінәмді толық мойындаймын, өкініп жатырмын» деген жауап беріпті. Жеті әкімнің төртеуі, бөлім басшысы Н.Қалмұратов атқарып отырған лауазымдарымен әдеттегі «заңдылық» бойынша өз еріктерімен  қош айтысқан (өз еркімен десе де, мұның қылмыстық іспен байланысты екені белгілі ғой). Ақыр соңында  мемлекетке келтірілген материалдық зиянның жоғын ескерген тергеушілер қылмыстық істі қысқартып, әкімдердің тәртіптік мәселесін қарауды әдеп кеңесіне жолдаған.

Кеңес мүшелерінің шешімімен қалған үш әкім – Қызылқұм ауылдық округінің  әкімі Н.Исаевқа, Ұзын ата ауылдық округінің әкімі  М.Мұсаевқа, Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Е.Айдынбаевқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жазаны қолдану жөніндегі ұсыныс Шардара ауданының басшыларына жолданады. Заңсыз тірлікке бару жөніндегі тапсырманы берді деген аудан басшылары енді әкімдердің сыбағасын да өздері бермек.

Ауыл әкімдерінің алғашқыда мердігер компанияның тендерде жеңіске жетуіне ықпал етіп, кейіннен оны түрлі сылтаумен шетке сырып тастауы түрлі күдікке жетелейді. Екіжақты құпия келісімді ауыл әкімдері бұзды ма, әлде мердігер бұзды ма, ол жағын анықтау енді мүмкін емес. Бір гәптің болғаны анық. Әйтпесе ауыл әкімдерін аудан басшыларынан келген тапсырманы орындамай құдай ұрды дейсіз бе?   Аудан басшылары демекші, бұл жағдай Шардара ауданының әкімдігінде болған ауыс-түйіспен де байланысты болуы мүмкін.  Былтыр жазда ауданды екі-үш жыл басқарған Болатбек Қыстауов кетіп, оның орнына Қайрат Жолдыбай тағайындалды. Жаңа әкім келген соң, ауыл әкімдеріне берілетін «тапсырманың» да жаңарып кетуі әбден ықтимал.

Ал егер мердігерлер құзырлы органдарға арызданбағанда ше? Екіжақты келісім бойынша жылы жабылып кеткен, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер қаншама?! Осы жағдай Шардарада ауыл әкімдері үшін «сенікі, менікі» деген нәрсенің болмайтынын, бәрін аудан басшылары уысында ұстап, өздері шешетінін байқататын сияқты. Шенеуніктердің барлық буыны қағаздағы заңмен емес, бұрыннан қалыптасқан «жазылмаған заңдармен» тіршілік кешіп жатқандай. Олай болса, ауыл әкімдерінің құрығын ұзартып,  құзырын кеңейткеннен не пайда?

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар