Әйелдерді аяқтан шалатын не?

Сайт Әкімшілігі - 25.03.2020782

 «Күйеуімнен  теперіш көрдім» деген жалғызілікті ана «Жас Алаш» газетінің тілшісіне өзінің өмірі туралы айтып беруге келісті. Арайдың (есімі өз өтінішімен өзгертілді) айтуынша, ол  күйеуге ерте шыққан. «Шымкентте туып-өскенмін. Колледжде оқып жүргенімде бір жігіт алып қашты. Алғашында қатты қарсыластым, бірақ артымнан қуғыншы боп келгендер ата-анамның сол жерде қалуым керегін ескерткенін  айтты», – дейді ол. 

Арай туған-туысқандарының қысымынан кейін алып қашқан адамның үйінде қалуды ұйғарыпты. Солай  алты жыл бірге тұрыпты. «Алғашында тыныш өмір сүріп жаттық. Ол жалданып құрылысшы болып жүретін, сосын  2-3 жыл өткен соң өзгере бастады. Жиі ішетінді шығарды. Ішкен сайын мені ұратын, бала жыласа оның да аузына мата тығып, ойына келгенін істейтін», – дейді.

Алты жылдан соң азапқа шыдай алмаған Арай ажырасып тынған. Алматыға жұмыс істеуге келген. Қазір «Алтын орда» базарында сатушы. Баласын жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр. Өкінішке қарай, қоғамда осындай жағдай жиі кездеседі.

Жақында абайтанушы, филология ғылымының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кездесуде қыздарды маркерге теңеп, олардың міндеті «ерлерге қызмет ету» екенін айтты.  «Қыз баланың мұраты – өмір бойы оқып, «академик-доктор» болу емес, жастайынан бес зәруді бойына сіңіріп, «академик-докторларды» туып, тәрбиелеу» деген екен. Бұл сөзден соң қоғам екіге бөлініп, ғалымға  сын айтушылар мен  жақтаушылар пайда болды. Бұл Омар Жәлелдің әйел қауымы туралы айтқан алғашқы даулы пікірі емес-ті. Осы жағдайға байланысты артынан кешірім сұраған О.Жәлел өзін түсінетін адамның қалмағанын, өзінің «қазақша ойлап, қазақша сөйлегенін» алға тартты.

Ал наурыздың басында «қаралы шеру» өткізген «Қазфем», «Феминита», «Фемагора» сынды қазақстандық феминистер қозғалысы әйелдердің құқығы жиі тапталатынын, оған мемлекеттік органдар салғырт қарайтынына шағымданды. Тіркелмеген «Феминита» қозғалысының жетекшісі Гүлзада Сержан жылына 400 әйел күйеуінің немесе басқа жақынының қолынан қайтыс болатынын айтады. Г.Сержан «XXI ғасырдың әйелдері білімді, сайлау және сайлануға толық құқылы» дейді. Бірақ сол құқықты пайдалану жолында түрлі кедергі кездеседі екен. Бұл кедергілерді жою үшін қазіргі әйелдер саясатпен белсенді түрде айналысуы керек екен. Ол  саясатпен айналысуға феминистер мен көпбалалы аналар ғана құлық білдіріп отырғанына қынжылады. Ал білім мен денсаулық саласында, мемлекеттік ұйымдардың төменгі деңгейінде жүрген көптеген әйелдер қоғамдық жұмыс пен саясаттан қалыс қалады екен.

 Ел халқының 52 пайызы – әйелдер. Олар экономикалық, мәдени, басқа да салада қызмет етіп, мемлекеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Сөйте тұра әйел азаматтар ерлерге қарағанда жалақаны 30 пайыз кем алады екен. Оның үстіне арулардың 15 пайызы жұбайының жұдырық жұмсауын қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болып шықты.  

 «ХХІ ғасырдағы әйел адамның образы қандай?» деген сұраққа  белгілі ғалым, филология ғылымының кандидаты Аманқос Мектептегі: «Қазіргі әйел азаматтарымыз білімді, ерлермен тең жұмыс істей алады. Басқа елдермен салыстырғанда заңды тұрғыда көш ілгеріміз, бірақ сол заң тиісінше жұмыс істесе екен деген ойдамын. Кеңес Одағы құлағанда күштің көп бөлігі әйелдерге түсті. Екінші дүниежүзілік соғыста да аз студент қыздардың арасынан көп батырымыз шықты. Сондықтан біздің қыздар әртүрлі жағдайға бейім», – дейді. Сонымен қатар ғалым болашақта парақорлықпен, Сәке, Мәке деген ағайын-туыстықпен жұмысқа қабылдау азайғанда әйелдер  арасынан тамаша маман көп шығатынына бек сенімді.

Думан ТЕРЛІКБАЙ



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар