«Nur Otan» шенеуніктерге бақылауды күшейтеді

Сайт Әкімшілігі - 25.03.2020166

«Nur Otan» дағдарысқа қарсы қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтеді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бұл партияның қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан келіп түскен өтініштерді жіті бақылау мақсатында жасалып жатыр.

Мұнда азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалар туралы сөз болып отыр»,-дейді өз жазбасында  Бауыржан Байбек.

«Nur Otan» сонымен қатар дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.