Қазақ руханиятын көркейткен қаламгер

Сайт Әкімшілігі - 25.03.20201160



Зейнолла Сәнік – халқымыздың ардақ тұтар перзенті, көрнекті жазушы. Зейнолла Мүбәракұлының 15 томдығы әдебиетімізге қосылған мол олжа. Отыз жыл бұрын атамекеніне аяқ басқан қаламгердің шығармашылығын бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес.  

 Зейнолла Мүбәракұлы 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Бейжің қаласындағы орталық жастар институтын бітіріп, еңбек жолын баспагерліктен бастаған. Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. 1955 жылдан бастап әдеби зерттеу жұмыстарын жаза бастаған. Сол уақытта Қытайда жүргізілген «мәдени төңкерістің» ауыр соққысына ұшырап, «халық жауы» болып, ауыр күндерді де өткерген. Соған қарамастан, қаламгердің ғылыми еңбектерінен, роман, повестерінен құралған 20-дан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда «Қаракерей Қабанбай», «Хас батыр Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр», «Халық күйшісі Қайрақбай», «Баспай» атты кітаптары мен еңбектері жарияланған. Қадірлі қаламгер 2013 жылдың 26 қыркүйегінде өмірден озды. 


Ресей мен Қытай секілді екі алып империяның арасында ұлан-ғайыр жерді мекендеген қазақ халқы мыңдаған жылдар бойы атажұртын мекендеп, көшпелі тұрмыс кешсе, енді бірде екі жағындағы аю мен айдаһардың арасындағы саяси ойындардың ойыншығына айналып, жерінің біраз жерін еріксіз қытайға берген кезі де болған. Алғашында екі мемлекетке жарыла қоныстанған халық оны оншалықты қаперіне алып тарылмаса да, уақыт өте келе екі елдің боданына түсіп, жері сол екі алыптың көкпарына айналғанын түсіне бастады. Қандас, ағайын ел бірте-бірте бір-бірімен араласудан қалғаны да тарихи шындық (ол туралы көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов өз шығармалары арқылы қазақ қоғамын алғаш рет таныстырып кеткен болатын). Тағдыр талқысына түскен қиын кезеңдерде қазақтың көршілес елдердің шекарасын асып, жан сауғалап кеткен кездері де болған. Ар жақ, бер жақ болып ата баласын, аға інісін, қарындасын шетте қалдырып, ошарыла бөтен елге көшкен замандар да өткен. Қырық-елу жыл бір-бірін көрмеген тума-туыстар еліміз егемендік алған соң ғана екі ел арасындағы тоң жібігендей болып, бірін-бірі іздеп тауып, араласа  бастады. Мұның бәрі қатталған тарих, өмір шындығы екенін қазір көзіқарақты адамдардың бәрі де біледі.
Қытайда 2 миллионнан аса қазақ барын білсек те, олардың әдебиеті қай дәрежеде дамып жатыр, көркемдік деңгейлері қай деңгейде деген сұрақтарға да еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана көз жеткізіп, жан-жақты таныса бастадық. Сол жақта талай кітаптарын шығарып, белгілі болып қалған ақын-жазушылар бұл жаққа келгенде бірден шығармашылық жұмысқа кірісіп, өндіріп жазып кетті деу де артығырақ болар. Шекара асып келген қандастардың бұрын жазған шығармалары кириллицаға көшіріліп, атамекенде басылып шыққанмен де, өз оқырманын таппай қиналған кездері болды. Олардың көбінің жазу стильдерінде, сөзді пайдалануында, көтерген тақырыптарында қалай десек те, өзіндік ерекшеліктер сақталып қалған еді. Қазақ еліндегі қаламгерлерге қарағанда қытайдағы қазақ жазушыларында бір ұлттың екіге жарылуы, шекара бөлінісінің салдарынан миллиондаған адамдардың жақын туыстарынан айырылып, кейінгі кезде мүлде байланыссыз қалу мәселесі кеңінен көтерілген.
Ұлт – ол да тұтас бір тірі организм сияқты. Оны бөлшектеу сол ұлттың рухани болмысына ғана емес, оның өсуіне, сол ұлт санатындағы адамдардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың биологиялық бітім-болмысына да әсер ететінін қазіргі ғылым дәлелдеп отыр. Адамның бір мүшесін кесіп тастаса ол қалай қиналса, оған өмір бойы үйрене алмай жоқтап жүретіні сияқты, екіге жарылған ұлт та өзінің екінші сыңарын ғасырлар бойы жоқтап, бір нәрсесі жетпегендей, бүтіннің бір бөлігі сынып қалғандай өзін кем тұтып,  іштей іздеп тұратын көрінеді. Бұл ұлт үшін үлкен қасірет. Біртұтас ұлтты бөлшектеу сол ұлтқа жасалынатын ең үлкен қастандық болып саналатын көрінеді.
 Бөлінген ұлт тақырыбы тек қазақ әдебиетінде ғана емес, әлем әдебиетінде орын алып отырған өзекті тақырыптардың бірі екенін де ескерте кеткен жөн. Мысалы, тағдыр талқысына түсіп, қазір екі мемлекет болып отырған Корей елінде де аталған тақырып шығармашылық өнердегі ең маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Оларда ұлт идеологиялық принцип бойынша бөлінгендіктен, біртұтас ұлттың әдебиетінің де екіге жарылуына әкеліп соқтырды. Олардың әлі күнге шейін Оңтүстік және Солтүстік Корея  болып қайшылықта өмір сүріп жатқанын көзіқарақты  адамдардың барлығы да біледі. Оңтүстік Корея жазушыларының шығармаларында қоғамда бір-бірінен ажырап қалған отбасылар, туған жеріне жете алмай, өмір бойы өксіп өткен адамдар тағдыры (Чо Джон Ре «Адам тағдыры», Ли Чже Ха «Қаңғыбас жолда демалмайды») басты тақырып болып отыр деуге болады. Кезінде Солтүстік және Оңтүстік Кореяда айтуға тыйым салынған тақырыптардың біріне жазылған Чхве Ин Хунның «Майдан» («Площадъ») романында бір халық, бір ұлттың саяси күштердің әсерінен екіге жарылуы, екі түрлі сенім мен дәстүрді қабылдауы сөз болады. Бұл шығарма көркемдік жағынан деңгейі өте жоғары болмаса да, халық арасында ең көп оқылып, кең тараған шығарма болды. Себебі онда халықтың іштей толғанып, сыртқа шығарып айта алмай жүрген арманы, негізгі ой-өзегі сөз болған.
Осы кезге дейін басқа халықтар әдебиетінде шетелдегі сол тілде жазылған шығармалар әрдайым сыншылар мен зерттеушілер назарынан тыс қалмай, зерттеліп, сарапталып, өз бағасын алып жатады. Мысалы, орыс әдебиетінде эмигранттық әдебиет жыл сайын болмаса да, әр бесжылдықта бір рет тұтастай қарастырылып, олардың шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері, қол жеткізген табыстары жан-жақты зерделеніп отырады. Олардың арасынан шыққан татымды дүниелер атамекендеріндегі баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрады. Ол мейлі Америкада өмір сүрсін немесе Францияда тұрып жатса да, олардың орыс тілінде жазған шығармалары жалпы орыс әдебиетінің бір тармағы саналып,  оқырманға ұсынылып, насихатталып жатады. Қазіргі кезде дүниежүзіне тарыдай шашырап кеткен қазақтардың шығармашылық мұраларының да негізгі иесі Қазақ елі болуға тиіс. Сондықтан да оларды әр кезеңде қолдан келгенше мән бере тексеріп, жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда бағалап отыру біздің қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі.
Ал біздегі жағдай оларға қарағанда сәл де болса өзгешелеу. Бізде екі алып мемлекеттің ықпалымен біртұтас ұлт екіге бөлінгенімен, әлі күнге шейін олардың арасындағы көзқарастар, дәстүр мен салт айтарлықтай өзгешелікке ұшырай қойған жоқ. Сондықтан да Қытайдан көшіп келіп жатқан қандас ағайындар атамекенге тез сіңіп, араласып, өз орындарын тауып жатуы соның белгісі деп білеміз. Оның үстіне қанша жылдар бойы  басқа мемлекетте өмір сүрсе де, мемлекеттік идеологияның әсерінен гөрі олардың саналарында сақталған ұлттық қасиет, ұлттық дүниетаным әлдеқайда жоғары екені байқалады. Мысалы, Жақсылық Сәмитұлы, Зейнолла Сәнік сияқты жазушылардың шығармаларының астарынан ұлттың тұтастығы, халықтың бірлігі, қандастық, туыстық мәселесі менмұндалап тұрады. Әсіресе оның айқын көріністері З.Сәніктің «Демежан Кешубайұлы», «Қабанбай батыр» тарихи эсселері мен «Басбай», «Сергелдең»  романдарында ерекше байқалады. Қытайдағы қазақтар әдебиетінде сол жақта өткен әр алуан саяси оқиғалар мен көтерілістер, халықтың патшалық өкіметтің шектен шыққан  қатыгездігіне қарсылығы, оған көнгісі келмеген жекелеген адамдардың ерліктері көбірек көрініс береді. Олардың тағдыр тауқыметіне соқтырған қиыншылықтарын түсіну үшін ол жақтағы әр алуан оқиғалар себептерін толық білген дұрыс. Бірақ атамекендегі қазақ оқырмандарының арасында оны  толық байыптап, ақ-қарасын ажырата бермейтіндері де баршылық. Елге оралған қандастарымыз аз жылдың ішінде осы жақтың мәдениетін, жазу дәстүрін тез қабылдап, өздерінің таланты мен дарындарын ұштап, шығармашылық қарымдарын танытабастады. 
Біз сөз еткелі отырған Зейнолла Сәнік Қытай елінде публицистикалық көптеген мақала, екі роман, бірнеше әңгіме мен хикаяттар, танымдық-этнографиялық еңбектер жазып, аты шығып қалған қаламгер болатын.
Оның «Қабанбай батыр» тарихи эссесі алғаш рет кириллицаға түсіріліп, Қазақстандағы оқырмандарға тарады. Көпшілік оны жылы қабылдады. Себебі ол кітапта Қабанбай батыр туралы бізге белгісіз тың деректер, аңыздар мен жырлар топтастырылған еді. Ал бірақ ол шығарманы автордың өзі роман деп атағанымен, жанрлық жағынан көркем шығармаға жатқызу артықтау болар деп ойлаймыз.  Кейін «Сергелдең», «Басбай» романдары атамекенде қайта басылып шықты. Екеуі де тарихи тақырыпты көтерген, нақты деректерге негізделген шығармалар.
 Зейнолла жас күнінен әдебиетке, поэзияға жақын болды. Оның өскен ортасының өзі жыр мен аңыздарға, халық ауыз әдебиетіне бай, көшпелі қазақи орта еді. Оның таным-түсінігі, дүниетанымы сол ортада қалыптасты.
   Біз ұлттық танымымызды архаикалық мифтік әңгімелерден, тасқа қашалған ескерткіштерден, ислам дәуіріндегі туындылардан, жыраулар поэзиясынан да көре аламыз. Оның бәрі біздің қаламгерлер үшін рухани мұра, үйренетін үлгі. Сонымен қатар ХХ ғасырда қалыптасқан классикалық бай мұраларымыз да жас Зейнолланың зейінін шыңдап, айналадағы құбылыстарды образдық таныммен түсінуіне жол ашты. Ол өзінің естеліктері мен мақалаларында Алаш арыстары мен кеңестік дәуірде өмір сүрген қазақтың атақты ақындары мен жазушыларынан көптеген мысалдар келтіріп, сөздеріне дәйек етіп отырады. Зекең әдебиетке ақын ретінде келгенімен, артына қалдырған шығармашылық мұрасының басым бөлігі, негізінен, прозалық жанрдағы шығармалар. Зейнолланың романдары да, хикаяттары да, әңгімелері де баршылық және олар өзінің жанрлық сипатымен ғана емес, тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктерімен де өзге қаламгерлерден оқшауланып тұрады.  
 Жазушы, фольклоршы, этнограф Зейнолла Сәнік барлық саналы ғұмырын Қытай Халық Республикасында өткізген шығармашылық иесі. Бірақ оның шығармашылық жолы, негізінен, туған халқының ауыз әдебиетін жинаудан, қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүріне қатысты көптеген материалдарды топтастырып, зерттеуден басталған. Сонымен қатар қазақ тарихына байланысты ұлттық рухани мұраларымызды да арнайы жинастырып, жазып алып, Шыңжаңдағы қазақ тілінде шығатын баспасөз бетінде жариялап отырған. Жазушы сол арқылы өз халқының мәдени құндылықтарының ұмытылып кетпей, өскелең ұрпақ санасында сақталуын, ұлттық дүниетанымның дәстүрлі ерекшеліктерінің өз жалғасын тауып, айшықты бітім-болмысының қайта жаңғырып, болашаққа аман жетуін қалаған игі тілектен туған саналы әрекеттің жемісі екенін аңғарамыз.
 З.Сәнік қалам тартқан жанрдың бірі әңгіме жанры екенін айттық. Бірақ автор оны көркем әңгіме деп атап көрсетпеген. Жанрын «Шалқыма әңгіме – новеллалар» деп атаған. Негізінен, әңгімелерінің көбісі балаларға арналған, танымдық мәні жоғары дүниелер. 
Әрине, дәл қазір шетелдегі қазақ әдебиеті отандық әдебиетті басып озып, керемет биікке көтеріліп кетті дей алмаймыз. Олардың көркем тілді пайдалануда, шығарма сюжетін дамыту мен композициялық құрылымдағы тұтастықты сақтауда және образ сомдауда  атамекендегі жазушылардан өзіндік ерекшеліктерінің байқалып тұратыны да рас. Ол шығармашылық тұлғалардың әр елде, әртүрлі мектептерден өткеніне, жергілікті тілдік ерекшеліктерден арыла алмауына байланысты болса керек. Бірақ еліміз тәуелсіздігін алып, қандас бауырлармен етене араласа бастаған уақыттан бері көптеген шет жерлерде тұратын ақындар мен жазушылардың шығармаларындағы аталған өзгешеліктер бірте-бірте жойылып, бір ізге түсуге жақындап келе жатқаны байқалады. Мұның бір-бірін көп оқығандықтан, ортақ әдеби тілді меңгере бастағандықтарынан пайда болған өзгеріс екенін  бәріміз де сеземіз. Жақын болашақта қазақ тілінде жазатын ақындар мен жазушылар, мейлі ол қай елде өмір сүрсе де, жалпы қазақ қоғамына түсінікті әдеби норманы сақтап жазатынына шәк келтіре қою қиын. 
 Ал осы кезге шейін жарық көрген шетелдік қазақтардың шығармаларында тақырып жағынан сонылық, мұндағы қазақтар үшін таңсық танымдық материалдардың мол кездесетіні көңіл қуантады. Әсіресе Қытайда тұратын қандастарымыз жазған шығармаларда қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген деректер біздің әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, жалпы тарих пен өнертану, историяграфия үшін де аса құнды екенін мойындағанымыз абзал.
Біздіңше, Зейнолла Сәніктің жеке фольклортанумен немесе басқа ғылым саласымен нақты айналысуға мүмкіндігі де болмаған. Қаламгердің артында қалған көл-көсір рухани мұраны парақтай отырып, оның әсіресе соңғы он шақты жыл көлемінде ерекше шабытпен еңбектеніп, шығармашылық саласында барынша жемісті еңбек еткенінің куәсі боламыз. Қазақтың халық емшілігі және тарихы мен этнографиясына, фольклорына, әдебиет тарихы мен сынына, музыкатануға қатысты зерттеу еңбектері, расында да, автордың аталған сала бойынша көп ізденіп, орасан мол материалдар жинағанын аңғартады. Қазақ этнографиясы мен емшілік өнер турасындағы еңбегінде тек өзі естіп-білгендерін  жүйелі баяндау ғана емес, алуан түрлі салыстырулар, ғылымның соңғы жаңалықтарымен толықтыру жағы да айқын көрініс тапқан. Ал жеке тарихи тұлғаларға арналған Тұғырыл хан, Қабанбай батыр, Демежан, Сүлеймен би туралы кітаптарында аталған тарихи тұлғалардың елі үшін, халқы үшін жасаған ерен еңбектері, ақыл-парасаттары, батырлық қасиеттері әр қырынан суреттеліп, сол тұстағы тарихи оқиғалар жүйесінде жаңаша пайымдалады.
Автор шығармашылығының негізгі өзегі болып саналатын жазушының көркем туындылары, атап айтар болсақ, жиырмаға таяу көркем әңгімелері мен хикаяттары және «Басбай», «Сергелдең» романдары қаламгердің сөз өнері саласындағы эстетикалық талғамын, көркем шығармашылықтағы қалам қарымының қуатын танытатын сүбелі дүниелер. Ол шығармалардың барлығы да соңғы жылдары жазылған зерттеу еңбектерде тақырыптық жағынан жүйеленіп, көркемдік тұрғыда талданып, өзінің ғылыми бағасын алуда. 
Зейнолла Сәнік шығармашылығын тұтастай алып қарағанда оның қазақ руханиятына қосқан өзіндік үлесі бар қаламгер екенін байқадық. Ол аласапыран замандарда тасада қалған, жаңа ұрпақ санасынан өшуге айналған, халық арасында ілуде біреудің ғана жадында сақталған тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты талай мұраны жалықпай жинап, оларды ой елегінен өткізіп, талдап, түсіндірмелер жазып, қағаз бетіне түсіріп кетті. Бұл үлкен еңбек, құнды рухани дүние.
Ал оның шығармашылық жолдағы ізденістері, көркемдік таным мен көркем ойлау тарапындағы еңбегі әлі де болса өз зерттеушілерін күтуде.
Жолдасбек Мамбетов, 
Филология ғылымының кандидаты, доцент
 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?