Оралда полиция Азаттық тілшісі Мария Мельникованы тергеді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.03.2020239

25 наурызда Оралда полиция Азаттық тілшісі Мария Мельникованы тергеді. Журналистің сөзінше, екі сағатқа созылған тергеу кезінде полиция оған “жалған ақпарат тарату” қылмыстық ісінде куәгер екенін айтқан.

Мельникова Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеушісі Николай Вязников “тексеру шарасы үшін” ұялы телефонын алғанын айтады.

Тілшінің айтуынша, полицейлер оған бөлімшеге шақырту қағазын әкеліп, бірден тергеуге алып кеткен. Журналисті полицияға шақыртуға 24 наурызда Facebook парақшасына салған фото скриншоты себеп болған. Ол фотоны Instagram желісіне алған. Бұл фотода Оралдың орталық алаңындағы Абай ескерткіші “жоғалып кеткен”. Instagram желісінде сурет астында “Абай алаңындағы жөндеу жұмыстарының басталуы” деп жазылған.

Мельникова Facebook парақшасындағы жазбасына БҚО полиция департаменті баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков пікір қалдырған. Ол журналисті “халық алдында кешірім сұрап, жазбасын алып тастауға” шақырған. Белгібеков тілшіге осы жазбасы үшін жауапқа тартылуы да мүмкін екенін ескерткен. Кейін Мельникованы тергеуге алып кеткен.

Жергілікті “Уральская неделя” басылымы Белгібековке хабарласып журналисті тергеуі жайлы пікір алмақ болған. Белгібеков денсаулығына байланысты жұмыста жоғын, тергеу жайлы толық білмейтінін жеткізген. Бірақ Facebook жазбасы тергеуге түрткі болғанын айтқан. Облыстық полиция департаменті тарабынан басқа комментарий болған жоқ.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің “Жалған ақпарат тарату” бабында айыппұлдан бастап он жыл түрме жазасы қарастырылған.

Мария Мельникова – Азаттықтың БҚО тілшісі. Елде жоспарланған митингілер алдында полиция оны бірнеше рет тергеуге шақырған. Бейбіт митингілерден хабар таратуға барған кезінде полиция оны бірнеше рет ұстаған. Жылдың басында Қазақстан билігі Мельникова мен Азаттықтың астанадағы тілшісі Санат Орынәлиевке аккредитация бермеген.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?