Шетке шығып шырылдап қалды

Сайт Әкімшілігі - 26.03.20201291

Сыртқы істер министрлігі  Гүржістан, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапонияға саяхаттауға кеткен 5000 отандасымыздың  1000-ға жуығын соңғы күндері елге қайтарды. 1 сәуірге дейін Ресейден тағы да 500 туристі елге әкелмек.  Бірақ неге екені белгісіз, еліміздің сыртқы істер министрлігі мен білім және ғылым министрлігі шетелде оқып жатқан студенттеріміздің жағдайына мүлдем бас қатырмайды. Өткен аптада Испанияда оқып жүрген екі студентіміз әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Instagram желісіне бүркеншік атпен пост жазған бойжеткен өздерінің Сьюдад-Реал қаласына Әл-Фараби атындағы университеттен академиялық мобильділік бойынша білім алуға жіберілгенін айтады. Оқу маусым айында аяқталуы тиіс. Бірақ аяқастынан басталған пандемия көптеген қиындықтарға тап қылған. Еліміздің сыртқы істер министрі мен білім және ғылым министріне арнаған хатта: «Біз мұнда буллингке, нәсілшілдікке тап болдық. Бізге дүкендерде «Сендер азиатсыңдар! Коронавирус!» деп айқайлап, нан да сатпайды. Ересектер бізге жұмыртқа лақтырып, балалар бөксесін көрсетеді. Біздің психикамыз шыдай алар емес. Қазір біз далаға шықпақ түгіл, ұйықтауға қорқатын болдық. Коронавирус тарай бастағаннан біз өзіміздің координаторымызға Қазақстанға қайтаратындай болса, хабарласуын сұрағанбыз. Бірақ олар үнсіз жатыр. Испания үкіметі карантиннің әлі де екі айға созылатынын хабарлады. Пәтеріміздің қожайыны пәтерақыны алу үшін карантиннен шыға алмайтынын, айдың соңына дейін қала тұруымызды сұрайды. Ал қалада азиаттарды тіпті көргісі келмейді. Біз соңғы уақытқа дейін мәселені ушықтырмауға тырыстық. Бірақ өзіміздің өміріміз үшін қорқамыз», – деп жазған.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Испаниядағы студенттеріміз бен азаматтарымызға 2 наурызда кері қайтуға ұсыныс жасағанын, бірақ екі студенттің қалып қойғанын айтады. Әлеуметтік желі осылай дүрлігіп жатса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әкімшілігі екі студентке Мадрид–Мәскеу–Алматы бағыты бойынша ұшаққа билет сатып әперді. Сөйтіп, екі студент әлеуметтік желідегі әлгі посты алып тастап, аман-есен елге оралды. Күні кеше Instagram желісінде қолдау білдіріп, көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтып тағы бір пост жариялады. Айтуларынша, бірінші посты университет әкімшілігінің өтініші бойынша алып тастапты. Үйге аман-есен жеткесін екі студенттің билетіне жұмсаған университеттің шығынын өтегенін айтып, оны растайтын қағазды да жариялаған.

Осыған ұқсас жағдай Польшадағы қазақ студенттерінің де басынан өтті.  Айтуларынша, Шымкент қаласындағы ОҚМПУ-дың екінші курсында оқып жүрген жеті баланы ақпан айының басында халықаралық Global UGRAD бағдарламасы бойынша алты ай оқуға Польшаның Лодзь қаласына жіберген. Алғашқы екі-үш апта тәп-тәуір басталған. Айдың соңында қазақстандық студенттер тұратын жатақханада Түркиядан келген студент аяқастынан науқастанады. Сол-ақ екен, дүрлігу басталады. Оқу орны мен дәрігерлер бастапқыда коронавирустан күдіктеніпті. Бірақ анализ қорытындысы бойынша, түркиялық жігітке тұмау тиген. Содан бастап оқу бірден тоқтатылып, карантин жарияланады. Шетелдік студенттерді жатақханадан шығармайды. Онлайн оқыту жүйесі жоспарланбаған. Шымкенттік студенттер әу баста Польшаға өздерінің қаржысымен, «Белавиа» компаниясының ұшағымен Алматы–Минск–Варшава бағытымен келіпті. Мемлекеттің ай сайын төлейтін шәкіртақысы 25 мың теңге екен. Экономикалық рецессияның кесірінен поляк валютасы қымбаттап, теңгенің құны құлдырай түскен. Соның салдарынан  азық-түліктен әбден қысылған. Тіпті жеті студент бірте-бірте ашыға бастаған. Көрші жатақханаларда бұрыннан сонда оқитын қазақ студенттеріне барып ас ішейін десе, бұлар тұратын жатақхана есіктен шығармайды. Ана жатақхана да сырттан келетін адамдарды кіргізбейді. Елдегі туыстарымен немесе сыртқы істер министрлігімен хабарласайын десе, интернетке төлейтін қаржысы жоқ. Қатты қиналады. Қалааралық телефон арқылы үйтіп-бүйтіп жүріп Польшадағы Қазақстан елшілігіне телефон соғады. Бірақ ондағылар қаржылай немесе материалдық көмек көрсете алмайды. Бар ұсынғаны – 24 наурызда Қазақстаннан «Скат» әуекомпаниясының ұшағы келетінін, әр адам 152 мың теңгеге өз қалтасынан билет сатып алып, дайын отыруды міндеттейді. Бұл шығынға 140 шақырым жердегі Лодзь қаласынан Варшаваға келетін қаржыны да қосыңыз. Елшіліктің барлық әңгімесі осымен тәмам болады.

 Қалай екені белгісіз, әлгі жеті бала ата-анасымен хабарласып, билетті сатып алыпты. Бірақ студенттерімізді «Скаттың» ұшағы Шымкентке емес, Қарағанды қаласына апаратын көрінеді. Ал Қарағандыда шетелден келген жолаушыларды 14 күндік карантин тағы күтіп тұр.

Осындайда үкіметтің биылғы 2 ақпанда Қытайдың жабық тұрған Ухан қаласынан студенттер мен азаматтарымызды эвакуация жасаған ерлігі еске түседі. Естеріңізде болса, ол кезде 83 азаматымызды кері қайтарған еді. Оның 80-і студент болатын.  «Төтенше жағдайлар бойынша» заң талаптарына сәйкес, шетелде қауіпті аймақта қалған азаматтарды мемлекет өз қаржысы есебінен эвакуация жасауы тиіс. Қытайдағы студенттер бойынша заң талаптары толық орындалды. Ал Еуропада қауіпті кесел ортасында қалған студенттерге келгенде бұл заңның күші жүзеге аспай қалды. «Неге?» деген сұрақ туады. Бәлкім, Қытайда оқып жатқан студенттердің басым бөлігі мемлекеттік қызметтегі дөкей шенеуніктердің баласы болғасын шығар? Әзірше бұл сұрақтың басы ашық. Оған сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырза немесе білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  жауап береді деп ойлаймыз.  

 Соңғы жаңалық: коронавирус пандемиясының өрши түсуіне байланысты енді шетелге академиялық мобильділік бойынша білім алуға бару уақытша тоқтатылды. Сонымен қоса, шетелден студенттер мен оқытушыларды қабылдауға да шектеу қойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Тоқтар ЖАҚАШ




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным