Әйтенов түн жарымда шұғыл мәлімдеме жасады

Сайт Әкімшілігі - 26.03.202015383

Коронавирус індетін жұқтыру жағдайы тіркелгелі шымкенттік шенеуніктер тәспілерінен жаңылып қалған сияқты. Неге екенін қайдам, олар түн жарымда, жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде теледидар арқылы мәлімдеме жасайтын әдет тапты. Алғашқы науқас тіркелген 24 наурызда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылары түн ортасында брифинг өткізген еді. 25-інен 26-ына қараған түні сағат он екіден кейін қала әкімі Мұрат Әйткенов халыққа жергілікті «Оңтүстік» телеарнасы арқылы шұғыл мәлімдеме жасады.  
-Өкінішке қарай, қаламызда коронавирус індетін жұқтырған 2 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта олар Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланып, ем қабылдауда. Жағдайлары тұрақты. Бірінші науқас 18 наурыз күні сағат 17.30-да Нұр-Сұлтан қаласынан «Нұр-Сұлтан-Жетісай» бағытымен жүретін 51 адам мінген автобуспен  келген.  20 наурыз сағат 23:30-да 4 азамат Шымкент қаласы «Бекжан» автовокзалынан түсіп, үшеуі Түркістан қаласы бағытына жолға шыққан. Ал, біреуін әкесі өз көлігімен үйіне жеткізген. Қалған 47 азамат Жетісай бағытына сол автобуспен сапарын жалғастырған.  Ал, індетті жұқтырған азамат 23 наурызға дейін үйінде өз бетінше ем қабылдаған.  Ауруы асқынғаннан кейін жергілікті амбулаторияға жоғары дене қызуымен, бас ауруымен, жөтелмен шағымданған. Нәтижесінде осы азамат отбасымен  стационарлық бақылауға алынды. Бүгін аталған азаматтың анасынан тест анализі алынып, оң нәтиже көрсетті. Шұғыл түрде, науқастармен қарым-қатынаста болған 2 - медицина қызметкері отбасыларымен және 5 потенциалды қатынастағы азаматтар оқшауланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бүгінгі таңда, Нұр-Сұлтан-Шымкент қалалары мен Түркістан облысындағы аталған азаматпен байланыста болған барлық азаматтар оқшауландырылып, бірлескен шаралар ұйымдастырылуда,-деді әкім.  
Әйтеновтың айтуынша, қалаға кіретін азаматтардың денсаулығын тексеруден өткізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кіреберіс жол қақпаларға 12 санитарлық бекеттер қойылды. Базарларда, сауда орталықтарында, автобустарда, қоғамдық орындарда және басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерде дезинфекциялық жұмыстар күніне 2 рет жүргізілуде.
Барлық қоғамдық орындарға бетпердемен кіру міндеттелді. Бетпердемен қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірге күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперделер тігіліп, қала аумағындағы дәріханалар мен базарларға жеткізілуде. 
Сонымен қатар, антисептик өнімдерін шығаратын "Ордабасы" индустриалды аймағындағы  кәсіпорын күніне    4 тонна залалсыздандыру өнімдерін шығаруда.
Әкім бағаның толық бақылауға алынғанын, сондықтан алаңдауға негіз жоқтығын мәлім етті. 
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Шымкент қаласы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды