Әкімдік: Қарағанды облысының балабақшалары жұмысын тоқтатпайды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.03.2020220

Бүгін Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Балқаш қалаларының балабақшалары жұмысын жалғастыра беретіні хабарланды. 21 наурызда Қарағанды облысының әкімдігі аталған қалалардың балабақшалары коронавирусқа байланысты 26 наурыздан бастап жабылатынын жариялаған.

Қарағанды облысы білім басқармасының Азаттыққа айтуынша "облыс әкімдігі эпидемия таралымы мен әлеуметтік желідегі, call-орталық чатындағы хабарламаларды саралай келе, балабақшалар жұмыс істей беруіне болады деген шешім қабылдаған".

Ата-аналардың айтуынша, балабақшаға кірерде ересектер мен балаларды мекеме әкімшілігі бахила киюге міндеттеп, қолына бактерияға қарсы сұйықтық шашады. Соңғы күндері ата-аналар сәбилерін балабақшаға апаруды азайтқан. Әкімдіктің мәліметінше, өткен аптада сәбилердің 20 пайызы ғана келген.

Ресми мәліметке қарағанда, Қарағандыда екі адамнан коронавирус анықталған. Олар 18 наурызда Минск-Нұр-Cұлтан рейсімен ұшып келген. Екеуі де Қарағанды облысында тұрмайды. Билік "Нұр-Сұлтанда жолаушыларды карантинге алу қиындаған соң ұшақ Қарағанды әуежайына қондырылды" деп түсіндірген.

Бұған дейін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев "Теміртаудың екі тұрғынына коронавирус жұққан" деген ақпаратты жоққа шығарған.

Ресми дерек бойынша, Қарағанды облысында 375 адам карантинге алынған. Олар – коронавирус жұқтыру қаупі жоғары елдерден келгендер мен ауру жұқтырған болуы мүмкін азаматтармен байланысқандар. Одан бөлек 79 адам өз үйінде карантинге жабылған.

Коронавирус жұқтырғандар бүгін Қазақстанда 97 адам болды.


Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?