Ахметовке маскадан басқасының маңызы жоқ

Сайт Әкімшілігі - 26.03.2020932

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов күні кеше ғана Семейге шапқылап тағы келіп қайтты. Басқа өңір басшылары коронавирусқа қарсы қалай күресіп жатқанын қайдам, Ахметов әр сапарын әлеуметтік желіге бірден салып, тіпті, арасында өзі бейнежазба арқылы сөйлеп,  жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргенін байқатып-ақ жатыр. Дұрыс қой, «Әкім бол, халыққа жақын бол» деген бар. Бірақ ол үшін жұртты алаңдатқан індетпен күрестің жолы тек маска киюде ғана жатқан секілді.  

Осы бір айдың ішінде Семейге үшінші рет келген облыс әкімі алдында БАҚ өкілдеріне хабар бермей, екі рет «ұрын келген күйеудей» өндіріс орындарында болып қайтып еді. Бұл жолғы келісінде тапсырмаға сәйкес, қалалық әкімдік тек қана жергілікті телеарна тілшілері ғана баруы қажеттігін мәлімдеді. Себебі түсінікті: жағдайға байланысты орын шектеулі екен, жаппай қаптап, «сән-салтанатымен» жүруге болмайды. Солай делік.

Бірақ, ең қызығы Ахметовтің айналып келіп, алғашында жай ғана марліден тігіп жатқан қорғаныс құралын матадан тігуге қайтадан тапсырғанынан шығып отыр. Бұл туралы жергілікті «Semei» арнасы хабардар етті. Өткенде айтып өткеніміздей, осы шаруаға бел шеше кіріскен жұмыс орындарының бірі - «Семейспецнаб» ендігі бетпердені (облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес) матадан тігіп шығаруды бастады.

Жақсы, сапасына қарай онысы да құптарлық делік. Бірақ бұған дейін ар жағынан мұрын-аузың көрініп тұратын марліден тіккенше о бастан неге матадан тігуге тапсырыс берілмеген? Бұл өз алдына, Ахметов үшін айналып келгенде коронавирустан қорғану үшін масканы тіктіруден өзге мәселеге назар аударудың маңызы жоқ па? Қазіргі күнде о баста өзі айтқан 94 мың дана тегін маска (марліден тігілген) таратылып та үлгерді. Оның өзін бірнеше мәрте қолдануға болатынын айтып «айды аспанға шығарғаны» тағы бар.

 Айтпақшы, Семейге келіп кеткен өңір басшысының «Фейсбук» әлеуметтік желісінде берген ақпаратына көз жүгіртейік:

«Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, бұған дейін уәде еткенімдей, кешеден бастап, "Семейспецнаб" ЖШС қосқабатты әрі бірнеше мәрте қолдануға болатын маскаларды мақта-матадан тігуге кірісті. Бұл процесс менің жеке бақылауымда.
Айта кетейін, біз облыстың 470 000 тұрғынын бетпердемен тегін қамтамасыз ететіміз. Олар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, барлық топтағы мүгедектер, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен зейнеткерлер».  

    Иә, айтып айтпай не керек, Д. Ахметов облыс орталығы - Өскеменге бара сала осылай мәлімдепті. Шын мәнінде Даниал Кенжетайұлы қазақша анық сөйлей алады. Бірақ, аталған мәтіндегі «... біз облыстың 470 000 тұрғынын бетпердемен тегін қамтамасыз ететіміз»-ді «етеміз» дегені болар деп ұқтық.

Ал қазіргі күнде Өскемен мен Семей қалаларында оқып жатқан көптеген студенттер ауылдарына жеткен. Білуімізше, Шығыс өңірде 400-ге жуық ауыл әлі күнге дейін интернет желісіне қосылмағанлдықтан, тұйыққа тіреліп отыр. Одан бөлек қаладағы көп балалы отбасылардың дені мектеп жасындағы балаларының 6 сәуірден бастап сабақтарын онлайн түрде қалай оқытарын білмей, дал болып отыр. Өйткені, екінің бірінде ноутбук, компьютер жоқ. Ал, облыс әкімі Ахметов болса, соған бас ауыртып, жағдайды шешу жолдарын қалай қарастырып жатқанын айтқанынан гөрі, бір масканы екі рет тіктіріп, «ерінбеген екі отырады» дегенннің керін келтіріп, өз алдына мәз болып жүр.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным