Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі - 27.03.20205760

 Дана халқымызда «Отыншының  көзі  балтада, қайыршының көзі  қалтада»  деген сөз  бар. Мұны  неге айтып  отырмыз? Себеп  белгілі. Қазақтың  көзіне де,  өзіне де күйік  болған бір  нәрсе  бар. Қазақтың  ойы,  арманы – кешегі   қылышынан  қан  тамған  кеңестік кезеңді  дәріптейтін  атаулардан  құтылу. Байырғы  жер-су аттарын кері  қайтару.  Исі  қазақ  соған  мүдделі. Қысқасы, отарсыздану. Онда да сананың тәуелсіздігі. Қанша  жерден  біз  тәуелсіз елміз, тәуелсіздіктің барлық  атрибуттары бар  деп  кергігенмен, өзге  тілдің (орыс тілі) үстемдігі,  қадам басқан сайын  кездесетін  өзге  тілдегі  жер-су атаулары әлі де  еңсемізді  басып, санамызды сарсаң  етуде. Біз саяси  тәуелсіздікке  қол  жеткізгенмен,  рухты көтеретін  рухани   тәуелсіздікке иек арта алмадық.  Оған қол жеткізу үшін бізге детоталитаризация һәм деколонизация үдерістерін толықтай бастан  өткеру керек. Бәлкім, сол кезде әңгімеміздің  ауаны да өзгерер.

  Қазір әліпбиімізді  өзгертсек  деп талпыныс жасап жатырмыз. Дұрыс. Ресейдің  ықпалынан шығудың  бір  жолы – осы. Демек,  ендігі кезекте өзге де  мәселелерді  жүзеге асыруға  ұмтылыс керек.  Соның  бірі – жер-су аттарына  қазақы реңк  беру. Мәселен,  журналист Бейсенғазы  Ұлықбек: «Облыс» деген сөзді «аймақ» деп ауыстыратын мезгіл әлдеқашан жетті», – дегенді айтады. «Аймақ» деп өзгертсек, Қазақстанды қазақ халқының еншісіне толық алып бергендігіміз. Сондай-ақ кей облыстардың атауларын тарихи негізге, жер-суға қарап өзгерткен де жөн. Мысалы, Түркістан аймағы (Түркістан облысы), Сырдария аймағы (Қызылорда облысын Сырдария өзені жарып өтетін болғандықтан), Жетісу аймағы (Алматы облысы), Сарыарқа аймағы (Қарағанды облысы), Ақжайық аймағы (Батыс Қазақстан облысы), Көкшетау аймағы (Ақмола облысы), Алтын Алтай аймағы (Шығыс Қазақстан облысы), Атырау аймағы (Атырау облысы), Ертіс аймағы (Павлодар облысы), Қызылжар аймағы (Солтүстік Қазақстан облысы) деп көрсеткен дұрыс болар еді»  дейді.  Құптарлық  бастама. Кезінде қазіргі  Алматы  облысы Жетісу (1867-1917 жылдар), Қызылорда  облысы Сырдария (1867-1917 жылдар)  облысы  деп аталғаны белгілі.  Жетісу да, Сырдария да сол  өлкенің ерекшелігін  айшықтап  тұр  емес пе?! Демек, сол  атауларды қайтаратын кез келді деуге  болады.

  Рас,  бостан ел аталғалы  бері ежелгі жер-су атауларын қайтадан  қалпына келтіру  үшін  толағай  тірлік  жасалды. Оны  жоққа шығара алмаймыз. Алайда  бұл аздық етеді. Неге? Себеп  белгілі. Шығыс  және солтүстік  өңірлерге  аяқ  бассақ,  кезіндегі патшалық отарлау және кеңестік қызыл империя тұсында таңылған қазаққа жат атаулар әлі сыңсып тұр. Ондан  қашан  құтыламыз? Бұл  үлкен  мәселе. «Алаш баласы  үшін солтүстік аймақтағы екі қала – Петропавл мен Павлодар шаһарларының атын өзгерту, бір сөзбен айтқанда, қазақыландыру маңызды болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері көтеріліп келеді. Өкініштісі, әлі нүкте қойылмады. Бәлкім, Ресеймен екі ортадағы қатынасқа селкеу түсіп кетеді деген биліктің қорқасоқты тірлігі болар. Бірақ біз өз елімізде елді мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіріп жатсақ, өзге жұрттың бізде шаруасы қанша? Алдымен Петропавлға келетін болсақ, бұл қала бұрыннан қазақы ортада Қызылжар деп аталып келеді. Осы атауды ресми түрде белгілеу қиын тірлік емес. Тіпті бұл жердің ежелгі атауы да Қызылжар болған көрінеді. Ресей архивтерін ақтарсақ, бұл сөзіміз растала түсетіні хақ. Екінші мәселе, жақында павлодарлық ынталы топ Павлодар қаласының атын Сарыарқа деп өзгертейік деген бастама көтерді. Дұрыс. Талас жоқ. Сарыарқа деп аталатын аймаққа Павлодар облысының біраз жері кіретіні белгілі. Тіпті бұл қаланың орнында IX-XII ғасырларда түркі жұртының бір бұтағы – қимақтардың орталығы болып саналған Қимақ қаласы болған. Тіпті осы атауды қайта жаңғыртуға да болар еді. Сондай-ақ Павлодар облысы Құлынды даласының (кейде Құлынды жазығы деп жатады) аумағына кіреді. Неге Павлодарды Құлынды қаласы деп өзгертпеске?» – дейді  қоғам белсендісі  Азаматхан  Әміртай.

  Көкейге  қонатын  ой. «Осы  өңірде  отырған  жұрт  не  дейді, Ресей  қалай  қарайды?» деп  үрке  берудің  қажеті  шамалы. Жер-су,  елді мекендердің  байырғы атауларын қалпына келтіру тәуелсіз елдің  ішкі  ісі. Өзгенің қақысы  болмауы тиіс. Өкініштісі,  солай  десек  те, елордада  бір  үркектік, жалтақтық  бар. Италияның  кезіндегі  мемлекет қайраткері  Камилло Кавур: «Біз Италияны құрадық, енді италиялықтарды жасап шығарайықшы», – деген екен.  Сол айтпақшы, біз  тәуелсіз  Қазақ  мемлекетін  құрдық, енді санасы да,  рухы да  азат қазақты жасап, жері өзге  тілде аталатын атаулардан  ада Ұлы  даланы қалыпқа  келтіруіміз керек.


   Күлтегін БЕК   
 




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Кенжебай 29 Наурыз, 2020

Ассалауму алекум Култегин Бек. Махаланы окып шыгып оте жаксы ой, ниет енение колдау айткым келип отыр. Казак атамыздан калган тарихи атауларды кайта калпына келтирсек, келешек урпакка жасалынган улкен жумыс. Аймак деген создин ози биринши орында ауыстыру кажет. Ал жер су атаулары арине ежелги атаулары кайта жазылу керек. Тауелсиз ел болганымыз кайда. Орыс атаулары каншалыкты елимизге сай келмейтини баягыдан-ак, айга танба баскандай айкын. Корши озбек елин алсак, сонау 90-шы жылдар да-ак каншама озгеристер жасап, алиппесине шейин озгертирип алгаган. Биз енди ондай маселелерди котерип келемиз. Ештен кеш жаксы деген казак. Мынау бастама бастыктарга жетип, сана сезимдери оянып. Орыстык отаршылдыктан арылайык!!!

Жауап беру

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?