Қырық екі мың аламыз деп қырылып қалатын болдық (видео)

Сайт Әкімшілігі - 03.04.20203014

   Әлеуметтік желіде банк алдында топырлаған адамдардың видеосы тарап жатыр. Банктың аты банк, кезектің аты кезек қой,мұндай жағдай өмірде болып тұрады. Дегенмен, бұл бүгін, яғни төтенше жағдайдың күшейтілген карантин кезінде болған оқиға. Бұлай топырлай берсек карантиннен не пайда?

Сөйтсек бұл мемлекеттен беріледі деген 42 мың 500 теңгені алудың қамымен жүргендердің кезегі екен. Оқиға Талғар қаласында болған.Бұл видеоның авторының айтуынша, Талғардағы жағдай бүгін болған. «Каспи банктің» алдында кезекте тұрғандардың бір парасы банкомат картасын жасату үшін барса, келесілері міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына тиісті төлемді аударуға (негізінен кәсіпкерлер), үшіншісі кредит төлеуді кейінге шегеру үшін өтініш жазуға барғандар екен. Жоғарыдағылар «карантин» деп кеңселерін іштен құлыптап отырғанда, қара халық 42 мың теңге үшін бастарын қатерге тігіп, банк жағалап жүр. Оқиға орнынан тікелей эфирге шыққан талғарлық заңгермен тілдескенімізде, ол осы видео әлеуметтік желіге тарағанан кейін ғана жергілікті билік пен банк өкілдерін маза қашқанын айтып отыр. Сонда деймін-ау, әлем халқы «үйден шықпаңдар!» ұрандап жатқанда, қазақстандықтар 42 мың аламын деп қырылуы керек пе?!

21 мың теңгенің жыры енді ұмыт бола бастағанда, 42 екі мыңның теңгенің жыры басталғаны «қызық» болды-ау. Үйде онлайн жұмыс жасап отырғандықтан көрші-колаң, ауылдағы таныс-тамырлардың біразы бір аптадан бері қоңырау шалып, әбден мазамды алып бітті. Басында «еговқа кіресіз де, оп-оңай шаруаңызды бітере аласыз» – деп ақылгөйсіп едім. Сөйтсем, бұл мәселе «бақсам, бақа екеннің» нақ өзі екен.

Жаңалықтарды тыңдасаң бәрі керемет! Билік 42 мыңды алушылардың санатын көбейтіп, тиісті көмекті рәсімдеудің де жолдарын оңтайландырып, «қарып» жатыр. Алайда, халықтың басым бөлігі «42500 теңгені қалай аламыз?» деп бас қатырып отырғанда, төтенше жағдай да аяқталып қалады-ау. «Ақшасы құрсын, тезірек біткені дұрыс» дерсіз. Бірақ, алдағы екі аптада біраз үйдің қазанында қырып жейтін қаспақ та қалмайтын түрі бар. Оның үстіне қазір ауылдағы азық-түлік сататын дүкендерінің қожайындары бұрынғыдай тұрғындарға «зейнетақыға дейін» деп қарызға бермейді. Оларды да болады.

Сұраныс күрт өсті, көтерме сауда орындарында баға күн сайын қымбаттап жатыр. Қысқасы, «обородқа» ақша керек…

 

"Сиқырды кілт" немесе үйде жатып ақша алу оңай ма?

Сонымен, билік «ешкімді көмексіз қалдырмаймыз» деп 42 мың теңге берудің тәртібін қайта-қайта құбылтып жатқанда, мыны жақта қара халықтың «шарадай басы шақшадай» болуда. «Соқыр көргенінен жаңылмайды» демекші, басында бәрі ХҚКО қарай ағылды. Кейінен бір-бірінен сұрап «егов» дегеннің не екенін там-тұмдап түсінгендей болып еді, енді оған кіру үшін «сиқырлы кілт» (электронды цифрлық қолтаңба) керек екенін түсінді. Кеңседе компьютердің алдында отырып көрмеген қарапайым халықта ондай кілт қайдан болсын, тағы да бір-бірінен сұрап, чаттарды шулатып «сиқырлы кілтті» іздеп және бірнеше күндерін өткізді.

Қазіргі жағдай тіптен қызық. Үйде отырып 42 мың алу үшін әр үйде компьютер болуы керек. Анау-мынау емес, веб-камерасы болуы шарт! Қалалықтарға ондай дүние таңсық емес шығар, бізде ол қат. Екі-үш күнен бері тұрғындардың біразы: «ондай компьютер бір болса, әкімдікте бар» – деп әкімдікті торуылдап көрген. Бары бар-ау, бірақ жеке куәліктің чипінде жасырылған эл.кілтті оқитын «картрижд» (негізінде ЦОН қызметкерлерінде болады) әкімдікте қайдан болсын?! Флешкада сақталғандары табылмай, одан қалды ғаламтордың жұмысы жөнге келмей, бұл да «күрмеуге келмейтін» іс боп тұр. Ал, электрондың цифлы қолтаңбасы жоқ халыққа әзірге еш көмек көрсетудің реті келмей тұрғаны. (Өзім де осы «ЭЦП» дегенді ала алмай, үш күннен бері egov.kz-те кезекте тұрмын) Бұл аз десеңіз, соңғы кездері жылдамдығы жоғары вай-файдың да жайы болмай қалды. Қысқасы, 42 мың теңгені «диванда жатып аласың» деген әңгіме бекер сияқты.

Бір қуанарлығы, жоғарыдағылар бұл жағдайдан хабардар. Кеше ғана ҚР «Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау» министрі Біржан Нұрымбетов халықтың egov.kz кіре алмауына байланысты «42500 теңгені алу үшін ертең таң ертең арнайы сайтты іске қосамыз. Азаматтар сол жерде өтінішерін қалдырып, ЭЦП-сыз СМС арқылы тіркелулеріне болды дегенді айтып еді. Алайда, ертеңі де өтіп барады.

Халық әне-мінемен әлі қанша күнді өткізер екен? Бәрі құрсын, қашан «наконец-то, коронавирус деген жұт қонақтан құтылдық» деп отырар екенбіз..?

 

zanmedia.kz

                                                        

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?