Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі - 07.04.20206397

«Жас Алаштың» 19 наурыз күнгі санында «130 ұлт пен ұлыс Қазақтың бағы ма, соры ма?» атты мақала басылды. Мақала жақсы жазылған. Шындығында, елімізде қазақ ұлты ғана тұрады, басқалардың барлығы диаспора болып есептеледі.

Бұл сан 2009 жылы Қазақстан халықтар ассамблеясы атынан жазылған  Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы жобасында «130 ұлт тұрады» деген жалған дерек айтылды. Алайда бірлескен отырыста мемлекеттік комиссия мен қоғамдық ұйымдар және зиялы қауым бұл санды Доктринадан мүлдем алып тастаған. Өкінішке қарай, бұл мәліметті кейбір журналистер қайталай береді. Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің 2018 жылғы мәліметі бойынша елімізде қазақтардың саны – 68%, орыс этносының құрамы – 20%, украин – 1,6%, ұйғыр – 1,4%, татар – 1,1%, немістер мен түріктер – 1%. Қалған этностардың саны 1%-ға да жетпейді. Қазақ пен орыстар жалпы 88% құраса, сонда қалған 12% этнос қалай 128 ұлтты құрайды. Бұл жалған ақпарат. Совет дәуірінде «интернациональный коллектив, дружная семья» деп басқа ұлт өкілдерінің санын өтірік көбейтуді бүгінде тәуелсіздік жағдайында да билік жалғастырып келеді. Мемлекет құраушы қазақ халқын «көптің бірі – қолдың кірі» демей, енді өзімізді-өзіміз кемсітуді тоқтату керек.

Қазақ халқының орнына «Қазақстандық халық» деу идеясының тамыры әріде жатыр. 1994 жылы 15 шалақазақ космополит-кәсіпкерлер, банкирлер «қазақстандық ұлт» мәселесін көтерді. ҚР Президентінің атына кәсіпкерлер «Казахстанская правда» (22 желтоқсан, 1994 ж.)  газетінде былай деп жазды: «В связи с введением... новых паспортов исключить графу «национальность», так как мы, многонациональный народ Казахстана, являемся одним народом  и  нацией – казахстанцами».

 «Қазақстандық ұлт» идеясы бірте-бірте біздің сан ғасырлық ата-баба рухымен байланысымызды, тілімізді, рухани құндылықтарымызды жойып, жаңа космополиттік болашақ қалыптастыратыны ешкімге құпия емес. Тіпті КСРО-ның соңғы Президенті М.Горбачевтің өзі де космополиттік идеяның елді жақсылыққа бастамайтынын сезді. Сондықтан да ол былай деген-ді: «Нельзя было желать, чтобы русские забыли, что они русские, казахи забыли, что они казахи, а грузины забыли, что они грузины. Здесь был просчет коммунистического эксперимента» (М.Горбачев, Д.Икеда, «Моральные уроки ХХ века», Москва, 2000 г.)

2010 жылы Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы жобасында елімізде 130 ұлт пен ұлыс бар деді. Бұл мүлдем шындыққа сәйкес келмейді. Тәуелсіздік жариялағаннан кейін 2,5 миллионнан астам басқа ұлт өкілдері көшіп кетті. Ал үкімет Қазақстанда тұрып жатқан кет, чукча, ханты, манси, нанай бірді-екілі адамдарды бір-бір ұлт деп есептейді.

Біздің түсінбейтініміз, неге билік қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды? Бұрынғы Кеңес Одағының 14 республикасы, қазіргі 14 дербес мемлекет өз ұлтын сақтап, дамытып жатыр. Біз «қазақ ұлт болып, еңсеміз көтерілді ме?» деген шақта, ұлттығымызды жоғалтуға қарсымыз.  «Қазақ ұлты» деген ұғымды жоғалтқысы келген Үкімет бізден және шетелде жүрген 5 миллионнан астам қазақтан рұхсат сұрады ма? Жоқ. Әлемдегі 17 миллион қазақтың пікірімен санаспай отыр.

Ұлттық мемлекет құруда үлгі алатын елдер – Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Литва, Польша, Германия, Франция және жүзден астам мемлекет бар.  Мәселен, олар «өзбекстандық», «қырғызстандық», «литвандық», «польшалық», «германиялық», «франциялық ұлт» деп халықтың атын өзгертіп жатқан жоқ. Барлық өркениетті халықтар тарихи атты, заңдылықты, табиғи даму жолын өзгертпей сақтап отыр.         

Ал Америка Құрама Штаттарына келсек, оның мемлекет құруы, пайда болуы мүлдем бізге келмейді. Себебі, ол мемлекет ерекше колонизация арқылы пайда болды. Онда әр тараптан қашып келген келімсектер жергілікті халықты қырып, оның орнына Америка мемлекетін құрғаны  мәлім. Аллаға шүкір, қазақ халқы  атам заманнан осы топырақта жаратылып, пайда болған. Біз еш жақтан қаңғырып келген халық емеспіз, бүгінгі бостандыққа өзіміз қол жеткізген халықпыз.

«Қазақстандық ұлт» деген ұғымға келетін болсақ, жылдар бойы қалыптасқан достығымыз бар еліміздегі барлық ұлт өкілі де (орыс, украин, өзбек, татар, шешен, кәріс, ұйғыр, дүнген және т.б.) ұлтын жоғалтуды қолдамайды. Демек, қазақ ұлтымен бірге басқа да халықтар өз ұлтынан айырылуға  қарсы. Сондықтан жұртшылықты, қоғам пікірін тыңдамаған жағдайда ел тұрақтылығы, ұлтаралық келісімге нұқсан келуі мүмкін.

С. Қалдыбекұлы,

 профессор,

Нұр-Сұлтан қаласы

 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды