Тілімізді қашанғы қорлатамыз?

Сайт Әкімшілігі - 07.04.20201312

 «Жас Алаш» газетіндегі (№19, 17 наурыз 2020 ж.) Қайрат Матрековтің «Мемлекеттік тіл: тоқетері айтылды. Үкімет неге үнсіз?» атты мақаласына байланысты өз пікірімді білдіруді жөн көрдім.

 Өмір бойы аялап келген ана тіліміздің ел аман, жұрт тынышта қолдану аясының шектелуі, сөйтіп, болашағының бұлдыр болуы барша жұртты алаңдатып отыр. Тәуелсіздік алғанына 28 жыл болған  елімізде бір жаңа үрдістің нышаны, тілге деген үлкен бетбұрыстың  белгісі байқалатын уақыт болған жоқ па? Алайда тіл туралы мәселе оқта-текте көтерілгенімен,  бұл түйткілдің шешімі күні бүгінге дейін шешілген жоқ. Яғни  өз елінде өгей баланың күйін кешкен қазақ тілі мен  биліктің тілі болып төрде мейманасы тасыған орыс тіліне байланысты запыранға толы  әңгімені қайда барсаң да естисің. Қазақ тілін  қанша мемлекеттік тіл деп әлпештесек те, биліктің тіліне, ұлтаралық тілге айнала алмағаны, керісінше, орыс тілінің үстемдік құрғаны барша  жұртқа аян.

1991 жылдан бері  қазақтілді  орта екі есе өсіп, 37 пайыздан бүгінде  77 пайызға жетіпті. Ал 2025 жылы ел тұрғындарының 95 пайызы қазақ тілін меңгереді екен. Ендеше, мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет атқаруына не кедергі? Әрине, ең басты кедергі – биліктің өзі, орыстілді шенеуніктер мен депутаттардың еңжарлығы.

 Бүгінде 130 ұлттың дені орысша сөйлейді. Балалары орыс мектебіне барады және еліміздегі саясат, экономика,  бизнес орыс тілінде жүреді. Орыс тілі «ұлтаралық тіл» мәртебесінен жоғары тұр. Мемлекеттік тілдің өз  мәртебесіне ие бола алмауы «ұлттың өзін-өзі  қор сезіну» комплексін тудырады. Қазақ өзін-өзі  қор сезінбегенде қайтеді? Мемлекеттік тілде премьер-министр мен министр сөйлемесе, өзі талқылап,  бекіткен заңды парламенттің  өзі сыйламаса, ол қалайша дамиды, қалайша қағажу көрмейді?

Мемлекетіміздің  төрткіл дүниеде танымал әрі беделді болғанын мен де  қалаймын. Басшымыз әлемнің  мықтыларымен  кездесіп, қазақ тілінде сөйлеп жатса мен де  қуанамын, мұның өзі ұлттық рухтың көтерілуіне, патриоттық сезімнің оянуына, мемлекетшілдіктің қалыптасуына негіз болады. Алайда өз елімізде, Ақордада үстемдік етуге жарамай жатқан ана тіліміз әлемнің басқа елдерінде қалай салтанат құрмақ?

 Жуырда мемлекет  басшысы баспасөзге берген сұхбатында: «Келешекте шын мәнінде ұлтаралық қатынас тіліне айналуы  тиіс қазақ тілін жылдам дамытуымыз қажет», – деді. Алайда селт еткен ешкім жоқ. Біздің шенділер сол баяғы самарқау қалпында  түк болмағандай, басқа елдің мемлекеттік тілінде  шүлдірлеуін жалғастыруда. Тілдің зарын зарлағалы  қанша уақыт өтсе де, міз бақпай отыр. Бұл халық басына төніп тұрған қасірет екенін  сезсе де сезгісі келмейтін, көрсе де көргісі келмейтін биліктің санасын қалай қозғалтарыңды білмейсің. Орыстілді билік біздің ана тілімізді қалай реформалайды?

 Билік «қазақ  тілін, елдің мемлекеттік тілін реформалау емес,  қолдану керек, ең алдымен мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолдану керек» деп неге айтпайды? Тіпті билік пен халық  арасында «дәліздік» рөл атқарып,  жұрттың өтініш-талабын (мәселен, тіл мәселесі) билікке жеткізіп, сол түйткілдердің шешілуіне ықпал ететін Ұлттық кеңестің жұмыс тілі қазақ емес, орыс тілі болса не істейсің, кімге мұңынды шаққандайсың? Мемлекет және қоғам  қайраткері, артына өшпес із қалдырған, қазақтың аяулы ұлдарының бірі  Алтынбек Сәрсенбайұлы кезінде былай деген еді: «Қазақ тілін дамыту үшін ең қажеттісі – әділетті қоғам құру. Билік саясатын таза, әділ, айқын жолмен жасай бастаған кезде қазақ  тілі халқымыздың арман-тілегі ретінде үлкен мақсатқа айналады да, әрі қарай еркін дами бастайды».

Тіл  мәселесі түбегейлі шешілмей, еліміздің көсегесі көгермейді. Қайрат Матреков: «Мемлекеттік тіл: тоқетері айтылды. Үкімет неге үнсіз?» атты мақаласында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын ана  тіліміз – қазақ тілі көш соңында қалып қоймауы үшін бізге оны жеделдетіп дамытып, еліміздегі ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін ортақ тілге айналдыруымыз қажет. Сондықтан батыл қимылдайтын кез туды. Атап айтқанда, Конституциямыздағы 7-баптың күшін жойып, Қазақстанды өзінің Отаны ретінде қабылдайтын барлық азаматтардың мемлекеттік тілді білуін талап етуіміз қажет», – дейді.

Бұл жаны бар пікір. Тәуелсіздік алғаннан күні бүгінге дейін жүргізіп келген өзге ұлттарды әлпештеп, өз   ұлтымызды төмендетіп келген жалтақ саясатты жүргізе беретін болсақ, түбі оңбаймыз. Сондықтан «біз көпұлтты мемлекетпіз» деген әңгімені тоқтату керек. «Қазақстанда бір ғана ұлт бар, ол – қазақ» дегенге басымдық берген жөн. Кемсітуге  жол бермей, қазақ тілінің мәртебесін көтеру қажет. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі.  Олай болса, бұл тіл осы мемлекеттің ең негізгі қолданыс құралына айналуы тиіс. Мұны шынайы халықшылдардың, ел патриоттарының, қазақ халқының тілегі деп  қабылдағаны жөн. «Балық басынан шірімеуі» үшін билік басындағылардың барлық әрекетін қалт жібермей, бақылап отырған қалың жұртшылық бар.  Тіл мәселесін сөз жүзінде қолданған болып, іс жүзінде жүрдім-бардым қарайтын бүгінгі биліктің көзбояушылық күйкі тірлігі – елді емес, ең алдымен өзін-өзі алдағаны. Жоғарыдағылар атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан ана тілімізге деген қасаң пиғылдан арыла алмаса, болашақ ұрпақ кешірмейді. «Тілге құрмет – елге құрмет» деген нақыл сөздің мәнін бүгінгі биліктің түсінетін кезі келді.

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ

Сарысу ауданы

Жамбыл облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)