Әлеумет әлеуметтік көмекті әлі сезінбей жүр

Сайт Әкімшілігі - 07.04.2020898

  

Елімізде карантин жарияланғалы үш апта өтті. Осы үш аптада індетпен күресу үшін қандай жұмыстар жүзеге асты? Жұмыссыз қалған отбасыларды әлеуметтік қолдау қандай деңгейде? Кәсіпкерлер мен түрлі қоғамдық ұйымдар бөлген 41 млн доллар қайда, қалай жұмсалып жатыр? #bizbirgemiz хэштегімен қайырымдылық жасаушылар өзегі талған елдің қарнын тойдыра ала ма? Үкімет уәде еткен 42500 теңге кімдерге беріледі?  

Бұл сауалдарға жауап берместен бұрын, елдің қазіргі карантиндегі жағдайына бір шолу жасап өтсек. Үлкен қала базарында бір күндік нәпақамен күн көріп отырған отбасылар өткен аптада азық қорының таусылғанын айтып, дабыл қақты. Әлеуметтік желілерде «Ашпыз. Көмек керек» деген жазу ұстаған әйелдердің видеоүндеулері қаптады. Қарасай ауданында Қаскелең қаласы әкімдігінің алдына бір топ әйел жиналып, көмек көрсетуді талап етті. Аты-жөнін атауды қаламаған бір кәсіпкер төрт күн бойына 50 отбасыдан 200-ден астам анаға көмек қолын созды. Әр отбасыға 21250 теңгеден ақша аударды. Бұл үкіметтің уәде еткен 42500 теңгесінің тең жартысы еді. Ал үкімет не істеді? Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «ешкім де ескерусіз қалмайды. Бәріне көмек көрсетіледі», деді. Бірақ дәл мұндай жағдайға үкімет дайын емес болып шықты. Электрондық үкімет порталы лап берген өтініштер тасқынына төтеп бере алмай, істен шықты. Жаңадан ашылған enbek. kz сайты да өтініштерді дер кезінде өңдеп шыға алмай жатыр. Ал жоғарыдағы ресурстардың жүктемесін азайту үшін жасалып жатқан telegramm-bot төрт күннен бері әлі іске қосылған жоқ. Мемлекеттің уәде еткен 42500 теңгесін алуға шұбырған жұрт карантинге қарамастан, ауыл-ауылда Қазпоштаның алдында есеп-шот ашу үшін қаптап кетті. Яғни, үкімет бұл жұмысты төтенше жағдай талаптарына сай ұйымдастыра алмады. Үкіметтің жұмысы осындай болды. Ал «Нұр-Отан» партиясы ұйымдастырған #bizbirgemiz қоры не істеді? Білуімізше бұл қордың қоржынында кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың жинаған 41 млн доллар қаржысы бар. Оны теңгеге шаққанда, шамамен, 19-20 миллиард теңгеге жуық.

Телеарналардан оқта-текте шағын қорап көтеріп, көпбалалы отбасыларға тасып жүрген волонтерлар көзге түсіп қояды. Бірақ ол қораптың ішінде қанша күндік азық салынғалы жайлы нақты мәлімет жоқ. Нұр-сұлтан қаласы әкімдігі #bizbirgemiz қорымен бірлесе отырып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5 мың отбасыны азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді мойнына алыпты. Ал Алматы қаласы әкімдігі болса, #bizbirgemiz қорымен бірлесе отырып, зейнеткер, 1-2 топтағы мүгедек, көпбалалы отбасы, барлығы 18 мың шаңырақты азық-түлікпен қуантпақ. Бір қорапта 22 келі азық бар екен. Осы екі қаладан басқа #bizbirgemiz қорының шапағатын көріп жатқандар мүлдем байқалмайды. Шымкент, Атырау, Өскемен сынды қалаларда да бірдеңе ұйымдастырылып жатқан шығар. Бірақ Алматының дәл түбінде тұрып жатқан көпбалалы отбасылар #bizbirgemiz қорының қамқорлығын сезінген жоқ. Қордың төрағасы Руслан Сәкеев әлде, алыс жерлердегі халықтың жағдайынан бейхабар ма? Жалпы, Руслан Сәкеев деген азамат кім? Бұрын қайда жұмыс істеген? Қордың қаржысын сеніп тапсыратындай, қандай еңбегі бар деген сұрақққа да жауап іздеп көрелік. Қоғам белсендісі Тоғжан Қожалиева наурыз айының соңғы күндері сұмдық бір пост жариялады. Ватсаптағы жазбаны скриндеп, сөзіне дәлел ретінде ұсыныпты. Ал ол скринде Руслан Сәкеевтің Нұр-сұлтан қаласындағы брендтік киімдер сататын Zilli дүкеніне 15 млн 500 мың теңге қарыз екенін, борышкердің телефон қоңырауларына жауап бермей ижүргенін, енді амалсыздан құзырлы органдарға арыз жазатынын айтқан ескерту хаты жарияланған. Руслан Сәкеев сол күні-ақ өз парақшасында бұл ақпаратты мүлдем жоққа шығарды. «Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны жайлы ресми мәлімдеймін. Бұл көпе-көрнеу өтірік, бұл дүкеннің алдында ешқандай қарызым жоқ. Мен бірден дүкенге хабарласып, жалған ақпаратты жоққа шығаруды өтіндім. Мұндай хабар менің іскерлік беделіме нұқсан келтіреді. Өз кезегімде маған қатысты жала жауып, осындай ақпарат авторларын жауапқа тарту жөнінде заң органдарына арызданатынымды мәлімдеймін», - деген. Екі күннен соң, әлеуметтік желі қолданушысы Ербол Еділов әлеуметтік желідегі парақшасында осы мәселеге қатысты мынандай жазба қалдырды. «2019 жылдың 3 желтоқсанында маған кәсіпкер Махамбет Әбдібеков хабарласты. Сөйтіп, Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, қазіргі birgemiz қорының төрағасы Руслан Сәкеевтің Нұрсұлтан қаласындағы Zilli дүкенінде 2018 жылдан бері 15 млн теңге қарыз қалғанын, сол туралы пост жазуымды өтінді. Махамбеттің айтуынша, Руслан өзінің көмекшілері арқылы жеңілдік кезінде заттар сатып алыпты. Кейін ол қоңыраулар мен смс хабарларға жауап бермей қойған. Енді ол президенттің атына және прокуратураға арыз жазатындықтарын айтты. Руслан Сәкеевті әкімдіктен танитын болғандықтан, телефон соғып, жағдайды түсіндірдім. Ол маған телефонда мәселені шешемін деді. Бір аптадан соң, Махамбет Әбдібековты Нұр-сұлтан қаласындағы кафенің бірінде кездейсоқ жолықтырып қалдым. Сол кезде ол маған Руслан Сәкеевтің қарыздың бір бөлігін жапқанын айтты. Жоғарыдағы адамдарға менің ешқандай талабым жоқ. Бірақ заң шеңберінде құзырлы органдар бұл мәселеге нүкте қоюы керек». Жазбаның астына пікір білдірген оқырманның көпшілігі қор төрағасы Рус - лан Сәкеевті жерден алып, жерге салыпты. Қоғам белсендісі Серікжан Есенғосұлы «Егер, шенеунік Zilli дүкенінен киінсе, оны мемлекеттік қызметтен қуып шығу керек. Бұл ешқандай моральдық шектеудің жоқтығын білдіреді. Zilli орташа деңгейдегі мемлекет қызметкерінің емес, байлар мен жаңадан байыған адамдардың бренді» деп жазыпты. Қалай десек те, елімізде коронавирус індеті өршіп тұрғанда #bizbirgemiz қоры төрағасының мынандай дауы қоғамда жақсы пікір тудырмай тұр. Өйткені, халыққа қамқор болуы тиіс адамның өткен-кеткен өмірбаяны бұлақтай мөлдір, ақ парақтай таза болуы тиіс. Біз осы мәселе бойынша Руслан Сәкеевтің пікірін де тыңдап көрмек болдық. Бірақ әлеуметтік желідегі хатымызға жауап бермеді. Ал өз басын алып жүре алмаған төраға қордың жұмысын жандандырып кете ала ма? Күмәнді сұрақ. Өйткені, қазірдің өзінде #bizbirgemiz қоры брендтік дорбалар жасап, артық шығындарға жол бере бастады. Мұндай бір дорбаны Алматыда 500-700 теңгеден дайындайды. Ал мыңдаған адамға арналған дорбалар біреудің баспаханасы үшін ұшан-теңіз пайда көзіне айналмақ. Бірақ «кімнің баспаханасы?» деген сұрақтың басы ашық тұр. Мұншама шығынға тағы қанша адамның қарнын тойдыруға болар еді?! Сұрақ көп. Жауап жоқ. Шенеуніктердің көңілжықпас уәдесі көмек күтіп, ерсілі-қарсылы сабылған жұртты жұбата алмай отыр. Ал бұл күндердің тағы уақытқа созылатыны тағы белгісіз.

Тоқтар ЖАҚАШ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?