Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі - 09.04.20203183

                                

    Мен Ақеркені 4-5 жасынан бері білемін. Ағасымен жасы да шамалас еді.  Анасы Олимпианың қолынан ұстап, қыдырып жүретіндері әлі күнге көз алдымда.  Алматы әуежайына қонуға бет алған ұшақты алыстан көзі шалып қалса, екеуі де көк аспанға телміре қалатын. Әсіресе анасы қызының «самолет, самолет» деп айқайлағанына таңғалатын. Осы құштарлық есейе келе бойжеткеннің ұшқыш болуына түрткі болғандай. Алайда Ақерке өмірін түбегейлі осы салаға арнайтынын сезбепті.

– Анама ризамын. Мені кезінде ДОСААФ деп аталатын мекеменің аэроклубына оқуға берді. Бір жыл теорияны меңгердім. Содан кейін практикада қалай ұшақ басқаратынымыз қызық болды. Тәжірибеден  Алматы маңындағы Байсерке аэродромында өттік. Алғаш инструктормен штурвалға отырғанымда қатты қорыққанымды жасырмаймын. ЯК-52 ұшағы мен үшін жайсыз секілді көрінді. Кейін ұшқанда етім үйреніп,  қорықпайтын болдым.

 Сабағы мен үйірмесін қатар алып жүрген ол шын мәнінде арманын аспаннан іздеуге бел буды. Мектепті бітірген соң Азаматтық авиация академиясы жанындағы ұшқыштар даярлайтын колледжге түсті. Міне, содан бері де 15 жылдай уақыт артта қалды. Қазір Ақерке Шопатаева Ми-8 тікұшағын жүргізетін еліміздегі бірден-бір ұшқыш.

– Иә, алғашқыда бәрі түс секілді болды. Командиріміз күнделікті оқып,  көрсетіп жүрген тетіктердің барлығы тікұшаққа отырғанда өзгеше көрінді. Қорқыныш болды. Жердегі көлік емес, әйтеуір, бірдеңе етіп тоқтататын. Аспанға көтерілген соң, өзіңмен бірге, өзгелердің де амандығы қымбат.  Алғаш рет тікұшақты басқаруым сәтті болды. Біртіндеп қорқыныш та сейілді. Қазір кәдімгі автокөлікке мінген секілді болып қалдық, – дейді Ақерке.

  Мұның барлығы айтуға ғана оңай. Бірде асау үйреткен жігіттерді көргенмін. Жылқы иесі «Ал, кім мықты? Мініңдер!» деді. «Мен» деп айқай салған адам көрмедік. Жігіттердің барлығы үнсіз. Тек жасы қырыққа таяған жігіт  қана «қаны қызу жігіттер табылмаса, асауға мен мінейін» деді күлімсіреп. Шын мәнінде күлкісінің ар жағында қорқыныш тұрғандай көрінді маған. Жылқыға мінген қария асаудың мойнына ілінген арқанды тарта-тарта өзіне жақындатты. Сол кезде артында отырған әлгі жігіт асаудың үстіне қарғып мінді. Одан кейінгі қызықты сұрамаңыз. Сонда деймін-ау, жігіттердің қатты қобалжығанын алғаш рет көрдім. Ал олардың жанында Ақеркенің мінген арғымағы тіпті шу асаудың өзі емес пе?

 Ақерке Шопатаева ішкі істер министрлігіне қарасты «Казавиаспас» мекемесінде Ми-8 тікұшағының «қожайыны». «Қожайыны» деп отырғанымыз, әуе кемесі  Ақерке болмаса, «әуеге де көтерілмейтіндей» көрінеді. Төтенше жағдайда адамдарды құтқару, өрт сөндіру, тағы басқа төтенше оқиғаларға атсалысатын мамандарды тасымалдап, әуеден барлау жұмыстарынан да қалмайтын  ұшқыш бүгінге дейін  500  сағат ұшқан. Іштей «500 сағат деген не тәйірі?» деуіңіз де мүмкін-ау. «Жол азабын жүрген білер» демекші, аспандағы әр сағаттың қадірін ұшқан кісі сезеді.

– Кейде әлдебір шаруамен жолға шыққанда «әне-міне дегенше барып келеміз» деп ойлайсың. Ал жеме-жемге келгенде жол өнбейтін, уақыт өтпей қоятын мезеттер болады. Одан қала берсе, ауа райына байланысты бағыттар да өзгеріп кетуі мүмкін. Оның барлығын ұшақта отырып картаға түсіреміз. Әуеде, ең бастысы, сақтық керек.Титтей тетікті басқанда да қателеспеуге тиіссің. Үнемі жайбарақат отыру да мүмкін емес. Алдыңдағы қаптаған экрандардан, көрсеткіштерден көз алмауың қажет. Жердің қадірін көкте жүргенде анық сезінесің.  Тиісті жерге қонғанда ғана арқаңнан ауыр жүк түскендей болады, – деген ұшқыш таңдаған мамандығына өкініп көрмеген.

Жолдасы Азамат та осы салада қызмет істейді. Үйдегі үш баласы ата-анасының формамен түскен суреттеріне қатты қызыққанымен, олардың көлігіне отырып көрген емес. «Тікұшақты басқару ұшаққа қарағанда қиын. Барлығы механикалық түрде басқарылады. Мәселен, Ми-8 модификацияланған», – дейді Ақерке.

  Аэроклубта нұсқаушы болған,  әйгілі «Нормандия-Неман» авиаполкінде бомбалаушы ұшақтың ұшқышы болған, Ұлы Отан соғысының   ардагері Василий Жовтыйды жиі еске алады. «Ол кісі біз үшін  аспандағы әулие еді. Қатал, жауапкершілігі мол, талапшыл ардагер біздің әрқайсымызға «Мықты ұшқыш болуларың керек. Білімсіз, жауапкершілігі жоқ адам ұшақтан аулақ жүрсін» деп үйрететін» дейді. Сөйткен Ақерке ұстаздарының да, ата-анасының да үмітін ақтады.

 Авиациялық колледжде жігіттердің арасында жалғыз қыз болды. Ұстаздары оны  диспетчер болуға үгіттесе де көнбеді. Тіпті оқу бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүріп те қалды. Өйткені барлығы тәжірибелі маман іздейтін. Бірде «Казавиаспас» мекемесінен күтпеген жерден шақырту алды. Осылай басталған өмір жолы оңай болған жоқ. Ол бірде Алматы облысындағы қара жолда болған көлік апатынан жарақат алғандарды құтқаруға барады. Бірнеше көлік металға айналып шыға келген. Адамдарды салып ауруханаға бет алғанда өліп қалған анасын іздеп жылаған баланың даусы әлі күнге құлағында тұрады.

  Тағы бірде Іле Алатауындағы қар көшкінінен бірнеша адам зардап шегеді.

Оларды құтқаруға «Казавиаспас» тікұшағы жолға шығады.  Алайда әуе көлігін қондыратын жер жоқ еді. Соған қарамастан, тікұшақтың бір дөңгелегін жартасқа тіреп тұрып, жедел іздестіру отрядының көмегімен адамдарды әуе көлігіне мінгізеді. Сондағы командирдің шеберлігі Ақеркенің мықты маман болуға деген сенімін күшейтті.


  Ақерке Шопатаеваның әр күні қауырт шаруаға толы. Тікұшақтар туралы дерек жинап, тәжірибесін толықтыру жолында үнемі ізденіп  жүреді.  Әзірге ол еліміздің қауіпсіздігі үшін осы сала жаңа ұшақтармен толықса деп армандайды.

 Жолдасбек ДУАНАБАЙ




















Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?