Көкшетауда жылқының терілері далада шашылып жатыр

Дерек көзі: www.azattyq.org - 26.01.2019388

Көкшетау тұрғындары жылқының терісін лақтыруға мәжбүр. Өйткені, қылқұйрықты жануар  терісінің бағасы  соңғы жылдары күрт төмендеп, тіпті қажетсіз болып қалған. Кәсіпкерлер бұны тері өңдейтін көрші мемлекеттегі сұраныстың азаюымен түсіндіреді. Көкшетаулық тұрғын Ержан  ӘУБӘКІРОВ жылқы өсірумен айналысады. Соғым науқанында мал сойып, етін сатуға шығарады. Терісін қаладағы қабылдау орындарына апаратын. Алайда, соңғы жылдары бағаның тым төмендеп кетуіне байланысты тері қажеттілігі жоғалды дейді.  – Ауылда тері алатын ешкім болмағасын далаға лақтырудан басқа амал жоқ. Қалада алатын жерлер бар.Әрі кетсе оптом 400-500 теңгеге алады. Ондай көп мөлшерде тері жоқ. Дүкендерде былғары қымбат. 40-50 мың  теңге тұрады. Ал,біз тегін жатқан теріні далаға лақытып пайдаға асырмаймыз,– дейді Ержан  Әубәкіров. Осыдан екі жыл бұрын жылқы терісінің бағасы 12 мыңға дейін барған. Қазір Көкшетау қаласы бойынша бір терінің бағасы небәрі 300 теңгенің шамасында.Солтүстіктегі өзге  аймақтарда да осындай жағдай.   – 300 теңгеге не аласың? Әрі кетсе үш бөлке нан аласың? 300 теңге деген сұмдық. Экологиялық хал-ахуалы нашар киім кигенше, өзіміздің былғарыдан тігілген киімдер киіп жүрсек қандай тамаша! Бізде неге тері өндейтін зауыттар ашылмайды екен. Мал бар емес пе, – дейді Көкшетау  қаласының тұрғыны Ербай ДҮНГЕНОВ. Көкшетауда жалпы  тері қабылдайтын төрт кәсіпорын бар. Олардың барлығы терілерді Қытайға жібереді. Кәсіпкер Аллаберген АЗАТХАННЫҢ айтуынша, тері бағасының күрт төмендеуі, қытайдағы сұраныстың азаюына байланысты. – Қабылданған терілердің көбі тесік, тілік болып келеді. Оны қыстыгүні қатып жататындықтан дұрыс қарай алмаймыз. Қытайға апарған терілерміздің 30 пайызы жарамсыз болып, шығынға айналады. Одан кейін жол шығыны да бар,– дейді Аллаберген Азатхан. Кәсіпкердің айтуынша, киім-кешекке деген сапаның артуына байланысты Қытайда жылқы терісін қабылдау біршама азайған. Сондықтан, теріден пайда болмағасын кәсіпкер тек жалы мен құйрығын  өткізіп жатыр. Ал, қалған қоймадағы тау болып үйілген 8 мыңдай теріні лақтыруға мәжбүрміз деп отыр. Ал,өңірде теріні пайдаға асырып жатқан өнеркәсіп өкінішке қарай болмай тұр. Фотолар автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?