Министр халықтан кешірім сұрады

Сайт Әкімшілігі - 13.04.20201492

Төтенше жағдайда халыққа берілуі тиіс 42 500 теңгенің не үшін халыққа кешігіп беріліп жатқаны түсіндірілді. Бұл қолайсыздыққа байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов алдымен халықтан кешірім сұрады.

«Сіздерден министр ретінде кешірім сұраймын. Біз үлгермедік. Оның себебі бар. Біріншіден, біз (өтінішті қарау үшін - автор) 3 күнді белгіледік. Бізге көбірек уақыт керек еді. Өзіміз де тарықтық. 42 500 теңге бюджеттен емес, мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді. Қор ақшаны беріп, жәрдемақыны тағайындайды. Бұл - бөлек мекеме", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің  айтуынша, жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы береді.

«Бүкіл төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы жүргізеді. Бұл - бұрынғы зейнетақы төлеу орталығы. Ал өтінішті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдап, тексереді. Осы үш мекеме тиісті жұмысты жүргізіп жатыр. Басқаша болмайды. Оны түсініп алуларыңыз қажет», - деді Біржан Нұрымбетов.

Осы орайда министр өтініштерді тексеру біраз уақытты алатынын атап өтті.

«3 миллион 700 мың адам жәрдемақы алуға өтініш берді. Бірақ өтініштердің саны 5 миллионға жақындап қалды. Тексеріс барысында біраз азамат жеке сәйкестендіру нөмірін немесе ЖСН номерін дұрыс көрсетпей жатыр. Ол нөмірді дұрыс көрсетпесе, «ондай адам жоқ» деген сөз. Сондықтан біз мұндай қате нөмір бергендердің өтінішін кері қайтаруға мәжбүрміз. Оны тексеріп алуымыз керек. Мұндай өтінішті 60 мыңдай адам берді», - деді ол.

 Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов кейбір азаматтар есепшоттарды дұрыс көрсетпей жатқанын да жеткізді.

Жалпы, "Жас Алаш" бұған дейін осы мәселеге қатысты ой қозғаған болатын. 42 500 теңгеге байланысты электронды үкімет порталының дұрыс жұмыс істемей тұрғаны, министрлік іске қосқан қосымша сайттың да жұмысы сын көтермей тұрғаны әлі айтылуда.

Қоғамда тіпті "42 500 теңге аламыз" деп қарапайым халық карантинге қарамай көшеге шығып, арты ұрыс-таласқа дейін апарған жайттар орын алды. 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?