Covid-19: Алматылық дәрігерлер «Жас Алашқа» шағымданды

Сайт Әкімшілігі - 13.04.20201480


Осыған дейін Алматы қаласының  №12 орталық клиникалық ауруханасында жұмыс істейтін 12 адамнан коронавирус табылған еді.  Бүгін «Жас Алаштың» сайтына  хабарласып мән-жайды айтқан дәрігерлер аты-жөндерін атап көрсетпеуді өтініп, қазіргі жағдайларына шағымданды. Айтуларынша, ауырғаны да, ауырмағаны да бар, барлық дәрігерді "Көктем" санаторийіне апарып тастаған. Ол жерде вирустың белгілері байқалған дәрігерлер барлығымен емін-еркін байланыста жүр.

«Қазір "Көктем" шипажайындамыз. 11 сәуір күні сағат 9:00-де осында әкеліп тастады. Арамызда коронавирус жұқтырған адамдармен тікелей қарым-қатынаста болған адамдар да бар. Анализдің қорытындысы 12 сағатта шығуы керек еді, алайда екі күн өтсе де ештеңе айтылмады. Естуімізше, анализдың жауабы шыққан. Бірақ көбінде вирус анықталғандықтан оны ешкімге айтпай отыр. Барлығымыз 200-ге жуық адамбыз. Арамызда "екі-үш адамнан вирус анықталған" деген әңгіме тарап жатыр. Өзіміз де дәрігер болған соң байқаймыз, алғашқы белгілері біраз адамда байқалып жатыр. Басшылыққа "вирус анықталғандар болса бөлек жатқызсын" дедік. Нәтиже болмаған соң БАҚ-қа шығуға мәжбүр боп отырмыз»,-дейді дәрігерлер. 

Жұмысы мен отбасына алаңдаған олар аты-жөндерін айтпауымызды өтінді.

Бұл жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министірлігінің ресми өкілі Диас Ахмет-Шәріпке хабарластық. Ол дәрігерлердің "Көктем"  шипажайында жатқанын растады. Оның айтуынша, әлі анализ алынып жатыр. 

"Анализдің жауабы екі-үш күнде дайын болады екен. Дәрігерлер айтқандай, тест нәтижесі 12 сағат ішіне дайын болуы керек қой" деген сауалымызға  министрлік өкілі: «адам көп болғандықтан анализ қорытындысы көбірек уақыт алады» деді.

 Айта кетерлік жайт, осы мәселеге қатысты түсінік алғымыз келіп, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары  Жанар Мадееваға  хабарластық. Бірақ төтенше жағдайда мобильді түрде жұмыс істеуі тиіс ведмоства өкілінің телефоны өшіп тұр. Мұнымен тоқтамай,  осы  ведмостваның баспасөз хатшысы Набира Есеноваға телефон шалған едік,  ол телефонын мүлде көтермеді. Мадеева ханым мен баспасөз хатшысынан жауап ала алмаған соң,  Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының  тағы бір орынбасары Бисенбаева Әсел Аманжолқызына телефон шалып едік, ол: «бұл мәселеге қатысты арнайы брифинг өткіземіз» деп қысқа қайырды. 

Думан ТЕРЛІКБАЙ 


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?