Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі - 14.04.20203426

     Қазақта   «жер дауы,  жесір  дауы»   әлімсақтан  бар. Бірақ,  бүгінде «жесір дауы»  өзінің мәнін  жойып кейінге ысырылғанымен,  қазіргі биліктің   жерді  пұл етіп әлсін-әлсін сатуға шығармақ  болған әрекеті жер  дауының  өзектілігін арттыра түсті.  Мәселен, үкімет 2016  жылы 1,7 миллион гектар ауыл шаруашылығына  тиесілі  жерді  аукцион арқылы сатылымға  шығаратынын  жария еткен еді.  «Малым – жанымның садағасыжаным –арымның садағасы»  дейтін  тәмсілді бетке  ұстайтын қазақ  наразылығын  білдірді. Келіспейтінін айтты. Қоғам белсенділері  жалпыхалықтық  митингілер ұйымдастырды. Өйткені  жерді сатуға,  ұзақ  мерзімге жалға беру, соның  ішінде шетелдіктерге  беруге  болмайтынын   тарих айғақтап бергені анық. Соның  бір  мысалы – Палестинаны  мекен еткен арабтар өздеріне  тиесілі,  жекешелендіріп алған  жерлерін  оңды-солды  сатып, енді соны  қайтара алмай сорлап отыр. Патшалық  Ресей Алясканы АҚШ-қа  сатты. Енді мәңгі  қайтара алмасы хақ. Сол  секілді  шетелдіктерге  ұзақ  мерзімге жалға  берілген жерді ертең  уақыты келгенде біз  қайтара аламыз  ба,  жоқ па? Халық  соған алаң  болды. Өзге  байлық  құрып  қалғандай  жерді сатып, пайда көрмек  болған  билік  тұрғанда жалға  өтіп кеткен жерді кейін  қайтарып алу  қиынға соғары хақ-тын. Халық  осыны ойлады. Ойын айтты. Наразылық танытты.

Ақыры сол кездегі  билік  жағдайдың  ушығып  бара жатқанын  ескеріп, Жер кодексіндегі дау  тудырған баптарға  бесжылдық  мораторий жариялады.   Оның  мерзімі келесі  жылы,  яғни  2021 жылдың 31 желтоқсаны аяқталады.  Дегенмен  бірер күннен  бері жерге  байланысты  әңгіме қоғамда  қайта  қызып  барып басылды. Ол  үкіметтің   Қазақстан  жерінде  орналасқан  Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің  компания-кәсіпорындарын  жер учаскелері  тегін берілетін отандық кәсіпорындардың тізіміне қосу болатын. Егер осы қаулы жүзеге асқан жағдайда ЕАЭО-ға кіретін кәсіпорындар   қазақ  жерінің бір  пұшпағына  ие  болып,  өздері  қожайындық ететін зауыт-фабрикаларын салып,  бізге  шекесінен  қарар еді. Бірлі-жарлы компания  болса бір  сәрі, елімізде  осы одаққа   енетін елдердің жүздеген  құрылымдары  жұмыс істеуде. Солардың бәріне жер үлестіру керек  пе? Бұл  қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдай. Тіпті мұның астарында  қазақ жерін  байқатпай жаулап алу  пиғылы  жатқандай. Үкімет қай елдің мүддесі  үшін осындай қадамға  барып отыр?  Кім жасырын  нұсқау  берген? 

  Үкімет бұл қаулыны 21  сәуірге  дейін жалпыхалықтық талқылауға салдық деген екен. Бірақ  вируспен арпалысқан  жұрт бұдан хабарсыз еді. Алайда  елімізде  орналасқан ЕАЭО  кәсіпорындарына жерді  тегін беру мәселесі қарастырылған қаулыны назардан  тыс, жасырын қабылдауға жол берілмеді.  Түрлі ақпарат көздері арқылы хабардар  болған қоғам белсенділері  қарсы  тұрды. Үкімет халықтың көшеге  шығып кетуінен тайсақтады ма, қаулы талқылаудан алынып  тасталды. Осылайша  жұрт коронавирус індетімен айналысып жатқанда, қаулыны байқатпай  өткізіп жіберуге  тырысқан  үкіметтің  жолы  кесілді. Бұл жалпыхалықтық  жеңіс. Дегенмен бұған тоқмейілсуге болмас. Қыр астында жерді сатуға жарияланған  мораторийдің бітетін уақыты тақап қалды. Жағдай не  болмақ?  Тағы да жерді  сату  мәселесі күн  тәртібіне  шыға  ма?  Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым» деген  сөзінде  тұра ала  ма?  Әлде...                                                          

  Иә,  біздің билікке   сенім аз. Өйткені бүйректен сирақ шығаратын кездері  көп.  Ертең  бұлт етіп басқа жаққа шығып, басқаша  сөйлеп  тұрмасына кім кепілдік береді?! Осындай  шетін  мәселелерді ескере келе,  өзім жетекшілік етіп отырған «Байтақ–Болашақ» экологиялық альянсы   жерді  сатуға  қарсы  «Жер-Ана» қоғамдық  қозғалысын  құруды  қолға алмақ. Алға  қойған  мақсатымыз – жер сатуға да, ұзақ  мерзімді жалға беруге де болмайтынын  елге  түсіндіру.  Өйткені елімізде жерді жекешелендіріп  сату, тауарға айналдыру  мәселесі  тәуелсіздік алған кезден бері көтеріліп,  күні бүгінге  дейін  күн  тәртібінен  түспей келеді. Шынтуайтында, жер – мемлекет байлығы.  Оны ешкім тауарға айналдырып,  саудалауға  тиіс емес. Оған  жол  берілмеуі керек.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

«Байтақ–Болашақ»  экологиялық  альянсының  төрағасы



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?