«Жас Алаш» жарқыратқан қыз

Сайт Әкімшілігі - 14.04.20202689

 «Лениншіл жас» газетінің 1991 жылғы 12 наурызда жарық көрген саны менде әлі күнге сақтаулы. Бұл нөмірде тұңғыш рет өткізілген  «Қыз сыны» байқауының бас жүлдесін иеленген 15 жасар Ләззәт Ахатовамен сұхбатты бірінше бетте жариялағанбыз. 21 қыздың арасынан топ жарып, ақыл-парасаты, өнерімен ерекшеленген аруды ел-жұртқа осылай таныстырдық. Халқымыздың рухани құндылықтарын ұрпаққа насихаттаудың ерекше жолын осылай таптық. Қазақ аруының ата-анасы  Күләш пен Кендебай да бұл ұсынысымызды құптап: «Ләззаттың қазақ қыздарына өнеге көрсеткеніне ризамыз. Осылар арқылы қаншама бойжеткен жақсылыққа ұмтылады, ата-анасының, ағайынның, тіпті ұлт қадірін біліп, қыздарға тән қасиетті бойына сіңіреді. Рахмет, айналайын! Міне, көз нұрымыз біздің ғана емес, бүгіннен бастап дүйім қазақ халқының қалаулы қызы болды. «Көзайым» деп қалаған, топ арасынан таңдаған көпшіліктің өзі.  Қиын да қызықты сәтте  қолдаушы да, қорғаушы да болған  көрермендерге мың да бір рахмет!» – деген-ді.

Осылайша 15 жасында топ жарған Ләззәт сол биігінен аласарған жоқ. Жетісай қаласындағы педагогика училищесінің  ән және музыка бөлімін бітірді. Баян мен домбыра тартып,  өнерге жақындығын байқатты. Бірақ, уақыт өте келе ҚазМУ-дың филология, кейін заң факультетін  бітірді.

Әсемпаз болма, әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш, дүниеге,

Кетігін тап та, ба, қалан! – деп Абай атамыз айтпақшы, өмірден өз орнын тапты.

«Лениншіл жас» – қазіргі «Жас Алаш» сол жылдары байқауда бақ сынаған барша қазақ қыздарының маңдайын жарқыратты. Бұл төңіректе Ләззәт: «Байқаудан байқағанымыз, қыздардың бойында ұлттық намыс оянды. Қазақтың барша қызының абыройлы, әдепті, инабатты, бақытты болуы үшін сүйікті газетіміз бірінші болып біз қатысқан байқауды елге керемет насихаттады.

Мұқағали ағамыз:

Жимайды-ау шашылған бір  шуақтарын,

Саясына келеді-ау шуақтағың.

Жамандыққа қиясың қалай ғана,

Жайнаған бір-бір үйдің шуақтарын, – демекші, бәріміздің жақсы болуымызды рухани жағынан қолдады, – дейді.

Бірде ол редакцияға сәлем бере келген-ді. Сонда: «Дәл қазір сені не толғандырады?» деген сауал қойғанбыз. Ол: «Мені көп нәрсе толғандырады. Әділдіктің ақ туын жоғары ұстаған қазақтың зиялы қауымы төрешілік еткен сында жеңіспен қоса үлкен жауапкершілік арқалап шыққан едім.

Сұлулыққа табынған халқым мені еркелетіп, әлпештесе, мен де халқымның намысын қорғауға тиіспін. Ел мен жер, тіл мен діл, дінімізді сақтауға, қорғауға атсалысуды абыройлы іс санаймын. Әсіресе замандастарымынң  болашағы толғандырады. Жігіттер аруларымызды аялап, өкіндірмесе екен», – деді.

Сол қазақ аруымен әлі күнге байланысымызды үзген жоқпыз. Ләззәт бір жылдары Шымкентте заң университетінде дәріс берді. 2004 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Түркістан облыстық  мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотында судья қызметін атқарды. Бүгінде Ләззәт Ахатова елімізге белгілі заңгер. Көптеген даулы мәселелерді шешуге,  шырылдаған шындықты айтып, әділдіктің салтанат құруына атсалысып жүр. Көп балалы ана.

Міне, «Жас Алаштың» байырғы оқырманы, керемет кейіпкері Ләззәт Кендебайқызы бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?