Мұнайдың мұңы, бюджеттің жыры Ұлттық қордың соры болды

Сайт Әкімшілігі - 16.04.20202309


 Бүгінде әлем елдерін мұнайдың жайы қатты алаңдатып отыр. Қара алтын бағасының әлемдік нарықта тым төмендеп кеткені мұнай экспорттаушы елдердің жанына батып, жүйкесіне салмақ түсіруде. Экономикасы мұнайға байланған елдердің дені  мынадай алмағайып  заманда тарықпаудың жолдарын іздестіріп жатыр.

 Бұл ретте Қазақстан да едел-жедел шешім қабылдап, «мұнай бағасы 20 доллар болғанда не істейміз» деген бағытта писсемистік сценарий бойынша бюджетті жоспарлап та қойды. Аңғарғанымыз, биыл  Ұлттық қордан тағы да қомақты қаржы алуға тура келіп тұр.

  Деректерге жүгінсек, биыл бюджет шығыны 14,2 трлн теңгені құрайды. Ал бюджетке  келетін кіріс – 6,4 трлн теңге. Байқағанымыздай,  бюджетке енетін кіріс бюджеттің шығынын түгел жауып тұрған жоқ. Сонда тапшылықты қалай толтырмақпыз?! Әрине,  мұндай жағдайда таршылықта  құтқаратын Ұлттық қордан ақша ала бастаймыз.

    Бастапқыда биыл «мұнай бағасының құлауына байланысты Ұлттық қордан 2,7 трлн теңге ғана аламыз» деп жоспарлаған едік.   Енді оған әлемді жайлаған тәжвирусының салдары қосылып, аталмыш қордан бір жылда 4,7 трлн теңге алуға тура келіп тұр. Қазір біздің Ұлттық қорда жалпы жиыны 27 трлн теңге бар десек, соның 4,7 трлн теңгесі биыл осылайша экономиканы қолдау үшін  жұмсалмақ.

    Жалпы, біздің үкімет бұған дейін де бірнеше мәрте Ұлттық қордың қаржысына қол салған-ды. «Ұлттық қор болашақтың игілігі үшін жұмсалуы керек» деп қанша мәрте айтылғанымен, біздегі қордан әрбір саланы демеу мақсатында үнемі қаржы алынып тұрады. Мамандар тіпті «алдағы уақытта мұнай бағасы 20 долларға дейін төмендеп кетсе, қордан тағы да демеу қаржы алуға  тура келеді» дейді.  Бұған қатысты экономист-ғалым Мақсат Халық: «Мұнай бағасы қазір 30-32 долларды құрап тұр. Бірақ күні ертең мұнайдың құны 20 долларға түсіп кетуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Себебі қазір мұнайға қараған мемлекеттің  мұңы көбейіп тұр. Сондықтан біз үшін болашақта Ұлттық қордың қаржысын тиімді жұмсау маңызды», – дейді.

     Экономист-маманның айтуынша, мұнайдың бағасы түскен сайын, «экономикаға дем береміз» деп, 2008 жылдан бері Ұлттық қордан әр саланы қолдауға трансферттер бөлініп келді. Ал егер әл-ауқат қорының қаржысы осылай жұмсала беретін болса, онда Ұлттық қорды бес-алты жылда түгесіп тастауға болады. «Ұлттық қорда теңгемен есептегенде 27 трлн теңге бар. Долларға шаққанда бұл шамамен 60 млрд доллардан асады. Біз биыл 4,7 трлн теңгені экономикаға дем беру үшін Ұлттық қордан алып отырмыз. Бұл –долларға шаққанда 10 млрд долларға жуық қаржы. Сонда жыл сайын 10 млрд долларды Ұлттық қордан ала берсек, онда қордағы  қаржыны, әрі кеткенде, бес-алты жылда тауысып аламыз. Демек, біз үшін Ұлттық қордың қаржысын тиімді пайдалану маңызды», – дейді Мақсат Халық.

     Жалпы, сала мамандарының айтуынша, экономиканың қатты қиналатын кезеңі әлі алда. Себебі мұнайдың бағасынан бөлек, коронавирустың салдары да  алқымнан алатын кезең келе жатыр. Мысалы, қазір  елде төтенше жағдай жарияланғанына бір ай өтпей жатып Қазақстандағы бизнестің табысы күрт азайды. Елдегі шағын және орта бизнестің кірісі  50-100 пайызға дейін төмендеп  кетті.  Алыс-беріс сауда табысы төмендеді. Өнім шығаратын кәсіпорындардан бөлек, елдегі ірі сауда орталықтарының да табысы кеміп, олар қазірден бастап үкіметтен көмек сұрап жатыр. Ендігіде мұның барлығын билік естімесе, көмек қолын созбаса, елдегі бірталай бизнестің басынан бағы таяйын деп тұр.  

    Рас, билік біздегі  шағын және орта бизнесті үш ай мерзімге салық төлеуден босатты. Бұған қоса, оларға кредиттік каникул да ұсынды. Бірақ кәсіпкер Ернар Аюбаевтың айтуынша, бұл бизнеске дем беретін нақты қадамдар емес. «Мен макарон шығарумен айналысатын цехтың иесімін. Жиырма күн болды, жұмысымыз түбегейлі тоқтап тұр. Бұрын өнімдерімізді ірі супермаркеттерге өткізсек, қазір ірі сауда орталықтарының өзінде тауарлар өтпей тұр. Кейбір сауда орталықтары мен супермаркеттер жабық. Бізді салықтан үш айға босату, кредитке каникул беру құтқармайды. Себебі біз мамырда жұмысқа кірісетін болсақ, тек шілдеде ғана табыс көре бастаймыз. Сонда оны бірден салық пен несиеге төлесек тағы шығынға батамыз. Сондықтан жеңілдікті отандық бизнеске алты айға беру керек», – дейді Ернар Аюбаев.

     Пайымдасақ, кәсіпкердің сөзінің жаны бар. Себебі қазір шағын бизнесті қойып, алпауыт кәсіп иелерінің өзі шығынға батып жатыр. Қазір тіпті табысы азайған ірі сауда орталықтарынан бөлек, Алматы, Нұр-Сұлтан тәрізді қалаларда автопарктердің табысы да 10 есеге дейін төмендеп кеткен.  Бұл ретте Алматыдағы автопарк мамандары: «Бір жарым мың жаңа автобусты несиелік қаражатқа сатып алғанбыз. 15 наурыздан 1 сәуірге дейінгі шығын шамамен 1 миллиард теңгені құрады, ал кіріс – жарты миллиард. Осылайша жарты миллиард теңгеге жуық шығынға батсақ, амалсыз мемлекеттен көмек сұрауға тура келеді», – дейді.

    Жалпы, қазір қай салада болсын мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Елдегі өнім өндіретін салалар да, Қытай мен Қазақстан арасында сауда-саттықпен айналысатын саудагерлер де, отандық өндіріс те мемлекет көмегіне мұқтаж екенін жария ете бастады. Тіпті экономикалық шығынға, кәсіптің кері кетуіне қатысты халықаралық сарапшылардың өзі де дабыл қаға бастады.  Мысалы, әлемдік экономикаға талдау жасайтын Citigroup банк компаниясының бас экономисі Кэтрин Манның пікірінше, коронавирус індетінің әлемдік экономикаға келтіретін шығыны 2 триллион доллардан асса, мұнай бағасының түсуінен  әлем экономикасы 3 трлн доллар шығын көрмек. Сонда, жалпыәлемдік экономика бір жылда 5 трлн доллар шығын көрмек. Ал енді мұндайда бізді, шынымен, Ұлттық қор құтқара ала ма? 

    Бұл ретте бізге пікір білдірген экономист-ғалым Мақсат Халық былай дейді:

– Ұлттық қор туралы ақпарат шын мәнінде нақты айтылмайды. «Қорда 60 млрд доллардан астам қаржы бар» дейді. Бірақ ол бар ма, жоқ па, біз үшін тағы белгісіз. Білесіздер,  2007-09 жылдары дағдарыс кезінде банктерді қолдау мақсатында Ұлттық қордан 10 млрд доллар бөлінді. Сол жылдары бізді дағдарыстан 10 млрд доллар құтқара алды. Ал қазір бөлінген 10 млрд доллар құтқарады деп нақты айту қиын.

     Біз 2007-09 жылдардағы дағдарыстан сабақ алып, үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта  жұмыс істеуіміз керек еді. Кезінде  осыған қатысты арнайы бағдарлама қабылдап, «отандық экономиканы индустиралды-инновациялық жолмен дамытамыз» деген едік. Өкінішке қарай, бұл бағдарламаның басы бар болғанымен, аяғы сұйылып, ақыры өз жемісін бермеді.

    Біз Ұлттық қордағы қаржыны көбейткіміз келсе, отандық өндіріске дем беріп, инновациялық, индустриалдық жобаларды қолдап отыруымыз керек еді. Олай істей алмадық. Ұлттық қордың ақшасын әлеуметтік салаларды қолдауға, банктерді демеуге, жәрдемақы, зейнетақы мәселесін қордан ақша алып шешуге болмайтын еді. Осыны дұрыс жүйелей алмай келе жатқанымыз өкінішті.

Тақырыпқа тұздық: Ұлттық қорды басқару жүйесі дұрыс емес

     Біз қаузаған тақырыпқа байланысты «Жас Алашқа» пікір білдірген  экономика ғылымының докторы, профессор Бейсенбек Зиябековтің ойы да бізді бейжай қалдырмады.

– Бізде Ұлттық қорды басқару жүйесі дұрыс емес. Бірінші, Ұлттық қорға біз бюджеттен артылған қаржыны ғана жинауымыз керек. Ал бізде  мұнайдан түскен түсімнен бөлек, мұнай секторы ұйымдарының тура салықтары (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер және тағы басқа салықтар осы Ұлттық қорға жиналады. Сосын барып  бюджетке ақша жетпей жатса, сол жиналған қаржыны шетінен ала береміз.  Меніңше, Ұлттық қорға мүлде тиіспейтіндей, халықтың мұқтажынан артылған дүниені ғана жинау керек. Алдымен жоғарыда аталған түсімдерді нақты есептеп алып, бюджетке бөлу керек. Сосын артылғанын қайта алынбайтындай етіп Ұлттық қорға сақтап отыру керек.   Бірінші осы мәселені шешу керек.

    Екінші, Ұлттық қорды Ұлттық банк басқармауы керек. Ол тек үкімет бақылауында болуы тиіс. Бұл халықтың ақшасы болғаннан кейін, оны тікелей үкімет пен президент қызғыштай қоруы керек. Ұлттық банк Ұлттық қорды басқаратындай  инвестициялық компания емес. Сондықтан Ұлттық банктен қорды басқаратын әлеуетті алу керек.

   Үшіншіден, осы Ұлттық қорды біз «болашақтың игілігі үшін жиналып жатқан қаржы» дейміз. Ол болашақ деген не?! Билік неге осының анықтамасын дұрыстап айтпайды?! Болашақ деген келер ұрпақ болатын болса, біз жастарға көмектесуіміз керек емес пе?!

    Ол үшін Ұлттық қордың қаржысын әлеуметтік төлемдерге жұмсап, зейнетақы мен жәрдемақыға 10 пайыз қостық деп, халықты алдарқатудың қажеті жоқ. Ұлттық қордың ақшасын өзін-өзі ақтайтын салаларға ғана бөлу керек. Болашақ ұрпақтың оқуына, денсаулығына инвестиция салынуы керек. Ұлттық қор инновациялық жобаларды қолдауға берілуі қажет.

    Төртіншіден, бір кездері біз банктерді де осы Ұлттық қор арқылы қолдадық.  Негізінде, банк саласы экономиканың күретамыры іспетті нәрсе. Ал осы күретамырды біз енді-енді аяғынан тік тұрып келе жатқан мемлекет кезінде жекеменшіктің қолына беріп қойдық. Біз жіберген негізгі қателіктің бірі осы болды. Есіңізде болсын, енді-енді тәуелсіздік алған тұстары  банк жүйесін жекеменшіктің қолына беруге келгенде бас қатырып, ойлану керек еді. Себебі әр мемлекет өзінің қаржылық саясатын оңтайлы жолға қойып, халқының әлеуетін көтеру үшін оған арнайы бір құрал-жабдық қажет. Міне, мұндайда бірден-бір пайдаланатын құрал банк жүйесі екені белгілі. Ал біздегі осы қаржылық құралды билік тым еркінсітіп жіберді.  Мемлекеттік бақылауды азайтып алды. Осы жағын қолға ала аламыз ба, жоқ па, ол жағы биліктің қолында.

    Бесіншіден, жалпы, біз өзі әсіреқызыл пікірлер айтуға тым бейімбіз. Негізінен, елдегі қаржы, экономика жүйесін жасақтауда әлі де болса басқаны қойып, білікті мамандарға қол жеткізе алмай отырмыз. Бізде экономикалық айқындылық жоқ. Экономиканың жауы – жалған статистика. Осыдан құтылуымыз керек. Өтірікке құралған экономика ешқашан өсім бермейді. Тамыр-таныстық дендеген жерде қаржы саясаты дамымайды. Негізінен, қаржы саясаты асқан салқынқандылықты талап етеді. Ұлттық қор алынбалы-салынбалы болмауы тиіс. Мұнай қымбаттаса бітті, Ұлттық қорға қол сұғып, оны орталап сорлатуды доғару қажет. Бізде  мұнайдан бөлек, Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар. Бірақ көп елден кедей тұрамыз. Біз 30 жыл бойы не істедік?! Қандай жетістігіміз бар?! Болашақта билік осыған толыққанды жауап беруге дайын болғаны жөн.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)