Мұнай бағасы 17 доллар болып қалды, алда бізді не күтіп тұр?

Сайт Әкімшілігі - 22.04.20202219

Бүгін әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың маусымдық бағасы - бір баррелі 17 долларға дейін төмендеді. Осылайша мұнай бағасы рекордтық деңгейге дейін төмендеп, әлем елдері әрі-сәрі күй кешуде.  

Бүгін ОПЕК+ елдерінің бірқатар министрі  шұғыл телеконференция өткізіп жағдайды талқылады. 

Экономист-сарапшылардың пайымдауынша, биылғы жылдың жазында қара алтынның бағасы 20 доллар күйінше қалуы әбден мүмкін. Ресейдегі «Взгляд» экономикалық сараптау орталығының маманы, Ирина Викторованың айтуынша, мұнай бағасының күрт төмендеуіне бірнеше себептер бар. Қытай экономикасы да әлсіреп кетті. Әлемдік экономикаға қысым түсуде.  Сондықтан мұнай бағамы 20 доллар күйніше сақталуы әбден мүмкін.

Отандық мамандар бұл ретте Ресей сарапшысы пікірінің жаны бар екенін алға тартты. Экономика ғылымының докторы Марал Төртенованың айтуынша, алдағы уақытта біздің атқарушы билікке мұнай бағасының төмендеуіне төтеп беретін экономикалық бағдарламалармен жұмыс істеуге тура келеді.

«2019 жылғы нарыққа шығарылған мұнайдың көлемі 2018 жылғы шығарылған мұнайдан 2,8 млн баррель артық. Мұнай өндіруші елдердің мұнайды сатылымға көптеп шығаруы жағдайды осыған әкелді.  Қазір қайсыбір сарапшылар «АҚШ, Ливия, Сауд Арабия бірігіп келісімге келіп Ресей мен Қытайды тұқырту үшін осылай істеп отыр. Кезенде Кеңес өкіметін күйретер тұста АҚШ тура осы саясатты ұстанған. Ол кезде мұнайдың бағамы 20 долларға дейін түсіп кеткен» дегенді алға тартады. Өз басым, мәселенің астары тек мұнда ғана емес екенін айтқым келеді. Қазір АҚШ-тың сыртқы қарызы көбейіп кетті. АҚШ-та ірі-ірі компаниялардың банкротқа ұшырауы жиіледі. Енді бюдежті кеміген АҚШ осы тығырықтан шығу үшін ірі көлемді мұнай өндіріп табысын еселеуге тырысты. Бірақ бұл да алпауыт елдің кірісін еселей қоймады. Нарықта шикі мұнайдың көбеюі тағы бір дағдарыстың болатынан хабар беріп отыр. Сондықтан біздің атқарушы билікке осы дағдарысқа төтеп беретін экономикалық бағдарламамен жұмыс істеуге тура келеді»,-дейді экономист-ғалым Марат Төртенова.

Жалпы, сарапшылар нақ қазір мұнай бағасын реттеу  ОПЕК-ке де қиын бола түсетінін алға тартты. Бұған қатысты «Барометр» орталығының экономист-сарапшысы Дәурен Арын «бір-екі жылда мұнай бағасы реттеледі деу қиын» дейді.

«Бір-екі жылда мұнай бағасы тұрақталады деп айту қиын. Мұнай бағасын реттеуге қазір ОПЕК-тің де күші келе қоймайды.  Бүгінде АҚШ-тың мұнай терминалдары Ирак пен Ливияның арзан мұнайына толып тұр. Американың өзі де  мұнай өндіруде  Сауд Арабиясын қуып жетіп бірінші орынға көтерілді.  Мойындау керек,  әлем әзірге АҚШ-тың қас-қабағына қарап бет түзейтіні белгілі. Демек, АҚШ мұнай бағасын реттеуге өзі кіріспесе, жағдай қиындай бермек. Ол әсіресе, бюджетін мұнайдан түскен түсіммен  толтырып отырған көптеген елдерге соққы. Қазақстанға да жеңіл болмайды.    Үкімет «пессимистік сценарийге дайынбыз» деп бюджетті жоспарлап қоятыны белгілі. Біз үшін дағдарысқа төтеп беретін мықты жобаларды ойластыруға тура келеді»,-деді Дәурен Арын.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?