Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі - 24.04.20201506


Бүгін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні басталды. Биылғы жыл отыз күн ораза ұстайтын қауым үшін өзіндік ауыртпалықтары бар жыл болғалы тұр. Елдегі төтенше жағдайға байланысты имамдар мен Діни басқарма өкілдері карантиндегі оразаның жәй-жапсарын түсіндірді.

Рамазан айында еліміздегі мешіттерде кешкі намаз жамағатсыз оқылады. Сондай-ақ имамдар тұрғындарды ауызашарға қонақ шақырудан бас тартуға шақырды.

Төтенше жағдай және карантин режиміне байланысты Рамазан айы мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мешіттерде дәстүрлі кешкі тарауық намаздары, ауызашарлар уақытша тоқтатылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми парақшаларында мешіт имамдарының қатысуымен Құран оқу бойынша және Рамазан айының басқа да шараларының онлайн-трансляциялары өтеді. Пітір садақаны Kaspi.kz қосымшасы арқылы жолдауға болады. Биылғы пітір садақа мөлшері– 370 теңге.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы қасиетті рамазанда жамағаттың игілігі үшін мынандай жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

«Хикмет ТВ» студиясы арқылы 30 күн ораза бойы білікті имамдарымыз бен ұстаздарымыздың «Отыз күнге – отыз уағыз» атты онлайн жоба дәрістері жүргізіледі.

«Хикмет ТВ» студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қабырғасында күніне бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, muslim.kz истаграм парақшасы арқылы имамдармен бір толқында дұға жасауға ниеттелген жамағаттың игілігі үшін Рамазан айының бірінші күнінен бастап, күнделікті әр 15 минут сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қабырғасында «Батамен ел көгерер» атты онлайн режимде дұға жасап, батаға қатысу рәсімі ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ имамдар  «адамның өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері (ұшқыш, дәрігер т.б.) мен ауыр жұмыс иелері (кенші, металлург, қауіпті нысанда істейтін құрылысшы т.б.)  төтенше жағдайда ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады. Олардың қатарына қазіргі таңда тынымсыз еңбек етіп жатқан дәрігер, медбике және полиция қызметкерлерін қосуға болады»,-деп отыр.

 

Еске салайық, биылғы 2020 жылы Рамазан айы мерекесі 24 сәуір мен 23 мамыр аралығында өтеді.

Қадыр түні 20 мамырдан 21 мамырға қараған түнге сәйкес келеді. 


 


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?