Бадамда полиэтилен қалдықтары өңделуде

Дерек көзі: www.azattyq.org - 04.02.2019378

Келешекте Түркістан қаласы Астана сияқты жасыл орманмен көмкерілмек. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ілияс Құрамысов мәлім етті. Оның алғашқы қадамдары жасалып та қойған. Былтыр облыс орталығының маңынан «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынған320 гектар жердің 300 гектары өңделіп, 200 гектарына бадам (миндаль), қарағаш, өрік көшеттері егіліпті. Биыл да қаланың тынысын кеңейтетін игі істер жалғасын таппақ. Шаһар айналасынан тағы 740 гектар жер телімі «Жасыл аймақтың» теңгеріміне алынып,  мемлекеттік акті алу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігінің елдімекендерді көгалдандырудың 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 2018 жылы аудан, қала әкімдіктерімен 2 мың 289 гектарға 986 мыңға жуық әртүрлі ағаш-бұта көшеттері егілді. Сол көшеттердің 414 мыңнан астамы Құрамысов басқаратын басқарманың ұйытқы болуымен  тегін берілген. Жануарлар дүниесін күзету бағытында Сырдария өзенінің бойындағы тұқымбақта жартылай еркіндікке жіберілген бұқар бұғыларының саны былтыр 9 басқа артып, 155-ке жетті. Олардың 84-і ішкі қоршауда, 71-і еркіндікте жүр. 2018 жылы Бүкіләлемдік табиғат қорымен (WWF) өңірлік парктен 5 бас бұғы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жерсіндірілді. Басқарманың ұсынысымен былтыр Отырар орман шаруашылығының 66 мың гектар аумағында орналасқан Қаратау орманшылығына табиғи-ғылыми негіздеме жасалыпты. Десек те қоршаған ортаға қауіп төндіру секілді заңбұзушылықтарға баратындардың әрекеттері тыйылмай тұр. Оған сұғанақтыққа қарсы күрес барысында өткен жылы орман күзеті қызметкерлерімен жүргізілген 895 рейдтің нәтижесін келтірсек те болады. – Рейд жұмыстарының нәтижесінде 251 заңбұзушылық фактісі тіркелді. Оның 33-і аң аулау ережесін бұзу, 48-і заңсыз ағаш кесу болса, 170-і басқа да заң бұзушылықтар екені анықталды, – дейді Ілияс Шойбекұлы. Облыс аумағында 196 жер қойнауын пайдаланушы бар. Оның 37-сімен қатты пайдалы қазбалар бойынша, 28-імен жер асты сулары бойынша, 131-імен тас-шағал, кұм, топырақ, гипс, ас тұзы, әк-тас секілді кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт тіркелген. 131-дің 14-і барлауға, 117-сі өндіруге құқық алған. Алайда жер қойнауын пайдаланушылардың қатарында міндеттемелерін орындамайтын да аз емес көрінеді. Олардан басқарманың жолдаған талап-арызы негізінде 61 млн 200 мың теңгені өндіріп алу бойынша сот шешімі шығыпты. Сол сияқты 189 млн.теңгені өндіру бойынша 11 талап-арыз сотта қаралуда екен. 2-еуімен келісімшартты үзуге де тура келіпті. 4-еуі өз еріктерімен келісімшарттарын қайтарып берген. Су қорғау белдеуіне шығып кеткен 19-ының жұмысы  уақытша тоқтатылған. Дегенмен, жер қойнауын пайдаланушылармен өңірдің әлеуметтік саласына 2018 жылы 1 млрд. 226 млн.теңге қаражат аударылыпты. Оның 92 млн.-ға жуығы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруден түскен. Сонымен қатар, орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан – 31 млн. 52 мың теңге, жануарлар дүниесін пайдаланудан 132 млн. 621 мың 500 теңге бюджетке алынған. Заң бұзушылықтар мұнымен де бітпейді екен. Мына мәлімет соның айғағындай. 2018 жылдың ақпан айында облыс прокуратурасы мен басқарманың бірлескен жұмысы нәтижесінде аудан, қала әкімдіктерімен су қорғау аймағы мен белдеулерінде көлемі 34 мың гектардан асатын 321 жер телімінің берілгені анықталған. Талдау жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерге жол берген 14 лауазымды тұлғаға тәртіптік шара көріліпті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша заңсыз берілген жер телімдерінің 171-і мемлекетке қайтарылса, 50 жер телімін қайтару ісі сотта қаралуда. Қалған 100 жер телімі бойынша аудан, қала әкімдіктері тарапынан қайтару жұмыстары жүргізілуде екен. Облыстағы 1 млн 973 мың 331 тұрғынның 82 пайызы қоқыстарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 92 пайызға жеткізу көзделуде. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу көлемі меже бойынша 7 пайызға жоспарланған болса, былтыр ол 7,2 пайызды құраған. Қатты қалдықтарды заман талабына сай жою және қайта өңдеу бағыты бойынша Ордабасы ауданы, Бадам индустриалды аймағында «GREEN Technology Industries» ЖШС-мен полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеу арқылы гранула және штапель жіптерін өндіру зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Зауытты іске қосудың І-кезеңі 2018 жылдың шілде айында жүзеге асырылып, 711 тонна полиэтилен флексі өндірілген. 2019 жылдың сәуір айында зауыттың II-кезеңін іске қосып, полиэтилен қалдықтарынан химиялық талшықтар – синтепон, холлофайбер өндіру жоспарлануда. Ал өндіруге қажетті шикізаттар – полиэтилен қалдықтары облыс аумағынан және өзге де өңірлерден тасымалданады. Кентау қаласында жеке кәсіпкер Булегенов қаланың қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қалдықтар – пластмасс, пластик, полиэтилен қалдықтары және қағаз өнімдерін сұрыптау жұмыстарын жүргізіп, оларды қала аумағында орналасқан «Статус Эверест» ЖШС-нің зауытына қайта өңдеуге тапсырады. Қайта өңдеудің нәтижесінде, жартылай шикізат ретінде пластикалық түйіршіктер дайындалып, аталған шикізат пластикалық құбыр жасауға пайдаланылуда. Түркістан қаласында жеке кәсіпкер Акметов тарапынан түрлі полиэтилен және қағаз-картон, пластикалық қалдықтарды бөлек жинақтап, қалдықтарын тұрғындардан, полигон аумағынан жинақтап, қайта өңдеу арқылы пластикалық құбырға қажетті шикізат өндіруде. Ауаны ластаудың алдын алудың бір жолы – автокөліктердің отынын газға ауыстыру. Бұлай ету сұйық отынның атомосферадағы зиянды заттардың көлемінің жүктемесін 2-3 есеге төмендетеді. Бүгінде облыс аумағында 300 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Тұрғындарға 44 жолаушылар тасымалдау компаниясы 1224 автобуспен қызмет көрсетеді. Сол қоғамдық көліктің 294-і газбен жүреді. Басқарманың ұсынысымен жыл басынан бері 80 қоғамдық көлік газға ауыстырылыпты. – Түркістан қаласының экологиялық бақылау жүйесін кеңейту мақсатында 2019 жылы «Казгидромет» РМК-мен бірлесіп, атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін 3 автоматтық станциялар орнату мәселесі қаралатын болады, – дейді И. Құрамысов.  Арман ҚАЛДЫБЕК.             

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?