Елді кім асырайды: көлік сатушылар мен құрылысшылар ма?

Сайт Әкімшілігі - 30.04.20201938

Дағдарыс кезінде  мемлекеттен көмек алуы ықтимал 361 ірі компанияның тізімі қоғамда қызу пікірталас пен наразылық тудыруда. Үкіметтен көмек күткендер арасында элиталы тұрғын үй салушылар, автомобиль дилерлері, үлкен сауда және ойын-сауық орындарының иелері де бар.

Жалпы, дағдарыс кезінде азаматтар мен  бизнесті қолдауға бюджеттен 6 триллион теңгедей кетпек. Мемлекет басшысы 4 млн 250 мың адамның әлеуметтік қаржылай көмек алғанын айтқан-ды.

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхаммедовтің есебі бойынша, «егер 42 500 теңгеден әлеуметтік көмекті 4 млн адам алса, екі айда шамамен 340 млрд теңге кетеді». «Сонда ірі бизнеске триллионнан артық ақша кете ме? Жоғары бағаны жасанды ұстап тұру не үшін қажет?» – деді саясаттанушы газет тілшісіне. Ол «халықтың төлем жасау қабілеті онсыз да бірнеше есеге төмендеген кезде ірі бизнеске қолдау жасаудың тиімділігіне» күмән келтірді.

Расында да, қазір халықаралық ұйымдар әлемде жұмыссыздық деңгейінің өсіп, азық-түлік тапшылығын болжауда. Ал Қазақстанда дағдарыс кезінде мемлекеттен көмек алуға дәмелілер кімдер? Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «элиталы» тізім бойынша қаржының қомақты бөлігі (218) құрылыс компанияларына тиесілі болуы мүмкін, оның 35 позициясын BI Group алған. Bazis, High Vill Kazakhstan да бар. 86 компания – сауда-саттық және жылжымайтын мүлікті жалға беру саласында ( «Mega Center Management», «Астана-Моторс»), оған қоса, 26 көлік компаниясы (SCAT, «Эйр Астана», «Жетісу», «Жолаушылар тасымалы», аэропорттар), 15 – энергетикалық және бес тау-кен компаниясы бар.

Министрліктің неліктен дәл осы компанияларға назар салғаны кәсіпкерлердің көпшілігіне жұмбақ. Егер үкімет шағын кәсіпорындарға жеңілдік берген кезде олардың қызмет түрін есепке алса, ірі бизнес иелерін қандай талаптармен таңдайтындары әзірге беймәлім, оны ешкім дөп басып айта алмайды. Бұл тізім кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілі Рустам Жүрсіновті де, «Атамекен» төрағасы Абылайхан Мырзахметовті де, тіпті сенат төрайымы Дариға Назарбаева мен мәжілісмен Азат Перуашевты да ойға қалдырыпты. 

Себебі қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде қандай салалардың басымдыққа ие болатыны айқын. Оларға, мәселен, азық-түлік, медициналық және санитарлық құралдарды өндіру, өнімдерді өңдеуші, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар мен инновациялық зерттеулер саласын жатқызуға болады.

«Автодилерлер дүкендері тізімге кірсе, басқа қызмет түрлері неге тізімде жоқ? Бұл кәсіпкерлер үшін көп сұрақ тудырады», – деп мәлімдеді кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілі Рустам Жүрсінов LS порталында. Сенатор Дариға Назарбаева да тізімге қатысты сын айтып, «азық-түлік қауіпсіздігі – ең маңыздысы және біртіндеп азық-түлік импортынан бас тарту» деп, мемлекет ақшасын қайда жұмсау қажеттігін топшылаған.  «Атамекен» ұлттық палатасы бұл тізімге өздерінің қатысы жоқ екенін айтып, ұлттық экономика министрлігін түсініктеме беруге шақырған. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев тізімді қайта қарап, сапасыз құжат жасаған министрліктің лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілік мәселесін көтерді. Оның айтуынша, «Ақ жол» партиясына көптеген кәсіпкерлер тізімге неліктен ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тамақ, медициналық және гигиеналық бұйымдар, балалар тауарларын шығаратын бірде-бір кәсіпорынның кірмегенін сұрап хабарласқан.

 Сонымен бірге ірі бизнес иелерінің салық төлеушілер есебінен көмек алатындай қаншалықты зардап шеккені де күмән тудырады. Кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда сауалнамаға қатысқан «2,3 мың кәсіпорынның 45 пайызы толықтай жұмысын тоқтатқан, бұл – негізінен, шағын бизнес».

 Бұған дейін шағын және орта бизнеске жеңілдік беру бойынша қаулы даярлау барысында 100 шақты бизнес саласы ұсынылғанымен, оның тек 29-ы құпталған. Мысалы, ақпараттық технологиялар бағытында 10 бизнес түрі жеңілдікке ұсынылғанымен, оның тек  екеуі  ғана қолдау алған. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы бизнес түрлері тағы да назарға ілінбей қалған.

Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі, экономист Олжас Хұдайбергенов әлеуметтік желіде даулы «тізім» әлі де үш-төрт рет қаралып, соңғы нұсқасының алдында компаниялар түрлі талаптар бойынша (адам саны, экономикалық тиімділігі және т.б.) «тазартылатынын» жазды. Әзірге ол талаптар да, іріктеу механизмдері де белгісіз. Ал ұлттық экономика министрлігі тізімнің әлі толық жасалып бітпегенін, алда бизнес қауымдастықпен ақылдасатындарын хабарлаумен шектелді.


Айжан ЖЕҢІСҚЫЗЫ,

"Жас Алаш" 



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)