Оразәлі Сәбден: «Өзбекстан бізге бір ауыл салып берсін»

Сайт Әкімшілігі - 06.05.20202758

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы болған алапат су тасқынына байланысты  "Жас Алаштың" сайтына экономика ғылымының докторы, профессор, академик  Оразәлі Сәбден мырза хабарласты.

«Мынадай жағдайды көріп, шыдай алмай отырмын» деген Оразәлі Сәбден осы жағдайға байланысты билікке, Үкіметке өзіндік ұсыныстарын айтты:

Қазір Мақтааралдағы жағдайға бүкіл ел көз тігіп отыр. Бұл су тасқыны емес, басқа төтенше жағдай емес, бұл – төтенше апат. Мұны солай деп айту керек. Бұл арада биліктің емес, халықтың мұң-мұқтажын бірінші тыңдау  қажет. Ғаламтордан, әлеуметтік желіден көріп отырмын, қазір ондағы халық қатты қиналуда. Халықта «егер бізді алдын-ала ескертіп, күні бұрын құлақтандырғанда үйдегі заттарымызды, қорадағы малдарымызды аман алып қалар ма едік» деген өкініш бар. Міне, елдің ең басты уайымы осы болып отыр. Бір түсінбейтінім, ол жақта төтенше жағдайдың алдын-алу  мақсатында жағдайды бақылайтын штаб құрылды емес пе?! Ол штабтың мүшелері бір жерде отырмайды. Олар су басына барып барлығын бақылап, қадалағап отыруы тиіс. Сонда қазір техниканың дамыған заманы, барлығымыздың қолымызда ұялы телефон бар. Осы арада «сол алдын ала құрылған штаб мүшелері неге жағдайды бақылаудан шығарып алды» деген сауал туындайды. Олар судың көтеріліп, дамбаның жарылатынын алдын-ала білді емес пе? Ол су Мақтааралға жеткенше біраз уақыт бар еді ғой. Демек, халықты ертерек құлақтандыруға уақыт болды. Ертерек естігенде, су Мақтааралға келгенше, ел-жұрт ерте қамданып, қордаға малын, қажетті мүлкін, құжаттарын алып ертерек эвакуацияланатын еді. Су басу қаупі бар әр ауылда алдын-ала дайындық болуы керек еді.  Ал қазір судың астында қалған халық «құр өз басымызды арашалап әрең алып шықтық» деп ашынуда. Мұндай жағдайда облыстың әкімі неге жағдайды бақылаудан шығарып алды?! Демек, бұл арада «төтенше жағдайдың алдын алуы тиіс штаб формалды түрде жұмыс істеген» деген халықтың күдігі бекер емес.  Егер сол жердегі атқарушы билік нақты әрі шапшаң қимылдаған болса халық «ешкім көмектескен жоқ, өз басымызды әрең арашалап құралақан шықтық» деп жыламас еді. Бұл арада мемлекеттік комиссия осы жайтқа байланысты: облыс және аудан әкімінің, республикалық төтенше жағдай басшысының мәселесін қарау керек. Жауапкершілікті нықтау қажет. Керек болса барлық ақпаратты жедел әрі тез жеткізетін «дронды» қойып қоюға болатын еді ғой. Сондықтан мұндай мәселеге билік тарапынан саяси баға берілуі керек. Жамбыл облысы, Қордай елді мекеніндегі оқиға тәрізді шешімдер қабылдануы қажет.  Бұл арада облыс әкімі халықтың жағдайын ойлауы тиіс. Түркістан қаласы салына береді, ол қала Елбасының ұсынысымен қыруар қаржы бөлініп  салынып жатқан қала. Бұл арада облыс әкімі 2 млн халықты бірінші ойлауы керек. Әкім мұндай төтенше жағдайда халықтың ішінде жүруі, керек болса екі-үш күн түнеуі қажет.

Ал енді экономикалық жағын алсақ, бұл халықаралық мәселе болғаннан кейін, заң бұзушылық бар ма, жоқ па,  Өзбекстандағы су қоймасы талаптарға сай салынған ба, ол жағы бізге беймәлім. Ғаламторда әртүрлі бейне жазбалар тарап жатыр, олардың арасында халықты арандататын сөздер де бар. Бұл арада бізге шындықты білу маңызды. Сондықтан халықаралық сараптама тағайындалуы керек. ТМД және  Еуразиялық Одақ көлемінде тағайындалған ешқайда бұрмалайтын, шындыққа көзімізді жеткізетін халықаралық сараптама болуы тиіс. Өмірзақ Шөкеев  «Өзбекстан арығымызды тазалап беретін болды» дейді. Егер халықаралық сараптама тағайындалып, шындыққа көз жеткізетін болсақ, Өзбекстан бізге бір ауыл салып берсін, керек болса сол ауылды біз «Өзбек ауылы» деп атайық. Міне, сонда екі ел арасындағы ынтымақтастығымыз артады.

Қазір халықтың шығыны көп. Бірінші  шығын - жер. Ол елде Солтүстік Қазақстан облысындағы тәрізді  бәленбай мың гектар жер жоқ, әр отбасында 2-3 гектар ғана жер бар. Соған олар мақта, қауын-қарбыз, тағы басқа дақылдар егеді. Халық сөйтіп күнін көріп, баласын оқытады, нанын табады. Қазір ол жердің барлығын су шайып кетті. Енді ол жерлерді үш жылсыз қалпына келтіру қиын. Сондықтан бұл арада балаларды оқыту мәселесі тұр. Мемлекет енді осы аймақтың балаларын оқыту үшін арнайы тегін грант бөлуі керек. Бұл мәселеге Үкімет ерекше назар аударуы тиіс. Өйткені қазір елді жайлаған пандемияға байланысты ол ауылдың балалары қашықтан оқып отырды, енді міне, мынадай апат болды. Қазір балаларға оқу-білім алу тіптен мүмкін емес. Сондықтан сол ауылдың балалары бір-бір ноутбукпен қоса, арнайы мемлекеттен бөлінген грантпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бұдан кейін ол ауылдарда талапқа сай ХХІ ғасырдың ауылы салынуы керек. Халықтың еңсесін одан әрі езбеуі үшін қираған үйлердің орнына талапқа сай, іші жиһазбен қамтылған тұрғын үй салып беру қажет. Өйткені қазір халықтың қолында дым да қалған жоқ. Малдың шығыны есептеліп, өтемақы төленуі қажет. Азық-түлік алуға, елдің  күн көрісіне ай сайын қаржы бөлінуі тиіс. Мақтаарал, Жетісай ауданын қайта тұрғызу кешенді бағдарламасы жасалынуы қажет. Парламент арнайы заң қабылдап ол аудандарды Еркін экономикалық аймақ жасауы керек. Халықты үш жылға дейін салықтан босатқан жөн. Ол аймақтарды халықты жеміс-жидек, көкөніспен қамитиын логистикалық орталық жасауға мүмкіндік туып тұр.  Делдалдарсыз тікелей шаруаға пайда әкелетін логистикалық орталық жұмысын қолға алуымыз керек. Міне, сол кезде ол жердегі шаруалардың еңбегі еш болмайды.

Жалпы, Оңтүстік өңір бүкіл Қазақстанды көкөніспен қамтамасыз ете алады. Бұдан шығатын қорытынды – Оңтүстік өңір арқылы Қазақстан халқын сапалы әрі арзан отандық өніммен қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік туады. Сондықтан осыған қатысты арнайы мемлекеттік, кластерлік бағдарлама қабылдаған жөн. Міне, осындай жұмыстарды істеген жағдайда қазіргі қиындықтан шығуға болады. Қазір елімізде өте қиын жағдай орын алып отыр. Әлемдік дағдарыс, қара алтын мұңы, коронавирус індеті, Ресейдің экономикасының санкциялар қыспағына шыдамауы бізге тікелей әсерін тигізіп отыр. Экономика құлдырауда. Сондықтан Дағдарыс штабын құрып,  бағыт-бағыт бойынша жол картасын жасап, қаржымен қамтамасыз етіп тікелей Президенттің бақылауымен  осы жайттарға мән беру қажет. Сонда сенделіп тұрған халықтың сенімі күшейеді. 

"Жас Алаш" 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?