Генерал Рақымовты туған ұлтымен қауыштырған тұлға

Сайт Әкімшілігі - 07.05.20202844

Ғалым Әсілхан Оспанұлы туралы бір ауыз сөз

Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының батыры, атақты генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін білмейтін жан жоқ. Бұл туралы бүкіл Қазақ еліне осыдан 48 жыл бұрын, 1972 жылғы 6 маусымда сүйіншілеп, бірінші хабарлаған «Жас Алаш» (ол кезде «Лениншіл жас») газеті болған-ды. Біраз уақыттан бері көршілес Өзбекстанда генерал Рақымовтың ескерткіші алынып тасталғаны қызу талқыға түскені белгілі. Бірақ генералдың ұлты қазақ екенін дәлелдеп, өткен ғасырдың 70-жылдарының басында өкімет тарапынан біраз теперіш көрген шымкенттік ғалым Әсілхан Оспанұлының есімін бәріміз білуіміз керек.

Генералдың жұбайы шапан жапқан

 Республика және облыс көлемінде теледидардан жиі көрсетілген, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналып түсірілген 120 минуттық «Қазығұрт қыраны» деректі фильмінде батыр генералдың жұбайы Құралай  Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеген ұлтжанды азаматтың есімін екі рет атайды. Фильмнің 40-минутында Құралай апайымыз: «Бірінші Әсілхан Оспанұлы жазды», – дей келе, сол фильмнің 80-минутында: «Әсілхан Оспанұлы деген доцент Шымкентте тұрады. Сол: «Мені атса атып жіберсін, басқалар күймесе де, мен күйемін», – деп жазды», – дегенін бүкіл Қазақстан халқы көрді. Ғалымның азаматтық ерлігін батырдың жары осылайша жеткізген-ді. Шымкенттің жайма-шуақ күндерінің бірінде генерал Сабыр Рақымовтың жұбайы Құралай апай ғалым Әсілхан Оспанұлының үйіне келіп, иығына шапан жапты. Мұнысы ғалымның генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін дәлелдегенін және батыр туралы жасаған басқа да зерттеушілік жұмыстарын құрметтеуінің белгісі еді. Шапан жауып тұрып батырдың жұбайы ғалымға: – Әсеке! Батырдың ұлты қазақ екенін дәлелдеген азаматтық  ерлігіңіз үшін Сабыр ағаңыздың аруағы риза деп сенемін. Ол кісі халықтың жыр мұраларын өте жақсы көретін. Соғыстан аман-есен оралса, Майлықожа, Құлыншақ, Мәделі сынды Қаратау атырабы ақындарының өлеңдерін ауылма-ауыл жүріп жинап, зерттеп, халыққа жеткізген үлкен еңбегіңіз үшін өзі келіп иығыңызға шапан жабар еді ғой. Сондықтан бұл шапанды ағаңыздың кигізгені деп қабылдаңыз, – деді. Сол күні ғалым мен батырдың жұбайы екеуі кең дастархан басында отырып 70-жылдар туралы біраз сыр шертіскен еді.

Бұл қалай болған еді?

Ғалым Әсілхан Оспанұлы өзінің зерттеу жұмыстарын 1971 жылдың жазында генералдың шөбере  туыстарының үлкені, 92 жастағы Байдар ақсақалмен сұхбаттасудан бастайды. Сол тұста Байдар ақсақал Қазығұрт бауырындағы Жаңабазар жеріндегі «Коммунизм» совхозының тау жақ түкпірінде орналасқан Жамбыл атындағы бөлімшесінде тұратын еді. Осы кездесудің нәтижесінде Байдар ақсақал, Шерхан Рысқұлов, Қанат Құрымбаев, Әбу Тілеухановтар өздерінің генерал Сабыр Омарқұлұлы Рақымовтың туысы екенін және батырдың ұлты қазақ екенін растап, әрқайсысы ғалымға бөлек қолхат жазып береді. Бұл қолхаттарда жазылған сөздердің шын екенін сол кездегі Шымкент облысы Ленин (қазір Қазығұрт ауданы – Б.О.) ауданының Жаңабазар ауылдық кеңесінің мөрі басылып расталады. Бұдан соң ғалым Әсілхан Оспанұлы Ташкент қаласының орталығында орналасқан Әлішер Науаи атындағы опера және балет театрының түбіндегі «Шымкент орамы» көшесінің 9-үйіндегі 37-пәтерде тұратын батырдың жұбайы Құралай апаймен кездесіп, әңгімелеседі. Осындай ізденістерінің нәтижесінде өткен ғасырдағы 1972 жылдың 9 мамырында шымкенттік ғалым, яғни филология ғылымының кандидаты, Шымкент педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Әсілхан Оспанұлының Ұлы Отан соғысының батыры, генерал С.Рақымовтың ұлты қазақ деп жазылған «Қазығұрт қыраны» деген зерттеу мақаласы Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» (редакторы Әмірсейіт Әлиев – Б.О.) газетінің 2-4 беттерінде жарық көрді.

 Батырдың қазақ екенін бүкіл Қазақстанға жеткізген – «Жас Алаш»

 Әсілхан Оспанұлының «Қазығұрт қыраны (генерал Сабыр Рақымов туралы жаңа дерек)» мақаласы 1972 жылғы 6 маусымда Қазақстан ЛКЖО (Лениндік Коммунистік Жастар Одағы – Б.О.) орталық комитетінің органы болып табылатын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш» газеті, сол кездегі редакторы С.Бердіқұлов – Б.О.) газетінің 3-бетінде жарық көрді. Бұл жаңалық бүкіл республика көлемінде елеулі оқиға болып, үлкен қоғамдық пікір туғызды. Сондықтан бұл құбылысқа билік басындағылар да немқұрайды қарай алмады. Әрі бұл жарияланым туралы Өзбекстан басшылығына да хабар жеткен. Дегенмен билік басындағылар ғалым мақалада жазғандай, Сабыр Рақымовты «Екі енені бірдей емген тел қозы десе де болады, ол өзі қазаққа перзент болса, өзбекке жиен. Өйткені оның шешесі, біздің жеңгеміз Бәһірәйім маңындағы Жүнісабад деген жерде тұратын өзбек диқанының қызы еді. Революциядан кейінгі аласапыран кезде күйеуі қайтыс болғасын, туған ағасы Рақымның көлейтінде болуды ұнатты. Сол нағашысы Рақымды саялап жүрген Сабыр да мектепке берген кезде соның балалары қатарында Рақымов болып жазылып кеткенін кейін білдік» деп қабылдамай, ғалымның тарихи шындықты дәлелдеп жазғанын «халықтар достығына сызат түсірді» деп түсініп, Шымкент облыстық партия комитетіне Әсілхан Оспанұлын шақыртып, түсініктеме беруін талап етеді. Мұндай кездесулерде ғалым өз дегенінен қайтпай, қайсарлық көрсеткен. Іс бұл әңгімелермен шектелмейді, әуре-сарсаңның небір түрі басталады. Ғалымға «Әсеке, мұның сізге қажеті қанша, ертең балаларыңызға қиын болады» деп, «кеңес» берушілер де табылады.

Батырдың нағашыларымен кездесу

 Шындықты ту еткен Әсілхан Оспанұлы батырдың өмір жолын зерттеуді тоқтатпайды, генералдың анасы Бәһірайымның туған бауырлары, батырдың нағашы ағалары Төлеген мен Әзизмат Кәрімовтермен кездесіп, сұхбаттасады. Олар да Сабыр Рақымовтың әкесінің қазақ екенін растайды. 1973 жылғы 21 тамызда ғалым батырдың жұбайы Құралаймен бірге Ташкент облысы Орджоникидзе атындағы «Коммунист» колхозында тұратын Сабыр Рақымовтың немере қарындасы Лүтпі Оспанқұлқызының үйінде болып, Лүтпі апайдың аузынан жазып алған әңгімесін арқау етіп, Шымкентке келген соң «Ақырғы аттаныс» атты мақаласын жариялайды. Шымкентке батырдың жан жары,  Ұлы Отан соғысының ардагері Құралай апайды шақырып, сол кездегі теледидардан көрсетуге мүмкіншілік жасады. 1973 жылғы 7 сәуірде Оңтүстік Қазақстан радиокомитетінің қызметкері  Төлеп Құлымбетовтің дәнекерлігі арқасында кешкі сағат жетіден қырық бес минут өткенде «Қазығұрт қыраны» мақаласы облыстық радиодан оқылды.

Режиссер Кәміл Ярматовпен сұхбат

 Ғалым Әсілхан Оспанұлы мұнымен шектеліп қалмай, 1973 жылдың күзінде батырдың жары Құралай апаймен бірге азамат соғысы жылдарында Сабыр Рақымовпен Баку қаласындағы әскери оқу орнында бірге оқып, қанды шайқастарға бірге қатысқан белгілі кинорежиссер, Социалистік Еңбек Ері  Кәміл Ярматовқа барып жолығады.  Шаңырақ иесі қонақтарын қуана қарсы алып, ұзақ сұхбаттасады. Ғалымның сол жылы жазған «Өмірі өнеге өнерпаз» мақаласында жазылғандай, «Сабыр Рақымовтың ұлты кім еді?» деген сұраққа К.Ярматов: «Қайсымыздың қай ұлттан екенімізді біле бермейтінбіз. Әйтеуір, түркістандықпыз деп жүре беретінбіз», – деп келте жауап қайтарыпты. Өзбекстанның ең мықты кинорежиссері өз ұлтының тәжік екенін де жұртқа жария ете бермеген, себебі сол кездің саяси жағдайы сондай болатын. Сөз реті келген соң айта кету парызым – К.Ярматов өзінің тәжік халқының ұлы екенін 1987 жылы Ташкент қаласындағы Ғафур Ғұлам атындағы әдебиет және өнер баспасынан жарық көрген «Возвращение (Оралу – Б.О.)» атты естелік кітабының 112-бетінде жазды. Әсілхан Оспанұлы мұндай ізденістерін ешқашан тоқтатпаған. Генерал С.Рақымовпен майданда бірге болған Ұлы Отан соғысының батыры Тоғанбай Қауымбаевпен, тағы басқа да азаматтармен жолығып, сөйлесіп, хат алысып отырған.

Ғалым мен билік тайталасы

Ғалымның бұлтартпас дәлеліне қарсы жалпы сөздерден басқа ештеңе айта алмаған билік басындағылар газет редакторларына ғалымның Сабыр Рақымов туралы болмаса да, соғыс тақырыбына жазған басқа еңбектерін жариялауға тыйым салады. Дегенмен ғалым шындықтан бастартпай Қазақстанмен Өзбекстанның ресми мекемелеріне өзінің дәлелдерін келтіре отырып көптеген хаттар жазады. Бұл хаттар ғалымның ақиқат жолындағы күресінің азғана бөлшегі. Ұлтжанды азамат, ғалым Әсілхан Оспанұлы билік басындағылардың немқұрайлылығына қарамай , батырдың ерлігін насихаттап, атын мәңгілік есте сақтау үшін әрекет етуін тоқтатқан жоқ.

Батырдың аты әскери мектеп-интернатқа қалай берілді?

Ғалым Оңтүстік Қазаұстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы әскери мектепи интернатқа Сабыр Рақымовтың есімін беру және ескерткішін орнату мәселесін бірінші болып 1992 жылы көтеріп, газет беттерінде мақалалар жариялап, өзінің ұсыныс хатын Қазақстан Республикасының білім министрлігіне жолдап, министрдің орынбасары Шәмші Беркінбаевадан жауап та алған. 1996 жылғы 2 ақпанда ғалымның атына министрлік тарапынан жолданған бұл хатта: «Құрметті Әсілхан Оспанұлы! Білім министрлігі Шымкент қаласындағы республикалық мектеп-интернатқа С.О.Рақымовтың атын беру жөніндегі сіздің ұсынысыңызды қолдайды» деп, бұл ұсынысты жүзеге асыру үшін мектеп-интернат ұжымының келісімі мен жиналыс хаттамасы керек екені жазылған. Әсілхан Оспанұлы осы хатты мектеп-интернат ұжымының басшылығына жеткізді, содан соң ұжымда жиналыс өткізіліп, министрлікке хат жолданады. Қазір Шымкенттегі әскери мектеп-интернат генерал Сабыр Рақымовтың атында.

Халқы үшін тынбай еңбек еткен ғалым

Нағыз ұлтжанды азамат ғалым Әсілхан Оспанұлы 2005 жылы дүниеден озғанға дейін генерал Сабыр Рақымовтың есімін насихаттап, ел есінде мәңгі сақталуы үшін тынбай әрекет етті. Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін батырдың туыстарының өздері дауыстап айтуға қорыққан, өткен ғасырдың 70-жылдарының басында «Атылсам атылып кетейін, бірақ Сабыр Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеймін» деп айтқан ғалым Әсілхан Оспанұлының алға қойған басқа да азаматтық және ғылыми мақсаттарына қол жеткізу үшін тынбай еңбек еткені белгілі. Мәселен, КСРО-ны Н.Хрущев басқарған жылдары «Қазақстанның Өзбекстанға берілген жерлері қайтарылсын, Ленинград қаласындағы Эрмитажда көп жыл тұрған Ахмет Ясауи кесенесінің қазаны Түркістанға қайта әкелінсін» деп, билік басындағыларға талап хаттар жазған. Оңтүстік Қазақстанның ақындары Майлықожа, Мәделіқожа, Құлыншақ, Ергөбек және басқа да сөз сүлейлері туралы талмай зерттеушілік жұмыстарын жүргізе жүріп, қоғам өміріне де белсене араласқан. Ғалым Әсілхан Оспанұлы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісшілерінің күресін ашық жақтағаны үшін де билік тарапынан біраз теперіш көрді. Ұлы Отан соғысының батыры, айбынды генерал Сабыр Рақымовтың ұлты қазақ екенін дәлелдеп, туған елімен қауыштырған азамат, ғалым Әсілхан Оспанұлының есімі естен шықпауы тиіс.

Бердалы ОСПАН, мәдениеттанушы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)