«Жаныңда жүр жақсы адам»

Сайт Әкімшілігі - 11.05.2020539

Шын мәнінде  күнделікті қарбалас тіршілікте бір-бірімізге жақсы сөздер айтып, жақсы ойымызды білдіруге уақыт таппай жатамыз. Күйбең тірлік осы мәселеге мойын бұрғызбайтындай болады. Дегенмен маңайымызда жақсы адамдар бар екені анық. Мен мектеп мұғалімі ретінде «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарымен БАҚ-та өзіндік орны бар тұлғалардың насихатталуына мүмкіндік жасалса деп ойлаймын. Осы айдарға кейіпкер болатын әріптестерім көп болатынына сенімдімін.

 «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме халқымыз, өнегелі адамдарды ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдай отырып, мерейін арттырып отыруға игі ықпал еткенін де білеміз. Сондай жақсы жанның бірі -  Елубаева Балғын Тлепалдықызы.

Б.Т.Елубаева  мектепте өтетін «Мектепке барар жол» акциясы негізінде үнемі, жүйелі түрде қайырымдылық шарасын жасайтындығын үнемі көріп жүрміз. Әріптесімнің қайрымдылық істегі белсенділігі  туралы «Алматы ақшамы» газетінде мақала да жарық көрген.  Оның бұл ісі басқа әріптестерге үлгі.
Балғын Тлепалдықызы білімді маман ретінде жоғары шығармашылықпен айналысатын білікті ұстаз. Жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңашыл мұғалім.  Педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналар арасында беделді.  2013-2014  оқу жылдарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан бері мектептің “Ұстаз” кәсіподақ ұйымының мүшесі ретінде қоғамдық  жұмыс атқарады. 

Б.Т. Елубаеваның  шәкірттері қалалық, республикалық  пәндік олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері.

Жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие нәрімен сусындатуда талмай еңбектеніп келе жатқан білікті маман ақпараттық  технологиялар мен педагогикалық қызметті инновациялық әдістердің жаңа мазмұнын игеру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, жетілдіру мақсатындағы нәтижелі жұмыстары үшін мектепішілік, аудандық, қалалық, республикалық мақтау қағаздарымен марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.

Мен Б.Т.Елубаеваны білікті маман, шәкірттерінің бойына жол таба білген ұстаз ретінде құрметтеймін.


С.Сейфуллин атындағы

 №74 жалпы білім беретін мектептің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Зәкариянова Сандуғаш

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)