"Отан үшін отқа түскендер", қазақтың қадірін арттырған фильм қалай түсірілді?

Сайт Әкімшілігі - 12.05.2020671

                                                                                                                                                                                                       Тарихта «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп аталып, миллиондаған адамдардың өмірімен өтелген алапат соғыстың аяқталғанына биыл – 75 жыл. Жанқиярлықпен жеткен бұл Жеңіс тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа жетеріне, аға буынның ерен ерлігі ұмытылмасына кәміл сенеміз. Тек кеңес әскері жағынан 26 миллионнан астам адам көз жұмған соғыста қазақтар да ерліктің үлгісін көрсетті. Олар туралы жаудың өзі үрейлене жазды. Бұған дәлел де бар. Шын мәнінде ұлтымыздың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі есепсіз. Міне, майдан даласында оқ пен оттың ортасында жүріп, бүгінгі бейбіт күніміз үшін күрескен аға-апаларымыздың  ерлігін баяндайтын «Отан үшін отқа түскендер» туындысы  Севастопольде  өткен халықаралық деректі фильмдер фестивалінде бас жүлде алды. Бұл фильм қалай түсіріліп еді? Бұл туралы бізге осы фильмнің авторы әрі режиссері Назгүл Әбутұрапова әңгімелеп берді.

  Бұл фильмді түсіруге жетелеген ой ата-апаларымыздың шын мәнінде қаншалықты ерлік көрсетіп, жеңісті жақындатуға қосқан үлесін елге көрсету, марқұмдардың рухына бас ию еді. Әрине, мұнымен қандастарымыздың қан майдандағы ерлігін түгел көрсеттік деп айта алмаймыз. Демек, бұл бағытта мен болмаса  өзге азаматтарымыз болсын нақты жұмыстарды қолға алуы керек. Ең бастысы, мемлекет тарапынан  арнайы қаражат бөлінуі тиіс. Сонда ғана жақсы, мазмұнды, құнды дүниелер түсіріледі.

  Кезінде кеңестік идеология «аса құпия» ұстап, «Ажал айлағы» деп атаған Ржев түбіндегі қанды қырғында жалаң қылыш, жайдақ атпен жауға қарсы шапқан   қазақ жауынгерлерінің қынадай қырылып қалғанын көп адам  біле бермейді. Тағы бір «аса құпия» саналған «Харьков қазандығы» қаншама боздақтарымызды баудай қырқып салды. Тіпті Рейхстагқа тұңғыш Жеңіс туын тіккен қазақ батырының аты да аталған жоқ.  Бірақ уақыт – төреші. Бүгінде бұрмаланған талай-талай тарихи шындық нақты құжаттармен дәлелденіп, беті ашылып жатыр. Одақтас республикалар ішінде Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі ұшан-теңіз екені мойындалды. Айта берсек, бауырлас украин халқына алты ай жаяу жүріп, ондаған мың бас ірі қараның  біреуін де шығын қылмай, айдап барған қостанайлық қазақ әйелдерінің ерлігіне  қайран қалмасқа шараңыз жоқ. Қайта орта жолда төлдеген сиырларды сауып,  жолшыбай ауыл-ауылдағы адамдарға сүт-майын бөліп берген аналарымыз жайлы бізге жеткен аңыздың да ақиқаты айтылды.

  Қысқасы, осы деректер негізінде түсірілген «Отан үшін отқа түскендер» фильмі Севастопольдегі ХІІ халықаралық документалды фильмдер фестивалінде АҚШ, Канада, Куба, Қытай және ТМД сияқты

әлемнің 24 елі ұсынған 150 жұмыстың ішінен бас жүлдені жеңіп алды.

Біз бұны фестиваль президенті болған танымал кинорежиссер Владимир Меньшов пен жюридің Ұлы Жеңіске Қазақ елі қосқан ұлан-ғайыр үлесі мен ғажайып ерлігін әлем алдында тағы бір мойындауы деп білдік.

 Аталған фильм екі бөлімнен тұрады. Бұл фильмді түсіруге екі жыл бұрын дайындық жұмыстары жүргізілді. Сол кезде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің көмегін көп көрдік. Бұл үшін  елші Зауытбек Тұрысбеков  мырзаға айтар алғысымыз шексіз. Ол кісінің көмегімен Мәскеудегі (Исторический архив СССР Института ВОВ) Кеңестер Одағы ҰОС тарихи мұрағаттар институты мен  Подольскідегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қатысты өте құпия құжаттармен таныстық.  Онда қайтыс болған 1 млн 350 мың марқұмның аты-жөні жазылған тізім табылған. Негізінде, ол 2 миллионға жуық көрінеді. Соның ішінен 10 мың адамның ғана аты-жөні зорға іріктеп алынды. Себебі құжаттағы шейіт болғандардың аты-жөндерінің тізімі, әсіресе қазақ есімдері қалай болса солай толтырылғандығы соншалық – әріптерді дұрыс жазбау салдарынан фамилиялардың атауы мүлде өзгертіліп кеткен.

   Тағы бір анықталған нәрсе – сол боздақтардың барлығынан «Ажал айлағы» деген атау мүлде аталмасын, қай жерде соғысқандарың құпия болсын» деген қолхат та алынған. Сондықтан деректер ешкімге берілмейді. Сондай қиындықтарға қарамастан, біздің елшіміз ел игілігі үшін сауапты іс жасады. Сол жердегі мәрмәр тастан жасалған ескерткіш тақтаға Қазақстанда жасақталған 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасы құрамында қайтыс болған боздақтардың туған-туыстары барып-қайту үшін Жеңіс пойызы ұйымдастырылды. Шайқаста шейіт болғандардың ұрпақтары мен жақындары мінген бұл пойыз Астанадан аттанып, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қаласы арқылы жүріп өтіп, Мәскеуге тоқтайды.

 Мәскеуден 230 шақырым жердегі Ржев қаласы мен Вязьма қаласының арасындағы қан төгілген алаңға орнатылған ескерткіш-монументке  марқұмдардың туған жерінен топырақ жеткізілді.

 1942-43 жылдары 18 айға созылған осы  Ржев-Вязьма шайқасында

1 млн 350 мың жауынгер қаза болған деген дерек тұр. Көрнекті жазушы Константин Симонов оны «Ажал айлағы» деп атапты. Бұл 2007 жылға дейін аса құпия саналған. Архивте төрт ай отырып  елшілік азаматтары таза қазақша жазылған 10 мың адамның аты-жөнін анықтады. Есімдер түгел мәрмәр тасқа қашалып жазылды.  Осы «Ажал айлағында» соғысып, аман қалған Сұлтан Жиенбаев ағамыз фильмнің бас кейіпкерлерінің бірі болды. Біз ол кісімен Мәскеудің Зеленоград қаласына дейін бірге сапарлас болдық. Сондағы «Сіз қалай тірі қалдыңыз?» деген сұрағымызға: «Қатты жарақат алып госпитальға түстім. Әйтпесе ол жерден тірі қалу еш мүмкін емес», – деген еді.  

 Жаудан қорғанудан бұрын, жауынгерлерді аштық қысты. Немістерден қалған тамақ қалдықтарын таласып жеген күндер болған. Жерлестерімізге қатысты деректерді жинап болғаннан кейін елге қайттық. Бір қызығы, көп уақыт өтпей, Зауытбек Тұрысбеков ағамыз Украинаға елші боп ауысқанда зерттеу жұмыстарын ол жақта да жалғастырдық. Харьков қаласынан да көп дерек табылды. Сол маңда Алматыдан102-ші және Ақмола мен Павлодардан 106-шы  атты әскер дивизиясы болған. Олардың қолында ешқандай қару да болмаған. Бар болғаны бөтелкедегі  «молотов коктейлі» деп аталатын өздері қолдан дайындаған  жарылғыш сұйықтық. Ол да он аттылы жауынгерге бір бөтелкеден ғана тиесілі болған. Соған қарамастан, жаудың танктеріне қарсы шауып, немістерге сес көрсеткен.

  Тағы бір назар аударатын нәрсе – Украина майданынан жазылған жауынгерлердің хаттары. Біз хаттармен Киев қаласындағы ҰОС әскери орталық музейінде таныстық. Арман арқалаған   сол хаттардың барлығы дала поштасында қолды болып, немістердің телеграф  қызметкері  «жеңеміз» деген сеніммен Австрияда тұратын досына жолдай берген екен. Сонан бері 1209 хат Австрия мұрағатында сақталып, 2010 жылы ғана Украинаға кері қайтарылған. Осы хаттарда ауыр күндер мен сағаттардан бөлек, көрген түстеріне дейін жазылған. Соның бірі Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық селосындағы мекенжайға жолданған хатта сарбаз өз жағдайын былай жеткізген екен:

«Бұрылып жүре алмаймын буыным жоқ,

Беліме байланыпты қан төгер оқ.

Көзімді іліндірсем түс көріппін –

Батыстан күн шығыпты жарығы жоқ!?» деген жолдарды оқығанда көзіңе жас аласың. Байғұс бала өз өмірінің соңы таянғанымен қоса, неміс басқыншыларының да күні жарқырап туа қоймайтынын сезгендей.  Соның барлығы фильмде қамтылған.

Севастопольдегі кинофестивальде көрсетілген 150-ден аса деректі фильм арасынан  біздің фильмді қазылар алқасы неге мойындады дегенге келсек, соғыс барысындағы қазақтардың есепсіз ерлігі бәрін тәнті етті. Күн сайын дерлік майданға вагон-вагон азық-түлік, киім-кешек жіберіп, тіпті 30 мыңнан астам сиырды сол жаққа алты ай жол жүріп, жаяу айдап апарғаны толғандырмай қоймайды.

 Қысқасы, бұл соғыс көзсіз ерліктерімен аты аңызға айналған қазақ жауынгерлерін тарих сахнасына шығарды. Бұл туралы неміс генералы Гепнер: «Жабайы дивизия, бұлар ешқандай соғыс тәртібін сақтамайды, тұтқынға берілмейді. Өлімнен тайсалмайтын жанкештілер екен. Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қараторы солдаттармен беттестік. Оларды тіпті  алған бетінен ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар бізге қарай тура дауылдай дүркіреп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін сонда ғана білдім. Бұрын мұндай жанкешті халық бар екенін естімеген екем», – деп жазды. (Илья Эренбург. 8 мамыр, 1942 жыл, «Правда»).

 Міне, соғыстың барлық бағыттарында жасындай жарқылдап,  қасық қаны қалғанша ерлік танытқан қазақ сарбаздарын бауырлас  халықтар түгіл, немістер де мойындаған.

 Фильм түсірілу барысында Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы сияқты батырларымыздың әрқайсымен жеке-дара эксклюзив-сұхбат жазылды.

Осындай фильмдер тек Жеңіс қарсаңында ғана емес, үнемі барлық телеарналардан көрсетілуі тиіс. Бұл бүгінгі ұрпақты аға буынның алдында тағзым етуді насихаттап, отаншылдық сезімді қалыптастырады.

  Әңгімені жазып алған Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)