Дулат Ағәділдің жұмбақ өлімі жұмбаққа айналып барады

Сайт Әкімшілігі - 14.05.20201263

  Азаматтық белсенді Дулат Ағәділдің Нұр-Сұлтан қаласындағы СИЗО-да жұмбақ жағдайда көз жұмғанына екі жарым айдан астам уақыт өтті. Бірақ халықаралық резонансқа айналған істің нүктесі әлі қойылған жоқ.

 Нүкте қойылмақ тұрмақ, тергеп-зерттеу ісі орнынан мысықтабандап жылжымаған секілді. Осы мәселеге байланысты әлеуметтік желіде дау бұрқ ете қалды. Дулаттың жесірі Гүлнар Қасымханова адвокат Айман Омарованың осыншама уақыт бойына тергеу амалдарының қандай деңгейге жеткенін және қажетті ақпараттарды зардап шегушіге бермей отырғанын жазады. Естеріңізге сала кетсек, бұл қылмыстық істе Гүлнар Қасымхановаға тергеушілер биыл 10 наурызда «зардап шегуші» деген мәртебе берген. Дулаттың жесірі өзінің жазбасында: «Дулат қаза болысымен біз адвокат Бауыржан Азановпен келісімшартқа отырдық. Бірақ бірнеше күннен кейін Дулаттың ағасы Қанат Азановтың жұмысына көңілі толмайтынын, Айман Омарова деген адвокатты қалайтынын айта бастады. Дулатты жерлеуге Айман Омарованы жақсы танитын Серікжан Біләш та келді. Серікжан Дулаттың анасы мен үлкен ұлымыз Нұрболаттың Алматыда Айман Омаровамен кездесуіне көмектесті. Кездесу барысында анамыз бен Нұрболат Омароваға біраз құжаттарды тапсырды. Ол құжаттар Дулаттың әртүрлі соттардан келген қағаздары, тәртіп сақшылары мен судьялармен жазысқан хаттары еді. Айман Омарова іске кіріскесін Бауыржан Азановпен келісімшартты бұзу туралы өтініш айтты. Айман Омарова Дулаттың отбасына «іске жалғыз адвокат қана араласуы керек» деген шарт қойды. Сондықтан 2 наурызда Бауыржан Азановқа телефон соқтым да, онымен келісімшартты үзетінімді хабарладым. Ұрыс-керіс болған жоқ. Салқынқанды әңгімелестік. Дулаттың анасы жазған видеодан бейхабар едім. Одан кейін Бауыржан үйге келді. Жағдайды түсіндірдім. Дулаттың анасы қабылдаған шешімі мен сөзіне әсер ете алмайтынымды жеткіздім. Көп өтпей, тергеу ісі бойынша бізді прокуратураға тергеуге шақырды. Бізбен бірге Серік Жахин мен Қайырлы Омар да барды. Мен оларға Бауыржан Азановпен келісімшартты бұзғанымды айттым. Олар менен «жазбаша түрде бұздың ба» деп сұрады. «Жоқ» дедім. Серік Жахин мен Қайырлы Омар келісімшартты бұзбауға, Бауыржанның да үндемей жұмыс істей беруі керек деп кеңес берді. Қалайы дұрыс екенін білмедім. Олардың кеңесіне құлақ астым», – деп жазады.

    Әрі қарай Гүлнар жазбасында сәуірдің соңында Айман Омароваға телефон соғып, құжаттарды сұрағанын жазады. Адвокат бірнеше күннен кейін беріп жіберетінін айтады. Бірақ 3-4 күннен кейін қайта телефон соққанда Айман Омарова зардап шегуші жақтың құқық қорғау ұйымына шағымдануына байланысты құжаттарды принципті түрде бермейтінін айтыпты. Гүлнардың жазуынша, ол ұйымның телефонын Дулат көзі тірісінде жазып қалдырған екен. «Біз Дулаттың СИЗО-да қайтыс болуына байланысты істің қазір қандай деңгейде екенін әлі де білмейміз. Біз де сіздер секілді Айман Омарованың әлеуметтік желідегі Дулаттың отбасы атынан жариялап жатқан мәлімдемелерінен ғана біліп отырмыз», – дейді.

    Ал Айман Омарова болса әлеуметтік желідегі парақшасында «Халықтың ақшасын жымқырып, шетел асып кеткен саяси топтар мені өз мақсатына қалай пайдаланғысы келетіні туралы» деген тақырыппен пост жариялады. Адвокат өз жазбасында марқұм Дулат Ағәділдің ісінен бас тартқанын және оған себеп болған бірнеше мәселені айтыпты. «Біріншіден, маған марқұмның жақындары әу бастан дұрыс ақпарат бермей келгені белгілі болды. Қазіргі таңда аталған отбасының менен басқа тағы да екі адвокаты барын білдім. Оның бірімен Дулат Ағәділдің келіншегі келісімшартты бұзбаған болып шықты. Нұр-Сұлтанда бір рет кездескен Дулаттың жары Г.Қасымханова келісімшарт шарттарын біле тұра, маған келісімшарты бұзылмаған тағы бір адвокаты бар екенін хабарламады. Керісінше, ол мені адвокаттары жоқ екеніне сендіргісі келді. Екіншіден, марқұмның туыстарының өзара қарама-қайшы іс-әрекеттері. Мен Дулат Ағәділдің анасының мүддесін қорғадым. Ал Ағәділдің жесірі М.Әблязовпен серіктес болу туралы тұспалдап айтып қалды» деп жазады. Айман Омарованың жазуынша, Гүлнар Қасымханова шағымданған «Ашық диалог» құқық қорғау ұйымы да қашқын банкир М.Әблязовқа телиді де, мұндай саяси ойыннан шығатынын мәлімдейді.

   Айман Омарова мүддесін қорғаған Дулаттың анасы Азаттық радиосына берген сұхбатында «Мен адвокат Айман Омаровадан бас тартпаймын. Егер өзі бас тартып жатса, өзі білсін. Мен бас тартпаймын» деп екі рет қайталады.

Айман Омарованың бұл ұстанымы М.Әблязовтің Украинаға қашып кеткен серіктесі Жанна Ботаның жанына да қатты батса керек. Адвокаттың ізін ала «Саяси өлім саясаттан тыс қалмауы керек» деген тақырыппен пост жазды. «Адвокат Айман Омарова Ағәділдің өлімін саяси астармен байланыстырғысы келмейді. Соңынан ерген адамдарды «мен саясатқа кірмеймін» деп алдайды. Айман Омарова Ұлттық сенім кеңесіне мүше болғандықтан, саясаттың бел ортасында жүр. Одан соң, «Ашық диалог» ұйымы, М.Әблязов және ҚДТ-ға баға беруге тырысады. Бұл бағалаудың барлығы Қазақстандағы режимнің насихатымен сайма-сай келіп, Еуропарламент, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының, БҰҰ, ЕҚЫҰ резолюция, декларация және мәлімдемелеріне мүлдем кереғар.

Ең басты қорытындыны шығару да қиын емес. Айман Омарова Ағәділдің өлімінде саяси астар жоқ деп есептейді. Онымен келісімшартты бұзғанда осы нәрсе анықтаушы факторға айналуы тиіс. Дулаттың қаза болғанына екі жарым ай өтсе де, отбасы мен қоғамнан не себепті барлық нәрсені бүркеп келгені белгілі болды», – деп қорытынды жасаған.

  Атпалдай азаматтың жұмбақ өлімін анықтау үшін қоғам болып белсене ізденіп, шындықты ашудың орнына осылайша бір-бірін айыптау өршіп кетті. Бұл жерде жеке бастың мүддесі араласты ма, әлде саяси амбициялар соғысы басталды ма, түсініп болмайсың. Діндар бауырларымыз секілді бәрін сайтаннан көрейік десек, ораза айында олар шынжырда жатыр. Ал ел-жұрт болса Дулаттың жұмбақ өлімінің себебін білгісі келеді.

 


Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)