Азық-түлік хабы: Үкіметтің кезекті әсірелеуі ме?

Сайт Әкімшілігі - 14.05.2020603

Әлемнің есін алған пандемия,  шикізат бағасының құлауы, алпауыт компаниялардың тоқырауы бірқатар елдердің экономикасын қазірдің өзінде шымға батыра бастады. Енді әлем халқы елді ашқұрсақ етіп алмаудың амалдарын қарастырып жатыр. Бұған дейін бюджетке түсетін табысты экспортпен өлшеп келген біздің  үкімет те экономиканы жандандырудың жаңаша тетіктерін іздеп қармана бастады. Мамин үкіметі  алдағы уақытта «Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабына айналдырамыз» деп отыр. Азық-түлікпен өзін-өзі әлі толыққанды қамтамасыз ете алмай отырған Қазақстанның  әлемдік азық-түлік нүктесіне айналуы қиял ма, әлде ақиқат па? Азық-түлік хабы – экономиканың бағы ма?

Талдап көрсек, елімізге енетін импорт азық-түліктердің тасқыны күні бүгінге дейін толастамай тұр. Қазақстан отандық азықпен өзін-өзі қамтудың 80 пайыздық межесіне әлі жеткен жоқ. Азық-түлік нарығындағы материалдық база­мыздың төмендігінен біз экспортқа астық шығарудан ғана озықпыз. Елде өсімдік өсіру, агроөнім өндіру, мал ша­руа­шылығын дамыту сияқты салалар әлі қожырап тұр.  Осы уақытқа дейін жеміс-жидектер­ді өзбек пен қы­тайлардан тасып, ин­ф­ляцияның еселе­нуіне өзіміз жағдай туғыздық.  Асылтұқымды мал алуды тіптен сөз ете алмаймыз. Ауыл­дағы ағайын өндірген сүт-айранын, етін сатуға шығара алмай әлек. Қазірге дейін өнімді шаруаның қолынан тікелей базарға шығаратын сату жүйесі қалыптасқан жоқ. Арадағы делдалдар бағаны өсіріп, табысқа белшесінен батып жүр. Ауылға қаржы бөлуде де делдал­дықтан арыла алмай отырмыз. Міне, осы кемшіліктерді жойып алмай, үкіметтің «Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабына айналдырамыз» деуі еріксіз езу тартқызады.

Пайымдасақ, қандай бастама болсын біз алдымен заңға өзгерту енгізуден бастайды екенбіз. Мысалы, біздің елдегі «Азық-түлік қауіпсіздігі және мәселелері туралы» заңы  2007 жылдан бері санасақ, адам жаңылатындай бірнеше мәрте түзетуге түсіпті. Осыған байланысты қайсыбір  мамандарымыз тек заңға өзгерту енгізу проблеманы шешпейтінін алға тартты. Бұл ретте экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметова былай дейді: «Әрине, заңға өзгертулер енгізу – уақыт талабы. Бірақ тек қана заңға өзгерту енгізу, бағдарлама қабылдаумен  мә­селе шешімін таппайды. Бұл арада біз елімізде азық-түлік өнімін өндіретін өндірісшілердің саусақпен санар­лықтай екенін ескеруіміз керек. Олар ішкі нарықтың өзін қамтамасыз ете алмай отыр. Дүкен сөрелерінің шетелдік дайын өнімдерге толып тұрғаны соның дәлелі. Біз шұжық, сүт-айран, сүзбе, сары майды шетел­ден әкелеміз. Елде жетіспейтін өнім түрлерін шетелдік тауарлар толтырады. Ақиқатына келгенде, азық-түліктің 40 пайы­зы ғана өзімізде дайындалады. Әлемдік стандарт бойынша әр ел азық-түліктің 84 пайызын өзінде шығаруы тиіс. Өйтпеген күнде ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз болады да, ондай ел азық-түлік тапшылы­ғына жиі ұшырайды».

 Маманның байыптауынша, заңды жиі өзгеріске түсіргеннен гөрі отандық азық-түлік өндірушілерге жағдай жасаған тиімді. «Үкімет содан кейін барып қана Қазақстанды әлемдік азық-түлік хабына айналдырамыз десе сенуге болады. Материалдық базаны жасақтап алмай жатып әлемдік азық-түлік нүктесіне айналамыз деу қисынға келмейді», – дейді маман. Бұл арада сала мамандарында «осындай науқаншыл бастамалар экономикаға кері әсерін тигізіп жүрмесе етті» деген күдік те жоқ емес.

Ал есебін тауып азық-түлік өнімін өндіруде шыңға шығамыз десе, оған біздің елде мүмкіндіктер бар  екені рас. Байыптаған адамға қазіргі дағдарыс ауыл шаруашылығымен шындап айналысатын елдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашқалы тұр. Қазақстан сияқты негізгі фундаменті аграрлық ел бо­лып қалыптасқан мемлекетке  болашақта тек мұнай-газ саласына ғана иек арту – қолда бар мүмкіндікті бос жіберу деген сөз.

 Негізінде, азық-түлік қоры, азық-түлік хабы жайлы сөз еткенде өркениетті елдердің басым бөлігі азық-түлік өнімдерінің 16 пайы­зын сырт мемлекеттерден тасымалдайтын болса, «біздің мемлекеттік қауіп­сіздігімізге нұқсан келмей ме» деген ой төңірегінде бас қатырады екен. Ал біз әлі де болса өзгенің өнімін ас-ауқат етудеміз. Мәселен, 1990 жылдары жалпы ішкі  өнімнің 34 пайызын агроөнімдер құраған болса, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 6-ақ пайыз. Халықтың қалай тамақтанып отырғанын осыдан-ақ аңғаруға болады.

 Қалай десек те, қазір азық-түлікке қатысты шама-шарқымыздың анағұрлым қарқынды емес екені байқалып тұр. Сондықтан болашақта үкіметке қиялдың жетегінен шығып, ақиқатқа қарай ойысуға тура келеді.  Бұл жерде үкімет шындыққа тура қарап, нақ қазір тапқан-таянғанын қажетіне жеткізе алмай, азық-түліктен үнемдеп жүрген халықтың жайын нақтырақ ойласа дейміз.

Ойсалар

 Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор

                  Экономиканың жауы әсірелеу  болып тұр

Халықтың дастарханы экспорттың үлесін арттыру арқылы толмайды.  Әр елдің басты мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Осы күнге дейін Қазақстаннан экспортқа шығып жатқан өнім – бидай, аздаған ұн және ет. Терең өнделген өнімдердің экспортталып жатқанын естімейміз. Шикі өнімді экспорттап, мемлекеттік бағдарламалардың бағытын ауыстыра бергеннен пайда жоқ. Осыны қаперден шығармау қажет. Қазір экономиканың жауы әсірелеу болып тұр. Біз болашақта шетелге шикізат емес, өнім шығаруымыз керек. Тым болмаса жартылай дайын өнім, мысалы ұн, ең дұрысы – нан өнімдері, макарон, тағы басқа өнімер. Шикізатқа байланған мемлекеттің келешегі бұлыңғыр. Доллармен күресу дұрыс емес, қайта теңгені нығайтумен айналысқан дұрыс. Теңгені нығайтатын – тек өндіріс, өнім шығару. Импортқа жүгіну, импорт тасқынын көбейту – экономиканың әлеуетін көтеретін жол емес.

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА, 

"Жас Алаш"


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)