Шенеуніктердің мемлекеттік маңызы бар шараларға мән бермеуі менмендік пе, әлде көкелеріне сенгендік пе?

Сайт Әкімшілігі - 14.05.2020726


Еркін РАҚЫШЕВ, режиссер:

– Жекелеген шенеуніктердің мемлекеттік деңгейде тыйым салынған шараларды елемеуі, тіпті карантин кезінде басынуы бұл билік орындарында қандай адамдар жүргенін айқындай түседі. Лауазымды қызметтегілердің  қара басының қамын көбірек  ойлауы, үлгі-өнеге көрсете алмауы өздерінің ізін басқан төмендегі буынның да таза жолдан таюына себепші болуда. Ұрлық-қарлық, жемқорлыққа бейімделген шенеуніктер көбейіп кетті. Ел үшін ентігіп жұмыс істегеннен гөрі жантайып жатып жан баққысы келетіндер басым.

   Әлгі карантин кезінде саунада жүргендердің тірлігі қоғамда қандай жағдай қалыптасып отырғанының бір көрінісі. Мемлекет маңыз берген мәселеге атүсті қарайтын, тіпті пысқырмайтындардардың қызметтен алынуы өз алдына, оларға өмір бойына сеніп қызмет тапсыруға болмайтындай жағдай жасау керек. Ар-намыстың аяққа тапталып, арзан күлкінің дәріптелуіне жол беруге болмайды. Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу – қылмыс.

Ләззат  АХАТОВА, заңгер:

– Карантин кезінде саунада жүрген шенеуніктердің тірлігі шын мәнінде заңға қайшы әрекет. Лауазымды тұлғалардың, оның ішінде заң қызметкерлерінің заңды белшесінен басуы – біздің елде тамыр-таныстық пен жемқорлықтың әбден дамып кеткенінің көрінісі. Мұндай заңбұзушылық барлық салада жиі кездеседі. Мысалы, Ақтау университеті ректорының қазақтың шапанымен шетелде жартылай жалаңаш қыздардың ортасында көңіл көтеріп отырғанын ашық дерек көздерден алып, журналист Тоқтар Жақаш желіде жариялады. «Білім мен тәрбие ордасын осындай азаматтар басқарып отырғаны қалай?» деп, ректордың басқа да заңбұзушылықтарын атап көрсетіп, білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовқа сауал тастады.

Министр әлі күнге үнсіз. Ал Ахметов журналист пен поста пікір білдірген мені сотқа беріп отыр. Міне, біздегі заңсыздықты, шенеуніктердің жауапсыздығын, мәселеге жоғарыдағылардың да атүсті қарайтындығының көрінісі. Ендеше, біз тәртіп бұзған шенеуніктерга аяушылықпен қарамауымыз керек. Тіпті олар  арқа сүйеп отырған мықтыларды да жауапқа тартуымыз қажет.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:

Соңғы кездері мемлекеттік қызметкерлер тарапынан карантин кезінде жасалып жатқан заңбұзушылықтар жұртты ойға қалдырды. Жалпы, елімізде 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер болса, соның арасында тәртіп бұзушылық кездесіп тұрады. Бұл әлі де болса еліміздегі кейбір мемлекеттік қызметкердің  бүгінгі күннің талабына бейімделе алмай келе жатқанын байқатады.

      Жалпы, мемлекеттік қызметтің  арнайы ережелері, этикасы бар. Соны жұмыс барысында үнемі оқытып, үйретіп жатады. Ал оның өз жемісін бермеуі басшылыққа байланысты. Басшы қызметкерлердің өздерінің заңды сақтамауы  жауапкершіліктің жоқтығын айғақтайды. Карантин кезінде болған оқиғалар жалпы қоғам, халықтың алдында мемлекеттік қызметкер туралы теріс пікір қалыптастырып жатқаны өкінішті. Болашақта мұндай сорақылыққа жол бермеудің түрлі тәсілін қолдану керек. Осындай жайсыз жағдайлар өзгелерге сабақ болу үшін кінәлі шенеуніктерге қолданылған жазаны жұртқа ашық жеткізу керек.

            Сауалнаманы жүргізген Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)