Кадр бәрін шешеді: Кәсіби мамандар неге аз?

Сайт Әкімшілігі - 14.05.2020810

Қазіргі кезде жағдайы болса әрбір ата-ана баласының шетелде білім алғанын қалайды. Сонда жастарды шетелде білім алуға итермелейтін не жағдай? Әлде еліміздегі 200-ден аса жоғары оқу орнының  білім сапасына көңіліміз толмай ма? Жұмыссыз жастардың барлығында жоғары білімі, дипломы бар, ал жұмыс жоқ. Неліктен? Қазіргі жастарды да, ата-аналарды да толғандырып отырған осы мәселе төңірегінде ой қозғаймыз.

Диплом бар, жұмыс жоқ

Біріншіден, «диплом бар, жұмыс жоқ» деген мәселеге келетін болсақ, қазіргі қазақстандық еңбек нарығының сұраныс-талабына сай мамандар дайындау қажет. Белгілі бір мамандық бойынша білім алып, мүлде басқа салада жүрген азаматтар қаншама. Бұның себебін мектеп бітірушілердің заман талабына сай, еңбек нарығында тапшы мамандықтарға бармауынан. Мектеп түлегі қандай мамандыққа грант көп бөлінеді, орталау баллмен грантты иемдену мүмкін болса, сол мамандыққа баруға тырысады. Ата-ана да баласының жоғары білімді мемлекеттік грант негізінде алғанын қалайды. Себебі ЖОО оқу ақысын кез келген ата-ананың қалтасы көтермейді. Қазір күндізгі бөлімдегі оқу ақысы жылына 550 мыңнан жоғары. Бұл жерде «сананы тұрмыс билейдінің» кебі келіп тұр.  Білім гранттарын бөлмес бұрын, еңбек нарығын зерттеп, зерделеп, жұмыс беруші талаптарын ескеру қажет екені  айдан анық. Мәселен, ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы 84,7 мың жас жұмыссыз. Осы мәселені қазір жастар өз беттерінше шешуге кіріскен. Алматыға жұмыс іздеп келген олар өздеріне лайықты кәсіпті hh.kz сайты арқылы оңай тауып жүр. Сол сайтқа кіріп, статистикалық мәліметтермен таныссақ, Алматы қаласында мекемелер мен компанияларға 38 курьер, 111 жүргізуші, 89 сатушы, 170 әкімші, 208 оператор, 325 программист, 73 кассир, 1008 менеджер керек екен. Осы статистикаға қарап-ақ еңбек нарығында менеджер, әкімші, программист мамандықтарына сұраныс жоғары екенін аңғарасың.

Келесі түйткіл – мамандықты дұрыс таңдау. Мектептегі 10-11 сынып оқушыларының көбісі қандай мамандық таңдайтындарын, қандай оқу орындарына баратындарын біле бермейді, білген жағдай да ата-ана шешеді. Алайда мамандық таңдауда қателесуге болмайды. Таңдаған мамандығына, кәсібіне көңілі толмаса, адам ол жұмысты селқос, немқұрайды атқаратынын психологиядан білеміз. Абай бабамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге...»  дегеніндей, өмірден өз орнын таппаған адамның жетістікке жетуі неғайбыл. Ал экономика, қоғамның кез келген саласы кәсіби мамандарға зәру. Демек, жас түлек, болашақ маман өз қызметін ынты-шынтысымен беріліп орындаса ғана қоғам дамиды. Ол үшін болашақ маманның сол кәсіпке деген бейімі, ықыласы, табанды мақсаты болуы қажет.

Мектепте оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін, таңдаған мамандығына жетуге деген арманын қанаттандыратын, нақты бағыт-бағдар беретін тәрбие сағаттары ғана емес, кәсіби-бағдар сағаттары енгізілуі керек. Сауалнамалар жүргізіліп, әр мамандықтың қыр-сырын түсіндіретін видеороликтер көрсетілуі тиіс.  Белгілі бір мамандықтың шыңына шыққан кәсіби тұлғалармен кездесу ұйымдастыру арқылы да мамандыққа деген қызығушылық тудыруға болады.  Жастар неге әнші, жұлдыз, танымал болғысы келеді. Ол мамандыққа жасалып жатқан PR, яғни жарнама өте көп. Теледидарды ашып қалсаңыз – әнші, радионы қосып қалсаңыз да – әнші, ғаламторды да әнші жаулап алған, тойда да әнші, ойда да әнші. Дәл осындай жарнаманы басқа мамандықтарға, қоғамға пайдалы мамандықтарға жасау керек.

Карантин мен Ковид 19-дың арқасында дәрігер мен мұғалім мамандықтарының қоғам өмірінде маңызы мен мәні зор екенін әлеуметтік желілердегі видеолардан қазақ қоғамы түйсінді. Демек, қазіргі еңбек нарығына қажет, сұранысқа сай мамандыққа бағыттау үшін мектептерде 10-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жетілдірген абзал. ЖОО-лар азын-аулақ ашық есік күндерін өткізеді, бірақ мектептерге барып, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізетіндері сирек.



 Осы мәселе бойынша ойын ортаға салған «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы былай дейді: «Бір жағынан, көп адамда диплом бар, бірақ ол мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Екінші жағынан, қай салада болсын жұмысты тиісті дәрежеде алып жүретін маман аз. Яғни білім беру жүйесінің мүмкіндігі мен еңбек нарығындағы қажеттілік бір-бірінен алшақ. Бұл мәселені шешу үшін, біріншіден, оқу орындарының білім сапасы түлектерінің жұмысқа тұруымен бағалануы тиіс, екіншіден, жұмыс берушілер оқу орындарымен тығыз жұмыс істеп, болашақ мамандарын дайындауға атсалысулары қажет».


БІЛІМ-ҒЫЛЫМ -ӨНДІРІС

Кәсиби мамандар дайындаудың үшінші мәселесі – студент мамандық алатын ЖОО-лардың оқу бағдарламаларының бүгінгі еңбек нарығы талаптарына сәйкес келмеуі. Демек, студент аудиторияда теорияны алады, бірақ тәжірибеде оны игертуге білім ордасының материалдық-техникалық базасы сай келмейді. Қазақта «жүз рет естігенше, бір рет көр» деген сөз бар. Осы мәселе төңірегінде жоғары білімде БОЛОН үрдісі бойынша лекция сағаттарын азайтып, семинар-практикалық сағат көбейген. Алайда тәжірибелік сағаттар да университет қабырғасындағы аудиторияларда өткізілетіндіктен, студенттер тағы да өндірістегі жаңа бағдарламалар мен инновациялық әдістемелерден бейхабар күйде қалады. Мәселен, болашақ дәрігерлер тәжірибелік сағаттарын емханалар мен ауруханаларда өткізеді. Демек, тәжірибелік дағдыларды меңгереді, ал басқа мамандықтарда ондай мүмкіндіктер бола бермейді.

Жас маман төрт жыл университет қабырғасында алған білімін жұмысқа орналасқанда кәдесіне жарата ала ма? Теория мен тәжірибе ұштаса ма? Осы мәселені тарқатып көрсек, жоғары білімге практик мамандарды тарту мәселесі алға шыға келеді. Осы тұрғыдан келсек, ЖОО-да сабақ беру үшін сіздің ғылыми дәрежеңіз болу керек. Ғылыми дәрежені ғылыми қызметкер бір тақырып төңірегінде кандидаттық, докторлық диссертация қорғап, ғылым кандидаты, доктор атағын алады. Бір жағынан қарағанда ЖОО ғылыми мекеме болғандықтан, ғалымдардың дәріс бергені дұрыс. Алайда сабақ беретін ғалымның қорғаған диссертациясының тақырыбы бүгінгі еңбек нарығының талабына сәйкес келмесе ше?

Көптеген ғалымдарымыз 1990-2000 жылдар аралығында ғылыми диссертация қорғады, осыдан 20 жыл бұрынғы ғылыми жаңалығы мен ізденісі бүгінгі өндіріспен, тәжірибемен қаншалықты үйлеседі? Қазір инновациялық технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. Осы тұста сәйкессіздік туындайды.  Белгілі бір салада 20 жылдан астам қызмет атқарып, сан саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар ЖОО-да сабақ бере алмайды. Себебі ғылыми атағы жоқ. Практик ретінде жұмысқа алған жағдайда да, ғылыми атағы жоқ болғандықтан, жалақысы төмен. Ондай жалақыға практик-мамандар ЖОО-да дәріс беруге бармайды. Осыдан 20 жыл бұрын қорғаған диссертация шеңберіндегі лекциялар қазіргі жылдам дамып отырған өндіріске баратын студенттің кәсіби дайындығын жетілдіре алмасы анық. Осы орайда, практик мамандарды ЖОО-ға сабақ беруге тарту үшін ұзақ жылғы тәжірибесі нәтижесіндегі жазған оқулығы немесе оқу қолданбасына сәйкес, ғылыми атақ беру қажеттігі туындайды.

Ұлттық журналистік зерттеу орталығының жетекшісі Дәрмен СМАЙЫЛ:

Ләззат алатын кәсіптен нәсіп табу – ең үлкен таңдау

   Кез келген азамат «ата-анаңда мүмкіндік жоқ, ал мамандық таңдауға мүмкіндік бар» деген тәмсілді түйсінуі керек. Ақпараттық ғасырда мамандық іздеу, нарықтық талаптармен астасып, оның сұранысын зерделеу басым болған жөн. Демек, мамандықты ата-ана емес, баланың өзі таңдасын. Меніңше, мамандықты зерделеу мына кезеңдерден өту керек: бірінші, бала психологиялық тестілеуден өтіп, оның қалауы мен икемі сүзгіден өтеді; екінші, осыған сәйкес мамандық таңдалады; үшінші, сапалы білім беру бағыты. Біз университет таңдауды доғаруымыз керек, заманауи маман тәрбиелейтін оқу орнының дұрыс зерттелгені абзал. Бұл кадр мәселесін шешу мен жұмыспен қамтуда өте маңызды. Қазір  «әйтеуір, грантқа түссем болды» немесе «алдымен диплом алайын, арғы жағын көреміз» деген кереғар түсініктің заманы өткен. Сәнге ұмтылу келмеске кетті. Айналаңда жоқ кәсіпті игеру, болашақта пайда болатын мамандыққа қарай ұмтылыс, өзіне ұнайтын, ләззат алатын кәсіптен нәсіп табу – ең үлкен таңдау. Алдындағы пікірге сәйкес, амалсыз арман түзу, өз-өзіңді тұқырту – болашақ маман үшін өте алшақ болуға тиіс келеңсіздік.

   Адам бастық болу үшін мамандық таңдамау керек, өз-өзіне бастық болу үшін таңдау жасауға дағдылану қажет. Ал ЖОО үшін еңбек нарығын шынайы зерттеп отыру – басты күрделілік. Өйткені оның түлектерінің білім сапасы бітіруші түлектердің «жұмысқа тұрды» деген жалған анықтама өткізуімен өлшенбегені жөн. Дипломы бар маманның жұмыс таппауы нарықты дұрыс зерделемеуден, жұмыс берушілердің дуалды білім беру жүйесіне науқандық көзқараспен емес, «кадр бәрін шешеді» деген оймен атсалысса, үкімет мемлекеттік мекемелерге мамандыққа сай дипломмен ғана жұмысқа алатын талапты енгізіп, соны бақылауға алса, көп мәселе шешілер еді. Жекеменшік сектордағы бейберекетсіздік кадр дайындаудағы үлкен кедергіні тудырып отыр. Мемлекет басқа салада жүрген өзге мамандық иелеріне талдау жасайтын болса, бюджеттегі ақшаның қайда жұмсалатынына көз жеткізетін еді.    


Ақша табуға неге құмармыз?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жыл қатарынан білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз сараптама жасап, ЖОО рейтингісін  шығарды. Рейтинг бойынша «Еліміздегі 60-тан астам жоғары оқу орны болашақ жұмыссыздарды дайындайды десе де болады. Кейбір жоғары оқу орны сапалы білім беруге тырыспайды, есесіне дипломдарды басып шығарып, тез ақша табуда. Өйткені білімге емес, құжатқа сұраныс бар», – деген қорытынды жасалған. Сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды (БҒМ-ның №122 бұйрығы). Егер ЖОО рейтингтен төменгі көрсеткіш көрсетсе,  комиссия мұндай білім ордасының мемлекеттік тапсырыс аясындағы оқыту мүмкіндігі шектеледі. ЖОО рейтингісінде түлектердің жұмысқа орналасу жағына мейлінше басымдық беріледі.

Қорыта келгенде, баланы белгілі бір мамандыққа баулуды мектептен бастап қолға алып, ЖОО-да мамандықты теориялық және тәжірибелік жағынан жан-жақты меңгертіп, сапалы білім берсек қана дипломы бар жұмыссыз жастар қатары азаяды. ЖОО дипломдық жұмыстарды жобалық жұмыс форматында қорғатып, авторлық жобаларды қаржыландыруға да көңіл бөлетін уақыт жетті. «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деп, халқымыз бекер айтпаған. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, дарынды, білімді жастардың идеяларын қолдап, жүзеге асыруына мүмкіндік берсек, сауапты әрі игілікті іс болар еді.

Мәрия ЖҰМАҚОЖА




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)