Табыс салығы «ауқатты» кедейлерді ойлантып тұр

Сайт Әкімшілігі - 14.05.2020936

 

Біздің биліктің пайымынша, нақ қазір елде табыс салығына прогрессивті шкала енгізу жайы өзекті болып отыр. Прогрессивті шкаланың мағынасы сол – жалақысы аз адамдар табыс салығын аз төлейді, жоғары айлық алатындарға салық мөлшері көбейеді.


   «Біздің мақсатымыз – аз айлық алатындар сегментін «көлеңкеден» шығару» дейді шенділер. Билік осылайша кедей-кепшіктің  мойнындағы салықтық жүктемені азайтуды жоспарлап отыр. Бұған қатысты сарапшылар «бұл үрдіс еліміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға айтарлықтай көмек болады» деседі. Әлеуметтік сала мамандарының есебінше,  жағдайы төмен қауым мемлекеттік қолдауды сезінуі үшін бұл құптарлық бастама.  Бірақ осы арада  «елдегі орта тапты қайтеміз, олар мемлекеттің қолдауын қашан сезінеді» деген сауал туындайды.  

   Деректерге жүгінсек, елдегі тапқанын, айлығын шайлығына жеткізе алатын орташа жалақы алатындардың  көрсеткіші  республика халқының 45 пайызын құрайды.  Оларды экономика тілінде «ауқатты» кедейлер деп те атайды. Осы «ауқатты» кедейлер мемлекетке жер, мүлік, табыс салығын төлеп келеді. Бұған қарттығын қамсыздандыру үшін болашақта алу-алмауы белгісіз, зейнетақы қорына төлейтін 10 пайыздық салықты тағы қосып қоялық. Аңғарғанымыз, елде орташа жалақы алатындардың салықтық үстемесі онсыз да көп. Ал жаңадан енгізілгелі отырған табыс салығының шкаласында айлығыңыз 80 мыңнан жоғары болса, әрбір келесі шектен бір пайыз салық алынады. Мысалы, шартты түрде жалақы 140 мың болса,  0 пайыз 80 мыңнан төленеді, ал келесі 60 мыңнан 2 пайыз салық төленеді. Егер жалақы 200 мың теңге болса, онда 80 мыңға 0 пайыз  салық төленеді, келесі 60 мыңнан – 2, келесі 60 мыңнан 4 пайыз салық төлейсіз. Әрі қарай 10 пайыз салық жүктемесі 750 мың теңгенің жалақысына дейін жалғаса береді.

   Мамандар қазіргідей дағдарыс кезінде табыс салығының 0 пайыздық түрі 80 мың теңге емес, 250-300 мың теңге жалақы алатындардан бастап енгізілгені дұрыс екенін айтып отыр. «Қазір халықтың қолындағы ақшасы тым құнсызданып, инфляция жеп қойды, теңге күннен-күнге құнсызданып жатыр.  Қымбатшылық халықты қос өкпеден қысып тұр. Сондықтан табыс салығының 0 пайыздық шкаласы  300 мың теңге жалақыға дейін енгізілгені дұрыс», – дейді қаржыгер Арман Мусин.

    Сарапшының  пайымынша, 250-300 мың теңге жалақы алатындар мемлекетке салмақ салмай, баспанасын да өз күшімен алып, несиесін төлеп, бала-шағасын асырап, өз көшін өзі алға сүйреп-ақ жүр. Бірақ олардың өзін-өзі дамытуға, байлар тәрізді сән-салтанатымен өмір сүруге мүмкіндігі жоқ. Себебі жалақылары оған жетпейді, тек айлықтан-айлыққа әупірімдеп жүргендерін көңілге місе тұтады. Қазақ мұндайларды «жүнін қампайтса да, бөрі арығын білдірмес» дегенге теңесе, қаржыгерлер де осыған байланысты оларды «ауқатты» кедейлер деседі.  

     Негізінен, сала мамандары  осы «ауқатты» кедейлерге қатысты табыс салығын жеңілдету керегін айтып жүргелі біраз болды.  Әттеген-айы, бұл ұсыныстарды әзірге естір құлақ болмай тұр.  Өкініштісі сол – бізде қарапайым халыққа түсінікті Салық кодексінің негізі әлі қалыптаспай отыр.  Біз осы уақытқа дейін қарапайым халыққа емес, экономикамызға инвестиция құятын инвесторларға қатысты салық жүйесін қолайлы әрі тартымды ете алдық. Бірақ бұдан өркендеп,  дамып кеткен экономикамызды  30 жыл бойы көре алмай келеміз. Қазақ жерінің байлығы арқасында байып, көк қағазды шытырлатып санап жүргендердің біразы салықтан жалтарып, тиісті салықтың өзін дұрыстап төлемей жатады.

     Салық төлеуге келгенде екі түрлі есеп-қисап жүргізетіндердің бар екенін ескерсек, бізге қазір  алдымен елдегі салықтың жасырын көздерін әшкерелеп алу өзекті болып отыр. Салық төлеуде орын алып отырған бұдан да басқа  олқылықтар жетіп-артылады. Елімізде жұмыс берушілер мен жұмысшы арасындағы өзара келісім; жұмыс берушінің өз қарамағында істейтін жұмысшыларын кемітіп көрсетуі жиі орын алады. Осының есебінен жұмыс істейтіндердің жартысы тізімде болмағандықтан, заң бойынша табыс салығы да, әлеуметтік салық та төленбейді. Сондай-ақ бүгінде заңды тұлғалардың бақылаусыз тіркелу мүмкіндіктері бар. Ал жеке тұлғалар қанша кәсіпорын ашса да, оған шектеу қойылмайды. Мұнымен қоса, жалған кәсіпорындар нөлдік көрсеткішпен есеп береді. Кәсіпорын салық органдарының тексерулерінен жалтару мақсатында басқа шаруашылық субъектісімен бірігу арқылы қайта құрылуға ұшырап жатады. Осылай бюджеттің алдында міндеттемесі бар кәсіпорындардың қайта құру, қайта тіркелу, заңды мекенжайын өзгерту істерінің жүргізілуі салдарынан салық төлеушілер жауапкершіліктен құтылып кетіп жатады. Міне, бізге салық жүйесіне  қатысты алдымен осы мәселелерді шешіп алғанымыз жөн болар еді.
    Қалай десек те, қазір біз үшін мемлекетке де, халыққа да тиімді салық жүйесі керек болып тұр. Халықтың тапқан табысына салық салу, сол арқылы бюджетке кіріс кіргізу қай елде болсын бар тәсіл. Біз тілге тиек еткен  табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу «халықтың тұрмысына да, мемлекеттің  тынысына да  жаңашылдық енгізеді» деген үміт мол. Әрине, билік үкілеп отырғаннан кейін бұл бастаманың бір қайнауы ішінде қалмай,  бабы келіскенін қалаймыз. Аталмыш бастама орта жолда қалмай, халықтың игілігіне айналар деген үмітіміз бар.

Тақырыпқа тұздық

  Осы орайда, тақырыпты тұздықтап, «Жас Алашқа» пікір білдірген мамандар жаңа бастаманы әлі де пысықтау қажеттігін, жалпы, әділетті жүзеге асса, қолдауға болатын тұстары бар екенін де айтып қалды.  

       

     300 мыңдық жалақыға дейін 0 пайыздық шкала енсе...

Меруерт МАХМҰТОВА, экономика ғылымының докторы:


– Табыс салығының шкаласы қазір қандай болатыны нақты айтылмай тұр. Біле білсек, қазір халық күн көретін ақша таппай жүр.  Ел екі ай үйде отырып 42 500 теңгеге қарап қалды. Табыс салығының шкаласы 60-80 мың теңге жалақыға дейін 0 пайыз деп жатыр. Бұл шкала 300 мыңдық жалақыға дейін 0 пайыз болса түсінуге болады. Сондықтан мұны әлі де пысықтау керек. Өз басым 300 мыңдық жалақыға дейін 0 пайыз шкала  енгізілсе деймін.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ, 

"Жас Алаш" 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?