Өле берсін күншілдер күйігінде...

Сайт Әкімшілігі - 14.05.20203001

Қос Мұхтар жөнінде  жазайық  деген  ой жоқ еді. Амал нешік, жанымыздан суырып бір  лепес айтуға  мәжбүрміз. Онда да қос  алыптың ілкідегі «сүзісуі»  емес. Өзге.

    Алдымен әлеуметтік желіге  үңілейік. Мұнда кім отырмайды  дейсіз...  Бұл жерде  бәрі «батыр»,  бәрі «даныпшпан», бәрі  ақылгөй,  дана. Осалы  жоқ.  Әлемжелінің  бір құдіреті – қаншама диван «қайраткерлерін», диван  «абыздарын» тудырғаны. «Бара  жатқанның  балтасын,  келе жатқанның  кетпенін» жұлып кететіндер  де, «ұзыннан  өшін алып, қысқадан кегін»  қайтарғысы келетіндер де  осында. Қаралау мен даттаудың, орынсыз  сынап-мінеудің, ақты  қара етудің, қыранды  қарға  етіп,  қарғаны қыран етудің де  мекені  – осы әлеуметтік желі. Құдды Қособа. Басқаны  қайдам,  қазақы  орта  отыратын әлемжелінің бүгінгі  тірлігі  осы.

   «Еріккен  сарт қайсыбір жерін уқалайды»  деуші еді, әлеуметтік  желіде  отырған жұрт  ерікті  ме, әлде пейілі  өзгерді   ме, көзге  көрінгеннің бәрін  даттап, қаралауды  меже етіп алғандай. Олардың  дегеніне  құлақ салсаң,  кешегісі бар,  бүгінгі ортамызда  жүргені бар (елдің алдында  жүрген азаматтарды айтып отырмын) – бәрі қуыс кеуде, шөпкетышарлар.  Іліп алар  біреуі  жоқ. Әсіресе  кешегі 90-жылдарға  дейін қазақы  қоғам пір тұтқан, көкке   көтерген, қошеметін аямаған  алыптардың тірліктерін терістеу, оларға  жөнсіз  соқтығу,  кеше ел  құрметтеген азаматтарды  бүгінгі ұрпаққа  қадірсіз етіп көрсету – бәрі  осы әлеуметтік желіде  болып жатыр.  Әңгімеміздің әлқиссасында  тілге  тиек еткен қос Мұхтарды (Мағауин  мен Шаханов)  жөнсіз күстаналау да  осы желі бетінде  әлсін-әлсін  дүңк-дүңк  ете қалады.  Қазақтың  қос Мұхтары осыған лайық  па еді? 

    «Мағауин  көзі  жоқ ана  бір ақын жөнінде  жойдасыз сөз айтыпты,  мына бір қаламгер  жайында  бүй депті» деген  секілді бұралқы  әңгіме көп. Қайсыбіреулер Мағауиннің жазбаларындағы  өз  тұстастары жайлы айтқан  жерлерін шолтитып кесіп алып,  әлеуметтік  желіге  тастай  салады. Мақсат  белгілі. Мағауинді  «көзі  жоқтардың   соңынан әңгіме айтып жүр» деп  қаралау. Жаман атты қылу.  Өйткені  не  басы, не  аяғы жоқ  жазбаны оқып,  дұрыс түсінбеген  жұрт «е,  Мағауин   оңбаған екен  ғой»  дері анық. Өлгенді  жамандыққа  қимайтын  қазақ  үшін бақилыққа аттанғандар жөнінде  сөз саптаған Мағауин осылайша жаман атты  болып шыға келеді.

    Сол  секілді Шахановты күстаналағандар да бар. Оның ақындығын да, қайраткерлігін де жоқ еткісі келетіндер жетерлік. Шахановтың  кейде көңіл күйіне  қарай  аңдаусызда  аузынан  шығып кеткен сөздерін   қағып алып, өңін айналдырып,  елге  жағымсыз адам ретінде көрсеткісі келетіндер қаншама? «Сол Шаханов Республика сарайында поэзия кешін өткізетін болса, егер сарайға 3000 адам сыяды десек, ол кісіге 4000 адам баруы мүмкін. Ал қалған қазақтың 20 ақыны бірігіп кеш жасайтын болса, оған 500-ақ адам баруы мүмкін. Бірақ Шахановтың кешіне баратын 3000 адамның барлығы бірдей шын поэзияны, биік поэзияны түсініп бара ма? Жоқ, олай емес. Мен Шахановтың оқырманының барлығы бірдей сапалы деп ойламаймын. Біздің әдебиетке жасайтын обалымыз осында», – дейді  бір  жазбасында  белгілі  ақын Есенғали  Раушанов.  Бұл  жерде  әдебиетке  қаншалықты обал жасалып  жатқанын  қайдам, әйтеуір, Шахановты  бір  түртіп кетудің амалы екені көрініп тұр.  Бәлкім,  қызғаныш, бәлкім, көреалмаушылық. Бірақ Раушанов  дұрыс айтады. Шахановтың кез келген жыр кеші аншлагпен  өтеді. Өйткені оның өлеңдері, балладалары халыққа  жақын, түсінікті, қарпайым.  Ал интеллектуалмыз деп, күрделі  бірдеңе  жазып, ол  жазғанын халық тұрмақ,  өздері түсінбей жүрген  шайырсымақтар қаншама? Оларды  халық  қайтсін. Жә, айтқымыз келгені біреумен бет жыртысып, айтысып-тартысу емес. Халық арасында мойындалып, жұртқа қал-қадерінше  еңбек еткен,  ұлттың мүддесі  үшін қарекет жасаған  арда азаматтарды  босқа ғайбаттамау керегі жөнінде рәуіш.  

     Мағауин  жыраулар тарихын үш ғасыр арыға жылжытқан  тұлға. Мұқым академия жасай алмаған жұмысты 26  жасында  Мағауин жасады. Басқа еңбегін  кері ысырып қойып, осыны айтсақ та  жетеді. Исі қазақтың арғы-бергі тарихын ақтарды. «Аласапыран»  бастаған  ұлы  дүниелерді  өмірге әкелді. Тіпті ұлы  қаған Шыңғыс ханға арнап төрт  том  жазды. Ал  қазақтың  маңдайына  біткен осындай ірі жазушыны әлеуметтік желіде  отырып  алып  кім көрінгеннің  сынап-мінеуіне жол  беруге  бола  ма?  Ол  соған  лайық  па? Жоқ.

    Сол секілді Шаханов та  кемсітуге тұратындардың  қатарынан  ба? Жоқ. Оның ақындығын  былай  қойғанда, ұлт  үшін  арпалысқа толы  тірлігін  қалай  жоққа  шығаруға  болады? Дәл Шахановтай халық  үшін отқа күйіп,  суға түскендер  сирек. Сондықтан барымызды табалауға емес, бағалауға асық болайық.  

    Кім не десе де, қос Мұхтар да  өз  биігіне  көтерілгендер. Оларды  аласарту мүмкін емес. «Өле берсін күншілдер күйігінде, Өз ғасырым өзімнің иінімде. Ақ  жаңбырлар  тоздырған  тау  сияқты,  Мен  өлемін  өзімнің биігімде» деп Төлеген айтпақшы, қос Мұхтар да өздері көтерілген биікте  мәңгіге  қалатын  тұлғалар.  Оны ешкім жоққа  шығара  алмас.  Айтқымыз келгені  осы еді.

Күлтегін БЕК, 

"Жас Алаш"





Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)