Абай 175: Абайдың әкімі арашаға ақынды шақырды (видео)

Сайт Әкімшілігі - 15.05.20201980


    Апта басынан бері әлеуметтік желінің басты тақырыбына айналған Сыртқасқабұлақтағы «Абайдың үш ішекті домбырасы» төңірегіндегі даулы әңгіме әлі де жалғасып жатыр.  Бұл мәселені "Жас Алаш" ең алғаш қозғаған болатын. Бұл тақырыптағы пікірталас қыза келе қоғамдық пікірдің екіге жарылуына әкеп соқты. Бірі «домбыраның жолға төселіп, аяққа басылатын» кейіпке түсетініне наразылығын білдірсе, қарсы топ бұған «жаңашылдыққа шақыратын өнер туындысы» ретінде қарауға шақырып, бұқараның «көзін ашуға» тырысты.

  Тіпті, әңгіме танымал дәстүрлі әншілердің де пайым- көзқарасының қайшылыққа ұласуына түрткі болды. Рамазан Стамғазиев, Гүлмира Сарина сияқты өнер тарландарының петиция жариялап, қол жинағаны да ешкімнің қарап отыра алмайтындығын көрсетті.

  Бірақ, қызығы сол, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жақында ғана Абай ауданына барған сапарында алдымен Сыртқасқабұлаққа аялдап, абаттандырудың ақынның кіндік қаны тамған бұлақтан басталғанын айтқан еді. Сөз арасында осы жерде Абайдың домбырасын еске түсіретін көрініс болатынын да өз аузымен айтып қалған.

   Ал, әлеуметтік желідегі тартысты негізге алған телеарна журналистеріне берген сұхбатында Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров домбыраға қатысты «қатып қалған» көзқарастан арылатын кез жеткенін мәлімдеді. «Қалыптасып қалған стеоротиптік ұғымды қойып, бұл дизайнды сәулет өнер деп қабылдауымыз керек деп ойлаймын» деді аудан әкімі Ж. Борашұлы.


   Деуін дейді-ау, бірақ, әкімнің айтып отырғаны Сыртқасқабұлақтағы емес, Қарауылтөбеде құрылысы қызып жатқан саябағы бар тағы бір «домбыра» екенін ел енді ғана біле бастады. Яғни, Абай тойына орай ақын туған топырақта домбыра формасындағы бір емес екі «сәулет өнері» көз тартатын болады.  

    Бірақ, сынға ұшырай берген де қайбір жақсы, қазір Абай ауданы әкімдігі «жерде жатқан» қос домбыраның дауынан басын арашалауға барын салып жатыр. Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров бастаған шенеуніктер енді қорғаныстың жаңа түріне көшіп, Қарауылда өлең төрін күзеткен талантты ақын, Жамбыл атындағы халықаралық мүшайраның бас жүлде иегері Төлеген Жанғалиевті бейнекамера алдында сөйлетіп, оны әлеуметтік желіге салып үлгерді. Қызығы сол, Төлеген ақынның сөз ыңғайынан да Сырт Қасқабұлақтағы «Абай домбырасы» байқалып қалды.


 Бірақ, жұртты шамдандырған ешқандай «домбыра» көрмепті. «Ол жерде ешқандай домбыраның көлемі де, көрінісі де жоқ. Болашақта болады деген эскиз әркімнің қолына түсіп кетіп, инстаграм, ватсапқа жіберіп шуылдатып қойған сияқты» дей келіп, көбіне үйде «карантинде отырған елдің азаматтары» тарапынан тарап кеткен қауесет санайтынына қынжылысын білдіріпті.

   Бұл күнде Абай елінің беткеұстар ақсақалы, арқалы ақыны ретінде халқына қадірлі Төлеген Жанғалиевтің туған жеріне жаны аши сөйлегені орынды екеніне сөз жоқ. Алайда, облыс әкімі Даниал Ахметовтің Сырт Қасқабұлақта «Абайдың домбырасын еске түсіретін көрініс» болатынын өз аузымен айтқанын қалай жоққа шығарамыз? Кім-кімді алдады? Әкімдік шенеуніктері Төлеген ақынды ол жерде ешқандай домбыра болмайтынына сендіріп айтқызғанымен қоймай, облыс басшысының сөзін де жоққа шығарып отырғанын аңғармай қалған сияқты. Аудан әкімі Ж.Байсабыровтың «сеоротиптік көзқарастан арылуға шақырғаны» да домбыра құрылысының шынымен,қолға алынғанын, құрылысы қарқынды жүріп жатқанын көрсетіп тұр емес пе?! Абай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бұл бейнежазбаны той қамына елеңдегін ел тегіс көргені даусыз.

    Әлеуметтік желі демекші, жұрт жаппай көз тігіп отырған жайға байланысты Мақсат Жәнібек есімді қолданушының жариялаған жазбасы да назарымызға ілікті. «Домбыра жайлы көпшілік білмейтін мәліметтер» жайымен бөліскен азамат ойының соңын былай түйіндепті:

«... Әкімшілік демекші Абай ауданының әкімшілігі не дейді екен деп инстаграмдағы парақшасын қарадым. Даниял Ахметов өз аузымен бар деген дүниені, жергілікті әкімшілік, ақын ағамыз Төлеген Жанғалиевтың аузымен жоққа шығарып отыр екен. Түсініксіздеу боп қалды. Жергілікті әкімнің өзі шығып, «осылай қалды» немесе «өзгерді» деп айтуы керек еді. Бар ды бар, жоқты жоқ деген де ерлік негізі. Былтыр Семейде шу болған Мәншүктің ағаш мүсіні сабақ болмады.

Жерде жатқан домбыраның тас сызбасынан, домбыра құндылығы, символы кеміп қалмайтынын түсінемін, бірақ негізгі мақсат сол құндылықты насихаттау болса, онда басқа композициялық шешім керек еді. Аспандағы емес, жердегі жұртқа алыстан көрінетіндей, шетелдік туристер фонға алып суретке түсетіндей, солайша әлемге насихатталатындай...»,-дейді М. Жәнібек. 




Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)