Мешіттер, дәмханалар, балабақшалар ашыла бастады: жұрт нені білуі керек?

Сайт Әкімшілігі - 18.05.2020620

18 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар нысандар ашыла бастады.

Мешіттер кешкі сегізге дейін ғана ашық

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі бүкіл  мешіт ашылмайтынын ескертті.

Мешітте санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға рұқсат етіледі.

Қазақстан мұсылмандары мына талаптарды орындауы тиіс:

·   мешітке маска және қолғап киіп келу;

·  антисептик қолдану;

·    жеке құлшылық кезінде 1,5 метр ара қашықтықты сақтау;

·    Құран оқитын бөлмеге 1,5 метр ара қашықтықты сақтай отырып, он адамнан артық кірмеу;

·    неке қидыратын бөлмеге төрт адамнан артық кірмеу.

Сонымен қатар, мешіт ішінде он бес минуттан артық қалуға болмайды.

Індеттің таралуына жол бермес үшін әзірге жамағатпен оқылатын бес уақыт жұма намазы мен тарауық намазына шектеу қойылып отыр.

Бұл туралы Қазақстан Діни  басқармасы «Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіт таңғы сағат 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шешім. Осы Үндеуге түсіністік танытып, карантин талаптарын сақтайсыздар деген сенімдеміз,-деп мәлімдеме жасады.

Балабақшалардың жұмыс істеу форматы қандай?

Бір апта бойы коронавирус жұқтыру өсімі 7%-тен аспаса, өңірлерде балабақшаларды ашуға рұқсат етіледі. Өткір респираторлық вирустық инфекциясы бар бүлдіршіндер балабақшаға кіргізілмейді.

Балабақшалар, бірінші кезекте, жұмыс істейтін, баламен үйде отыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін ашылып отыр.

Әрбір балабақшада бала саны 15-тен аспайтын кезекші топтар ашылады.

Бұған қатысты Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшин әр балабақшада 50 пайыз ғана бала топталған жағдайда топтарды ашуға рұқсат берілетіндігін жеткізді.  

«Сонда ғана балабақшада ауру таралу мүмкіндігі төмендейді. Балабақшаларға дезинфекциялық санитарлық талаптарды күшейтіп жатырмыз. Әр балабақша 15 минут-1 сағат ішінде желдетілуі тиіс. Ойыншықтарды, есік тұтқаларын 2 рет өңдеу талап етіледі. Балаларға жұмсақ ойыншықтарды беруге тыйым салынады. Балалардың жатын орындарында әр төсектің арасы 1 метр болу керек», - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Барлық балабақшаларға бактерицидті лампа, ауа тазалайтын рецеркулятор орнатуға кеңес берген бас санитарлық дәрігер «Тәрбиешілер мен қызметкерлерге де міндетті түрде қолғап пен маска тағу талап етіледі. Балаларды балабақшаға жүкті әйелдер мен қарт адамдарға әкелуге рұқсат берілмейді. Өйткені, жұқтыру қаупі жоғары. Әр ауданда осы талаптарды қадағалау үшін арнайы топтар құрылады. Бұл үшін әр аудандарда балабақшаларды қабылдаушы арнайы топтар құрылады. Оларға білім бөлімінің қызметкерлері, аудандық санитарлық мекеме қызметкерлері кіреді. Олар бірлесіп барлық бақшаларды қарап шығады. Тексеру барысында заң бұзушылықтар тіркелсе олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тіпті балабақша жабылады», - деген болатын.

Мейрамханалар мен дәмханаларда қандай талап сақталуы керек

18 мамырдан қонақ үйлер, 30 орындық қоғамдық тамақтану орындары мен ашық аспан астындағы мейрамханалар мен дәмханалардың қызметіне рұқсат берілді. Десе де, олар республиканың барлық өңірінде бірдей ашылмайды. Мәселен, Алматы әкімдігі эпидемиологиялық ахуалға байланысты мешіттер, қонақ үйлер мен тамақтану орындарын 25 мамырдан ашуды жөн көрді.

Кәсіпкерлер барлық қызметкер мен қонақтар үшін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті. Қызметкерлер жеке қорғаныш құралдарымен: маска, қолғап, қажет болған жағдайда, бас киім және халатпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Адамдар арасында екі метр ара қашықтық сақталуы қажет.


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)