Ақтоты Абайға шекесінен қарағаны ма?

Сайт Әкімшілігі - 19.05.20201840


   Өткен аптаның соңына дейін әлеуметтік желіде жұрт назарынан түспеген Сыртқасқабұлақтағы «Абайдың үш ішекті домбырасы» төңірегіндегі даулы әңгіменің көркі қызып тұрғанда премьер-министр Асқар Мәмин Шығыс Қазақстан облысына сапарлап келді. Үкімет басшысының облысқа сапарында қай түкпір, қай өңірде болғаны былай да жұртқа жақсы мәлім болғанымен, негізгі мәні Абайдың 175 жылдық тойына әзірлік барысымен танысу еді. Сол себептен де Асқар Ұзақбайұлының «Қазақстанның тарихи орталығы» (президент Қ.Тоқаевтың бағасы) Семейге және Абай ауданына барып қайтқанына кеңінен тоқталсақ.

   Облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған жергілікті шенеуніктер А.Мәминнің жан-жағынан қаумалай жүріп, Семей қаласындағы Абай театрының, алаңының, ақын музейінің іші-сыртын, о жақ-бұ жағын түгел көрсетіп, бюджеттен бөлінген миллиардтарды қалай жеткізіп жатқанына түсінік берді. Даниал Ахметовтің аталған нысандарда бұған дейін де бірнеше рет келіп, пысықтап кеткен «репитициясы» үкімет басшысының көңілінен шыққан сыңайлы, «бұларың қалай?» дейтін оқыс жағдай орын ала қойған жоқ.

    Алайда премьер-министрмен бірге осы жолы үзеңгі қағыстырып денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та келіп, семейлік дәрігерлерді марапаттап, мерейін өсіріп жатқанда мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың өзін жайбарақат ұстап, қыдырыстап қайтуға келгендей жүргені таңғалдырды. Әріптесі Елжан Біртанов Семей қаласының әкімдігінде өзі басқарып отырған салаға сай сөз алып, «Семейдің коронавирустың тіркелу жағдайы төмен қалалар қатарынан көрінгенін» айтып, бір дәрігерге «Қарағайлы» ықшамауданынан бір пәтердің кілтін ұстатып көзге түсті. Күн тәртібінен түспей тұрған індетке орай келген министрді семейліктер де жылы қабылдады. Ал Ақтоты ханымның Абай тойына қатысты бір ауыз сөз айтуға жарамағаны өз алдына, жұртпен қатар, өнер тарландарының екіге жарылуына түрткі болған «Абайдың домбырасының жолға төселген дауына» орай, тіс жармай кеткені оның өз саласына «көлденең келген көк атты» екенін көрсетіп бергендей болды.

   «Домбыра дауын» айтпаған күннің өзінде, соңғы екі жылда Абай музейінде үш директор ауысып, басшы тұрақтамай кеткені де министрдің басын ауыртпаған сыңайлы. Музейді 3,5 жыл басқарып, 2019 жылдың мамыр айында қызмет ауыстырған Болат Жүнісбековтен кейін Ерлан Айнабеков келіп, бар-жоғы үш-төрт ай ғана отырып жөніне кетті. Бұл басшының әкесі Мейрамхат Айнабеков 2007-11 жылдар аралығында Семей қаласының әкімі болған. Қала халқы әлі күнге дейін құрметпен қарайтын Айнабековтің ұлы бұл салада мүлде қызмет атқармағанынан шығар, тез ұмыт болды. Одан кейін осы жылдың қараша айында музейді екінші рет басқаруға келген ғалым Жандос Әубәкірдің басшылық қызметі 2019 жылдың қараша айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін ғана созылды.

    Музейдің қазіргі басшысы Тұрдықұл Шаңбай Шәкәрім атындағы Семей университетінің Алаштану орталығының директоры, энциклопедист-ғалым ретінде танымал. Қызығы сол – Т.Шаңбайды музей ұжымына Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев директордың инновациялық жобалар жөніндегі орынбасары және басшының міндетін атқарушы ретінде таныстырғанда Жандос Мағазбекұлы денсаулығына байланысты ем қабылдап жатқан болатын. Ауырып жатқан басшының өзінің таныс та бейтаныс орынбасарын «үйінде жатып қалай қабылдағаны» айтпасақ та түсінікті болар. Артынша орынбасар ретінде келген Тұрдықұл Қасенұлы директордың міндетін атқарушы болып шыға келді. Саралай келгенде, бұл А.Райымқұлова басқаратын министрліктің адамгершілік қалыпқа сыймайтын әрекеті болғанын ашық айтқан абзал.

    Жай уақытта абайтану саласындағы атқарған еңбектеріне орай атақтарын тізгенде аспан қақ айырылатындай болатын белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар Абай тойы қарсаңында орын алып жатқан осындай олқылықтарды көріп отырғанымен, «іштен тынғаны» да әлдебір бақай есептің барын аңғартатындай. Абай тойы таяғанда шақырулардан құр қалып, тізімнен сызылып қалудан қауіптене ме, мәдениет және спорт министрінің Абай тойына орай жыл басынан бері «шөп басын сындырып», ештеңе айтпағанына да көз жұма қарайтындай ма, қалай?..

   Күні кеше аяқастынан Сыртқасқабұлақта Абай домбырасының формасында брусчатка төселіп, жол салынып жатқанын «Жас Алаш» газеті бірінші болып көтергенде министрлік тарапынан тырс еткен дыбыс естілмеді. Артынша әлеуметтік желіде жұрт шулап, телеарна журналистері мәселе көтергенде барып «ұялғанынан» сөз алған министрліктің департамент директоры Күміс Сейітова «бұл мәселе жергілікті атқарушы биліктің әрекеті болғандықтан, министрлікпен келісуі шарт емес» екенін айтып, Айды аспанға шығарды. Сонда ақын тойына қатысты ауқымды жұмыстардың бәрін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өздері ұйымдастырып атқара беретін болса, мәдениет және спорт министрлігінің (министрінің де!) елге қаншалықты қажеттілігі бар?!


        Миллиардтар мерейлі іске мұрындық бола ма?

 «Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты» дегендей, бұқара халық Сыртқасқабұлақтың басындағы брусчаткадан Абай домбырасының жолға төселіп жатқанын ақылға сыйдыра алмай, атқарушы билікті «қара есекке теріс мінгізіп» жатқанда, Қарауылтөбе жанына тағы бір домбыра формасында саябақ құрылысы басталып кеткенін бір-ақ білді. Facebook әлеуметтік желісінде Аида Жексен есімді желі қолданушысы бұл құрылыстың 1,6 млрд теңгеге салынып жатқанын жариялады. Сөйтсек, бұл сома бер жағы екен.    

   Семей ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өткен айда басталған мұндағы саябақ құрылысының жалпы құны 1 миллиард 937 миллион теңге болып шықты. «Бүгінгі күні жұмыс кестесі жасалды, учаскелерді жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. 634 түп ағаш отырғызылды, 1700 тонна жартасты топырақ, 20 мың тонна құм мен қиыршық тас, 9031 тонна құнарлы топырақ әкелінді. Қоршау орнатылды. Электрмен және сумен жабдықтау жүйелерінің траншеяларын жасау аяқталды. Электр және су құбырларын төсеу жұмыстары басталды. 1500 м су құбыры тартылды. Нысанға 30 техника мен 70 адам жұмылдырылды. Саябақ құрылысы үстіміздегі жылдың 10 шілдесінде аяқталады» делінген аталған мәлімдемеде. 2 млрд-қа жуық қаражат жұмсалатын бұл жұмыстар сомасына лайық па, жоқ па, іштей өзіңіз шамалай беріңіз.

  Сондай-ақ Қарауыл ауылында су құбыры жүйесі қайта жаңғыртылып жатқанын айтар болсақ, бұған бөлінген бюджет қаржысы 1 млрд 425 млн теңгені құрайды. Мердігер компания – «ВостокСтройГрупп» ЖШС. Жұмыстарды аяқтау келесі жылдың мамыр айына жоспарланыпты.

   Бәрінен де Қарауылда салынып жатқан 300 орындық әмбебап мектеп құрылысының сомасы да осал болмай тұр. Жобаның жалпы құны 1 363, 96 млн теңгеге есептелген екен. «Азия фирмасы» ЖШС салып жатқан білім нысаны бұл қаражаттың іргетастарды орнату, сыртқы су, жылу және кәріз желілерін төсеу, негізгі блоктардың қабырғаларын төсеу, ғимараттың ішкі электр желілерін тарту сияқты бөлігіне тиісті сомасын игерген. Мектеп құрылысын үстіміздегі жылдың 1 тамызында аяқтау жоспарланып отыр. «Мектепте балалар қазіргі заманғы интерактивті сыныптарда, зертханаларда жұмыс жасап, жоғары технологиялық жабдықтармен және мамандандырылған бағдарламалармен, озық технологиялармен танысады, топта жұмыс істеуді үйренеді және өз жобаларын құруда алған дағдыларын қолданады. Мектеп пайдалануға берілгеннен кейін 82 жаңа жұмыс орны ашылады» делінген Семей ақпарат орталығының мәліметінде.

 Хош, сонымен, Мәмин келді, көрді, Ахметов әдемілеп таныстырып берді. Бірақ миллиардтаған қаражат жұмсалып жатқан Абай тойының аясында салынып жатқан саябақ, демалыс орны, жаңғырту жұмыстары «Өз сомасына сай ма?» деген заңды сұрақ үкімет басшысының өзіне ғана мәлім күйде қала берді.

Ақсақалдың аманаты

  Бет қатталып жатқанда аягөздік құрметті ақсақал Амангелді Керімтаев елдің көкейіне кептелген жайды президент Қасым-Жомарт  Тоқаевқа бағыттап, әлеуметтік желіде былайша жайып салды: «Мен Шығыс Қазақстан облысына бірінен кейін бірі келген екі әкімнің ұлтымыздың киелі мекені мен қасиетті домбырасына жасалған қылмысқа бергісіз қиянатқа жол бергендеріне таңғаламын. Олардың біреуі бүкіл түркі дүниесі қастерлейтін Қозы мен Баянның мүрделері жайғасқан жердің атауын есімі көрші-қолаңға еміс-еміс белгілі қалталы жаһаттасының атасының атына бермек болған Б.Сапарбаев еді. Екіншісі ұлы Абай домбырасын аяқасты еткендердің қылықтарына тыйым салуға жетесі жетпей отырған Д.Ахметов болып тұр.
      Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, зейнет жасынан әлдеқашан мезгілі өтіп кеткен кәрі-құртаң әкімқаралардан пәлендей қайырлы қарекет таба қоймассыз. Сондықтан олармен өзіңізге тән текті мәдениеттілікпен разы-қош айтысқаныңыз жөн болар».

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)