Амалы бар

Сайт Әкімшілігі - 19.05.2020341


Коронавирустың салдарынан болған карантиннен соң Қытайда ажырасу дерегі көбейіп кеткенінен баршамыз хабардармыз. Қазірде Қытай Үкіметі күніне 10 отбасына ғана ажырасуға рұқсат беріп жатқан көрінеді. Өйткені некесін бұзуға ниеттілер саны тым көп. Ал бұл жағдай біздің елімізде көрініс табуы мүмкін бе?

Аз-кем ойланып көрейік. Жалпы, коронавирус пандемиясынан бұрын-ақ, былайша айтқанда, заман тыныш кездің өзінде біздің елде әсіресе соңғы онжылдықта ажырасу дерегінің күрт өскені бар.   Өткен жылы бір жиында «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Гүлнар Байымбетова Қазақстанда әрбір екінші неке ажырасумен аяқталатынын және ол отбасылардың 80%-дан астамының ортақ балалары бар екенін айтқан болатын. Сұмдық сан.

Өткен жылдан бері жалғызілікті және көпбалалы әйелдердің әр жерлерде бас көтеріп жатқаны тағы бар. Әрбір әкімдіктің алдын торуылдап, шенді-шекпендіге тап беріп жатқан әйелдер де жетерлік. Әйелдердің мұндай әрекетке баруына не себеп? Әлбетте, ең бірінші кезекте – әлеуметтік жағдайдың төмендігі, яғни жоқшылық. Ішінара жағдайы бола тұра ашкөздікке салынып жүргендер кездесетіні заңдылық. Бірақ жаппай халық арасында мұндай көріністің белең алуына шын мәнінде жұртшылықтың басым бөлігінің жағдайының нашалығы себеп болса керек. Мұны неге айтып отырмыз? Біз сөз етіп отырған ажырасу дерегінің де басым бөлігі әлеуметтік жағдайдың төмендігінен орын алатындығын саланың барлық маманы растап отыр.

Ал енді коронавирустың кезінде істеп отырған жұмысынан ажырап бір есеңгіреп қалған отбасылар карантин деп бір үйге қамалды. Еркін жүріп-тұруы шектелген, әрі десе қаржылық қиындық туындаған отбасында ыдыс-аяқ сылдырламауы мүмкін емес. Оған қашықтан оқытудың машақатын тағы қосыңыз. Жай күннің өзінде балалардың жоғын, керегін түгендеу үсінде түгесілетін әйелдер, смартфонның жоқтығы, интернетке қолжетімсіздік, баланың барлығын өзі оқытуы сынды мәселелермен ерінің мазасын алатыны даусыз. Әрбірден кейін ол ер азаматтың да тең міндеті. Әншейіндегідей мұндай ұрыс-керіс туындаған жағдайда сыртқа сытылып шығып «бас сауғалауға» мүмкіндік тағы жоқ. Содан бұрыннан бері басы қылтиып жүрген даудың одан сайын өршіп, ажырасу туралы шешімге нақты бел буылатынын болжау қиын емес.

Бірақ, біздің елді одан сақтайтын бір ғана үміт бар. Ол – ұлттық психология. Ол психология қазақ отбасыларының көпшілігін онсыз да бұрыннан сақтап келеді. «Жұрт не дейді?» деген намысқа тырысу мен «Бәрі де өтпелі», «Алла қаласа бәрі де реттелер», «Бұл күн де артта қалар», «Балалар өскен соң бәрі ұмыт болады» деген сынды үмітке жалғанған жұбатулар.

Отбасы ғана емес, жалпы еліміз болашаққа зор үміт артып өмір сүріп келе жатқаны жасырын емес. Бізде бүгінгі күннен гөрі болашаққа деген сеніммен өмір сүру басымырақ. Сақтаса, сол үміт қана сақтайды!

Маржан Рақай,

Тараз қаласы



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)