Өз өміріңіздің өлшемдері немесе жаңа ғылымға жұрт неге қызықты?

Сайт Әкімшілігі - 19.05.2020370

Сандарды сөйлету арқылы да адамның тағдыры туралы көп нәрсе айтуға болады. Тіпті сол арқылы өміріңізге түзету енгізіп, жақсы бағытқа бет бұруға да мүмкіндік бар. Алайда бұл үшін сандардың сан түрлі құпиясын жетік меңгеріп алу қажет. Мәселен, «Желтоқсан» қозғалысының президенті, заңгер Құрманғазы Рахметов соңғы кездері алтын уақытын өрнекті өмірге арнап, сандардың сырына үңілу арқылы адам тағдырына араша түсудің, жақсылыққа жетелеудің жолдарын жетік меңгеріпті. Құрекеңді қызықтырған  жаңа ілім – Сюцай жұртты мүлде басқа қыры арқылы да таңдай қақтырады. Ал Сюцай халықаралық мектебінің – ХХІ ғасырдың сандық психологиясы мен философиясы атанған ғылымның негізін қалаушы – Жанат Қожамжаров.

      Мәскеуде тұратын Жанатты әлемнің әр шалғайында лекция оқып жүргенін көрсеңіз еш таңданбаңыз. Өйткені 12 елде жеке мектебінің бөлімшелері бар. Қазір миллиондаған адам жаңа білімнің негізін оқып, үйреніп, өз өмірінде оң өзгеріс жасау үшін барын салуда. Бәрінен қызығы, осы жүйе қазақтың рухани құндылықтарына негізделіпті. Тек Жанаттың келешегі кемел ілімді өз Отанында тарата алмауы жұмбақ болып тұр.

    Ең алдымен Сюцай туралы айтайық. Мұны қазіргі тілмен цифрология немесе өмірлік мақсаттарыңды іске асыруға арналған ертедегі сандық ғылым деуге болады.  Сюцай – жан дүниеңді мазалаған мәселені іске асыру. Мұны жоғарыда айтқан цифрологияның тап өзі десек қателесеміз. Өзгешеліктері мен салыстыруға  келмейтін тұсы көп. Мысалы, туған күніңіздегі сандар – жан дүниеңіздің құпия кілті. Осыны жіктеу арқылы қаржы-қаражатқа қатысты мүмкіндігіңізді, өз ортаңызды, қызмет пен бизнестегі жетістіктеріңізді, шығармашылық өсу мен  ішкі мүмкіндіктеріңізді, денсаулықты күту, жақсы өмір сүру үшін қандай белсенділік қажеттігін біле аласыз. Әсіресе  мектеп түлектерінің өз мамандығын адаспай таңдауына септігін тигізетінін ашық айтқан жөн.  Қоршаған орта және табиғатпен үйлесім табуға керемет жол ашатын ғылым. Тағы бір айта кетерлік жағдай, адам уһ деп таңғалғанда  мида ерекше құбылыс пайда болып,  санасы сол мезетте  кеңейіп сала береді екен. Кейінгі кездері таңғалуды ұмытып бара жатқан ұлтымыз үшін де бұл ғылымның әсері бар екен.

    Сюцайдың бес элементі бар: жан дүние, парасат, ақыл, ой және эмоция. Осы элементтер өзара күшті байланысқан. Әрқайсысының байланысын жүрекпен  түсінсеңіз, өміріңіздегі көптеген түйінді оңай шешесіз. Бір қарағанда сандар қарапайым ғана көрінеді, маңызы да жоқ секілді. Алайда әрқайсысының артында белгілі бір энергия тұрады екен. Міне, сол адам өміріне ықпал жасайды, өзгертуге күш салады. Қысқасы, Сюцай ілімі үшін мына нәрселер маңызды:

туған күніңіз;

некеге отырған  күн;

келісімшарттардың нөмірі мен бекітілген күні;

телефон нөмірі;

үй және пәтер нөмірі.

–Әр санның астарында құпия жатыр. Ол өмірді өзгертуге қауқарлы. Осыған көз жеткізген шетелдік миллиондаған адам жерлесіміз Жанат Қожамжаров жасаған Сюцай ілімін күндіз-түні оқып жатыр. Ақтауда өткен дәрісіне қатысып, мен де арнайы диплом мен сертификат алдым. Содан ізденіп жүріп көп нәрсеге көз жеткіздім. Адамдар жеке өміріне мән беру арқылы өзгере алады екен, – деген Құрманғазы Рахметов сенімді болу үшін әңгімені менің өміріммен байланысты өрбітті.

     Әрине, менің жеке өмірім кез келген кісіні қызықтырмасы анық әрі қажеті де жоқ. Дегенмен мен осы ілімнің дұрыс-бұрыстығына сәл болса да көз жеткізу үшін келістім. Алдымен менің туған күнім мен жылымды сұрап алған Жәкең туған күнімді жақсы сандар қатарына қосып, үнемі алғы шепте жүретіндердің қатарына қосты. «Түпсанада адамды бөліп тұрады екенсіз. Адаммен сөйлесу барысында оның кемшіліктерін тез байқайсыз. Сізге Күн планетасы бірден-бір әсер ететіндіктен, энергияңыз көп. Лидер болуға тырысатындықтан, жеке кабинетіңіз, жеке дүниелеріңіз болғанын қалайсыз. Локомотивсіз, сізсіз пойыз орнынан қозғалмайды. Жаңашылдыққа құмарсыз, шешендігіңіз де бар. Ортада жарқырап жүргенді қалайсыз», – деген Құрекең қызықты мәліметтерді тізбелей жөнелді.

    Бойымда терең ойлауға құмарлық, стратегиялық мақсатпен жұмыс істеуге құштарлық та бар екен. Өзіме өзім қожа болғанды қалаймын. Біреулерге қамқор болғанды ұнатамын. Аяқастынан оңай шешім қабылдап, өзгелер көмек көрсеткісі келсе, оған соншалықты мән бермеймін. Ең жаманы – махаббат деген жоқ. Өзімді өзгерту үшін дағдарыс керек. Ал арақ-шарапқа жоламайтыным тіпті жақсы болған. Өйткені менің саныммен сәйкес келетіндер маскүнемдікке тез бейімделетін болып шықты. Ең дәл тапқаны – жалғыздыққа бейімделгенім, сатқындықты жек көретінім, біреуден көңілім қалса, қатты құлазитыным. Жұмысымды шексіз жақсы көретінім де өз алдына әңгіме. Тіпті өмірімді өзгерту үшін қалта телефонымдағы екі нөмірді де ауыстыру қажет боп шықты. Өкінішке қарай, алдыңғысына ширек ғасыр, соңғысына 15 жыл болған нөмірді жамандыққа қиғың келмейді. Ал Құрекең адамдармен сөйлесу барысында осы нөмірлер бүкіл энергиямды алып қоятынын айтады. Сары түсті ұнатады екенмін. Үнемі ашық түсті киім кигенім абзал. Тіпті қалтамдағы әмияным да күміс түсті болғаны дұрыс.

Құрманғазы: «Биыл сіз үшін керемет жыл. Шолпан әсер етіп тұр. Не ойласаңыз  да, 100 пайыз орындалады», – деді. Шынымды айтсам, не ойларымды да білмей отырмын.  Әрине, осы мақсатта жанталаса ұмтылатын қандай да бір қызығушылық жоғын айтқаным жөн шығар. Шүкір, менде бәрі бар, бәрі жеткілікті. Баспанам да, көлігім де өзімді қанағаттандырады.

      Бұл ғылым осы ғасырдың психологиясы мен философиясын қарастырады. Айталық, ақшаны қанша қусаңыз да, жете алмайсыз, ал бойдағы энергияны түзесеңіз, ақша сізге өзі келеді-мыс. Осындай қызықты сәттерден соң, Құрманғазы  Рахметов Сюцай халықаралық мектебінің негізін қалаған Жанат туралы да біраз дерек айтты. Ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген азамат. Батыс елдері  мойындаған академик. Бабаларымыздың бойында болған қасиеттерді ілгерілетуші ғалым.

–Алғаш рет ол туралы Алматыда тұратын Баян апайым айтты. «Сен физика-математиканы жақсы меңгергенсің. Цифрологиямен айналыс. Жанат деген азаматтың лекцияларын тыңда» деді. Содан түрлі лекциялар жіберіп тұрды. Мән бермеген едім. Тыңдасам, адамның табиғаты, түпсана дегенді қазақтың дүниелерімен түсіндіріп жатыр екен. Жылқысы, күймесі, арбакеші, қысқасы, ұлтымызда не бар –  соның барлығы қамтылған.  Мәскеуде  рухани даму және инновациялық технологиялар академиясы жанынан Сюцай халықаралық мектебі деп тіркелген. Кезінде Алматыда жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген соң, Мәскеуге кетіп, қазір бүкіл ресейліктерді мойындатып отыр. Ем-домы да ерекше, пайдалы. Кәдімгі қызыл шоқты басып, қып-қызыл темірді тілімен жалап, адам тамырларының өзегін ашады.

      Қазір карантин бәріміздің қолымызды байлап қойды. Амандық болса, өз білімімнің жемісін көрсетемін. Өйткені қазақтардың дені көмекке, тұрмысын түзеуге зәру. Осындай қиын сәтте халыққа жәрдем беріп, жол сілтеп, нақты көмек көрсеткім келеді. Адамдар ойлау жүйесін, санасын өзгерту арқылы табысқа жете алатыны шындық. Қазақтың «отызында орда бұзбаған қырқында қамал ала алмайды», «сегіз қырлы, бір сырлы» деуінің арғы жағында құпия жатыр. Сандарға сүйене отырып сол құпияны ашып берсем, адамдардың ой-өрісі өзгереді, мақсатын түсінеді,  тұрмысын түзеуге бет алады, – дейді ол.

   Қазақтың рухын көтеретін жалғыз жол – Сюцай ілімі болатын сыңайлы. Өкініштісі  сол – қазір ұлттық рух жоғалып барады. Соның салдарынан дінге де, тілге де, жерге де, руға да, рухқа да бөліну бар. Өзінің қазақ екенін жасыратын, ана тілінде сөйлеуге арланатын, ұлттық құндылықтарын қорлайтын, қарындасы мен қызына қастандық жасайтын, ата-анасын аяламайтын, әйел алуда алдына жан салмайтын арсыздық пен алаяқтық көбейді. Міне, осының барлығы  адам бойындағы бес қасиеттің қадірі кете бастағанын көрсетеді. Сюцай ілімі – адамның жанын, өресін,  ақылын, тәнін, ойлауы мен эмоциясын қалыпқа келтіретін жүйе. Біз осыны реттеп алсақ, ұлтымыздың ұлы ойшылдары айтқан даналықтарды қайта қалпына келтіріп, өзімізді озық ойлы ұлт ретінде сезінетін боламыз.

     Кейіпкеріміз Құрманғазы Рахметовтің айтқан пікірін біреу құптар, біреу құптамас. Бірақ біз үшін қалай дегенде де, ұлттық құндылықтарды қайта қалпына келтіру үшін жанталаса жұмыс істейтін уақыт келді. Ұлттық психология мен педагогиканы да менсінбейтін, қазақ деген қасиетті сөзді жете сезіне бермейтін ұрпақты жолға салуда сюцай ілімі көмектесіп жатса, оған қуанбастан басқа амал жоқ.


   Құрметті оқырман! Біз Құрманғазы Рахметовпен байланысымызды алдағы уақытта да жалғастырамыз. Сіз ел алдында жүрген азаматтардың өмірінен қызықты деректер білгіңіз келсе, хабарласыңыз. Олардың қандай адам, не қызықтыратынын, болашағы төңірегінде болжамдар бере аламыз.  Сонымен, кім туралы білгіңіз келеді?

     Сұрақтарыңызды joldas216@mail.ru электронды поштасына жолдаңыздар.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?