Қазақтың кедейлігі жалқаулықтан ба?

Сайт Әкімшілігі - 19.05.20201473

 Нарықтық экономикаға көшкелі бері қазаққа қойылатын негізгі айыптың бірі – жалқаулық. Бүгінде біреулер баспанасы  жоқ қазақты суырға теңесе, енді бірі үкімет тағайындаған тиесілі жәрдемақыны алып, оны қажетке жарататындарды  «мемлекетке масылдар» дейтінді  шығарды. Тіпті көпбалалы болып, ішер асқа жарымай отырғандарды көрсе де,  «асырай алмаса бала тапқызып несі бар, өзі жалқау» деп сөгетіндер де табылды. Базарда арба сүйреген қазақты көрсек, жалқау ғой, дұрыс жұмыс таппай ма деп сөгетіндер де бар. Ал, шындығында, солай ма? Қазақ жалқаулығынан кедей болып жүр ме?

   Батыс ғалымдары қазақтың еңбекқорлығын өз еңбектерінде үнемі тілге тиек етеді. Қазақтың мал басын бейнетпен күтетін қасиетін, диқаншылықтың мехнатын әлі де тартып келе жатқанын, қуаңшылық мәселесі үнемі алқымнан алатынын батыстық ғалымдар осы уақытқа дейін жазбады емес, жазды. Тіпті осы арқылы өзге елдер «қазақ – бейнетінің зейнетін көруге ұмтылған ел» деген түсінікті де қалыптастырып келеді. Ал енді біз неге өзімізге «қазақ жалқау» деген айып тағуға бейімбіз? Бір істі тиянақты аяқтай алмағанымызды неліктен осы пәлсапаның аясына сыйғызып жібергіміз келіп тұрады?!

                            Жерде есесі кеткен қазақ
  Байыптасақ, біз бірінші кезекте жерден есесі кеткен елміз. Кезінде Ресей империясы қазақтың құнарлы жерлеріне мұжықтарды орналастыра бастаған тұста қазақтар өзінің 45 миллион десятина ең құнарлы жерінен айырылып қалды. Шөл далаға ығысқан қазақта егін шаруашылығы қайдан дамысын? Осындай әрекеттен соң, қазақтар отырықшылық көрмеді. Қысы-жазы көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Көшпенді елдің белгілі бір өнеркәсіп саласымен айналысуы қиын екені белгілі. Бұл Кеңес өкіметі құрылғанға дейінгі жағдай. Ал кеңестік өкімет заманында тың игеруді желеу етіп, тағы 25 миллион гектар жерімізден айырылдық. Ең құнарлы деген қазақ даласын Украинадан, Беларусьтен келген тың игерушілер иемденіп қалды. Осылайша тағы да құнарлы жерді уыстан шығарып алдық. Қазір жеріміздің 67 пайызы шөл және шөлейтті аймақтар. Негізінде, бұларды ғылым тілінде «адамның күнкөрісіне мейлінше қолайсыз аймақтар» деп есептейді.

    Осы мәселені зерттеп жүрген экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов былай дейді: «Бізде қазір 72 аудан бар. Өнеркәсіпті дамытпақ түгіл, ол аудандарда күн көрудің өзі тауқымет. Осы жайттың бетін ашып, қанша зар қақсадық. Жер мәселесін жазып та, айтып та, том-том кітап етіп шығарып та жүрміз, бірақ селт еткен қазақты көрмедім. Міне, нақ қазір бізде бірінші болып шешілуі тиіс мәселе – осы».

                Жәрдемақы, өтемақының өзі дұрыс төленбейді
    Бұған қоса, мамандарымыз шөл және шөлейт аймақтарда тұрып жатқандарға қосымша төлемақы төленуі тиістігін алға тартады. Мамандардың пайымдауынша, мәселен, АҚШ-та, Канадада, басқаны қойғанда, Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз жерлерде тұратын жандардың жалақысына қоса, үстеме төлемақы төленеді. Бұл үрдіс жағдайы төмен деңгейдегі Үндістанның өзінде де жүзеге асып отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттерде тұрғындарға мемлекеттік мекеменің үш деңгейінен көмек беріледі. Біріншісі – округтік әкімшілік, екіншісі – штаттық әкімшілік, енді бірі – федералды әкімшілік. Тіпті сол шөлейт аймақтарда туған үндістер басқа жаққа қоныс аударып кетіп, туған жеріне қайта айналып келсе, елде тұрмаған жылдардағы өтемақысын даулап алуға құқы бар. Ал біз зиянды қалдықтар қоймасына айналған елді мекендерде тұрып жатқан, полигонның зардабын көрген жандарды шөміштен қағып, өзге қалаға қоныс аударса, оларға болар-болмас жәрдемақысын төлеуден бас тартамыз. Сондықтан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселені мықтап ойланып, шөл және шөлейт аймақта тұратын, сынақ алаңына айналған жерлерді мекендейтін халыққа көлемді жәрдемақы беруді қарастырса тіптен оңды болар ма еді?!

                          Қала қазағы: азық-түліктен үнемдеп жүр
   Сондай-ақ қазақтың ас-ауқатына жұмсайтын қаржысы да күн санап үнемделіп  отырғанын жақсы білеміз. Қазіргідей қымбатшылықта ас-ауқатын үнемдеп жүрген қала қазағына  «жалқаусың» деп айту тіпті қисынға келмейді. Мамандардың зерттеуінде көрсетілгендей, қазір қала халқы өз қаржысын үнемдеу мақсатында өздеріне біраз шектеулер қойған. Мәселен, биыл өткен жылмен салыстырғанда бір ғана Алматыда қала халқының өзін-өзі дамыту орталықтарына бару үрдісі 62 пайызға саябырсыған. Бұған қоса, соңғы үш жылда қала қазақтарының тамақтану үлгісінде де қатты үнемдеу  байқалады. Бұған қатысты әлеуметтанушы Ермек Құржанов:  «2019 жылдары  қала қазағы ай сайын 24-26 келі ет өнімдерін тұтынған болса, қазірде бұл көрсеткіш 10 келінің айналасында қалыпты. Ал сүт өнімдерінен бүгінде қала халқы ай сайын 18-20 литр сүт тұтынады. Өткен жылы бұл көрсеткіш әр адамға шаққанда ай сайын 25-28 литрдің айналасында болатын. Бүгінде қала қазақтары мал етінен гөрі құс етін көбірек тұтынады. Бір қынжылатыны, қалалық қазақтардың 60 пайызы қаржысын астан үнемдеуге көшкен», – дейді.

                  Дала қазағы: отын-суын түгендей алмай жүр

     Ал енді ауыл қазағының бюджеті қалай жоспарланады дегенге келсек, зерттеулерде көрсетіліп отырғандай, ауыл қазағы жиған-тергеніне мал азығын сатып алуға тырысып жатыр. Мысалы, 10 қойы, екі сиыры бар шаруаға малын қыстан аман алып шығу үшін шөп қажет. Қазір ауылдық жерде жемшөптің бағасы удай.  Бұған қыстық отын-суды қосыңыз. Көмірдің бағасы тағы қымбат. Сонда дала қазағы қыстан қысылмай шығу үшін қосымша, кем дегенде 300-350 мың теңгедей қаржы жинауы керек. Ал ауылдағы зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері тағы белгілі. Осыған қарап ауыл қазағының күнкөріс қамы үшін жанталаса тіршілік ететінін тағы пайымдай беруге болады. Бұл ретте әлеуметтанушы Ермек Құржанов: «Біздің үкіметіміз ауыл халқына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлерде ауыл халқының тұрмысы, мал азығы, отын-су жайы, көпбалалы отбасылар әлеуетін ескеруі тиіс. Осыған орай, ауыл халқына берілетін мемлекеттік төлемдерге үстемеақы қосылса жөн болар еді», – дегенді алға тартты.

Тақырыпқа тұздық

 

                              Қазақ – бейнетқор, еңбекқор халық


    Тақырыпқа қатысты «Жас Алашқа» пікір білдірген экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметованың ойынша, қазақты әсте жалқау деуге болмайды.
Байыптап қарасақ, бір отбасын асырау үшін, батыс елдеріне қарағанда, қазақ 80 есе артық күш жұмсайды екен. Ал енді ойлап көріңізші, жалқау халық осылай әрекет ете ме? Қазақ жалқау емес. Қазақ – еңбекқор, бейнетқор халық. Қазақ тер төгіп, бейнет көріп барып зейнетке жеткен. Қазақты жалқау, енжар дегенге мен келіспеймін. Егер қазақ жалқау, енжар болатын болса, еуропалықтардан 80 есе артық күш жұмсап, еуропалықтармен салыстыруға да келмейтін аз-маз тапқан қаржысын өзінен-өзі үнемдеп отыр. Мысалы, немістің қариясы айына 984 евро зейнетақы алады. Финдік қариялар 1,3 мың евро көлемінде зейнетақы алса, Голландияда ең төменгі зейнетақы 3,2 мың евроны құрайды екен. Бір ескеретіні, біз үлгі етіп отырған елдердің қариялары бірінші жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен, екінші кәсіпорындық зейнетақы қорынан, үшінші мемлекет бюджет есебінен зейнетақы алады. Демек, бұл дегеніңіз аталмыш елдердің өз қарттарына үш жүйе бойынша зейнетақы беретінін көрсетеді. Осы үш бірдей қордан алынатын қаржы Еуропа қарттарының өмірін қамсыз етері анық. Ал бізде мұның ауылы тым алыс.  Жағдайы жоқ, кедей қазақты жалқау дегенмен келіспеймін. Керісінше, үкіметтік қолдауды нықтау керек деп есептеймін.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?