Сардоба жабық есік жағдайында талқыланды

Сайт Әкімшілігі - 19.05.2020854

Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, «пара алуға оқталды» деген айыппен сотталып кеткен Ислам Әбішевтің түрмеде жатып, адвокаты Абзал Құспан арқылы жолдаған шұғыл мәлімдемесі елді біраз дүрліктірді.

Адвокаттың айтуынша, Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба суқоймасы уақтысында халықаралық шарттарды бұза отырып салынғаны былай тұрсын, құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Осы жөнінде Ислам Әбішев төраға кезінде Қауіпсіздік кеңесіне, президент әкімшілігіне құпия хат жолдаған. Алайда бұл хатқа билік назар аудармаған.

  «Сардоба суқоймасының сапасыз салынғанын білдік. Сол жақтың  мамандарымен байланысымыз бар еді. Нысан  аз уақыттың ішінде салынды. Енді, міне,  соның зардабын Қазақстан тартып отыр. Шардара суқоймасының қазіргі техникалық жағдайы мәз емес. Қызметте жүрген кезімде суқоймада жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгені және оның жағдайын жақсарту жөніндегі ұсынысым қабылданбады. Егер Шардара суқоймасында апат болса, ол жолдағы Көксарай суқоймасын да өзімен алып кетеді. Халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірінің, одан бөлек, Қызылорда облысының Аралға дейінгі аймағына қауіп төндіреді», – депті экс-төраға адвокаты арқылы жолдаған мәлімдемесінде.

Қызығы сол – содан бері қаншама күн өтсе де, атқарушы билік үнсіз. Сонда бұл үнсіздік келіскендікті білдіре ме?

Жалпы, осы жолғы су тасқынында экология, геология және су шаруашылығы министрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің орны ойсырап қалды. Сардобадағы апат 1 мамыр күні таңғы уақытта болды. Мақтаарал ауданындағы каналдардағы су деңгейі осы күні кешкісін көтеріле бастады. Сол уақытқа дейін су ресурстары комитетінің мамандары Ай қарап отырды ма? Мақтааралдағы елді мекендер су астында қалып жатқан кезде де комитет басшыларының нендей әрекет жасап жатқаны жөнінде мәлімет таратылған жоқ. Басшы демекші, апаттан үш күн бұрын, 27 сәуірде комитет төрағасы Арман Тұрлыбек қызметінен босатылған болатын.

2 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзбекстандық әріптесі Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы тілдесті. Ақорданың сайты екі арадағы әңгіменің  «жылы және достық рәуіште өткенін» хабарлады. Өткен аптада Шымкентте   Қазақстанның  экология, геология және су шаруашылығы министрі М.Мырзағалиев Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл жолғы әңгіме де мейлінше достық рәуіште өрбіді.

Алдымен сөз алған Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан мен Өзбекстанның бауырлас көрші ел екенін атап өтіп, кездесуде  барлық мәселенің ортақ түсіністікпен шешілетініне сенім білдірді.

Өзбекстандық министр Шавкат Хамраев:

– Біз енді  жиірек кездесіп, әріптестік жасауымыз керек. Апат салдарымен бірге күресеміз. Екі елдің президенттері өздерінің көрегендігінің арқасында бізді дұрыс жолға салды, – деді. Бұдан әрі жиын журналистердің қатысуынсыз, жабық есік жағдайында жалғасты.

  Жиын өтіп жатқан залдан шығып, журналистерге сұхбат берген экология, геология және су шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның Сардоба суқоймасының келешегіне қатысты ұстанымы нақты емес.

– Біз бүгін өзбектердің осыған қатысты  жоспарларын тыңдаймыз. Осыдан кейін шешім қабылдаймыз, – деді вице-министр.

– Өзбекстан Сардобаны салу үшін Қазақстанның келісімін алды ма? – деген сауалымызға ол:

– Суқойманың келісімді алмастан салынғанын ақпарат құралдарынан естіген шығарсыздар. Негізі, халықаралық шарттарда келісім алу қажет деп айтып жатырмыз. Бірақ болар іс болды. Сардобаның келешегіне қатысты мәселені бүгін талқылаймыз, – деді.

– Шардара суқоймасына қауіп төніп тұр ма? Ислам Әбішевтің осы жөніндегі мәлімдемесін білетін шығарсыз, – деген сауалға вице-министр:

– Шардара суқоймасына, Достық каналына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – деп қысқа ғана қайырды. 

     Кейінірек министрліктің баспасөз қызметі кездесу барысында халықаралық ұйымдардың, қазақстандық сарапшылардың көмегімен Сардоба суқоймасына техникалық аудит жасау туралы бірлескен шешім қабылданғанын жария етті. Нысанның тағдыры осы аудиттің қорытындысымен шешіледі. Тараптар трансшекаралық су нысандарын бірлесе басқару, пайдалану жəне қорғау туралы үкіметаралық келісімді əзірлеп, оған қол қоюға уағдаласқан және 15 маусымға дейін су байланысы саласындағы ынтымақтастық мəселесі жөніндегі жол картасын əзірлеп, бекітуге келіскен.

Өзбек билігі бір емес, екі елдің халқын тасқынның астында қалдырған Сардоба суқоймасына қатысты біраз шындықты жасырып отыр. Қазір осындай пікір өзбек қоғамының өз ішінде өршіп тұр. Әлеуметтік желіде:

«Бір суқойманы дұрыстап сала алмадық, сөйте тұра атом станциясының құрылысын жүргізіп жатырмыз» деген пікірлерді жиі кездестіруге болады.

Centrasia.org сайты бірқатар сарапшылардың пікірін жариялады. Мәселен, Лондон университетіндегі ғылыми қызметкер  Әлішер Илхамов деген азаматтың жазуынша, осы уақытқа дейін Өзбекстанның ресми органдары Сардобаның құрылысын жүргізген бас мердігер компанияның аты-жөнін жарияламаған. Белгілісі – бас мердігер 400 миллион долларлық тендерді ұтып алған соң, жұмысты субмердігерге табыстай салған. Бұған дейін ақпарат құралдарында  суқойма құрылысын Өзбекстан теміржолына қарасты «Узтемирйулкурилишмонтаж» деп аталатын кәсіпорынның жүргізгені хабарланған еді.  Алайда бұл кәсіпорын бас мердігер ме, әлде субмердігер ме, ол жағы белгісіз. Бүгінге дейін Өзбекстан билігі  Сардобадағы апатқа қатысты баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ. Бұл күдікті күшейте түсуде. Бірақ президент Шавкат Мирзияев кінәлілердің заң алдында қатаң жазаланатынын айтқан болатын. 

Жоғарыда келтірілген мәліметтердің шындыққа қаншалықты жанасатынын анықтау қиын. Дегенмен өзбек билігінің Сардобаға қатысты көп сырды айтпай отырғаны рас. Бұл тегін бе? Сардоба суқоймасы 2010 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілген. 2017 жылы суқойманың құрылысымен танысқан Шавкат Мирзияев жасанды көлдің айналасында жағажай туризмін, балық шаруашылығын дамыту жөніндегі жобалардың барын жария еткен екен. Ал бөгеттен қытайлық инвесторлардың көмегімен су электр станциясын салу көзделген.

Сардоба суқоймасы қайта қалпына келтіріле ме, жоқ па? Егер келтірілсе, ол төменде отырған елді мекендерге, соның ішінде Түркістан облысының Мақтаарал ауданына тағы қауіп төндірмей ме? Бұған дейін трансшекаралық өзен-суларды пайдалануда көп нәрседен ұтылып, зардап шеккен Қазақстан енді өз мүддесін қорғай ала ма? Бұл мәселе әзірге басы ашық күйде тұр.  


Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)