Сен құрметте оны!

Сайт Әкімшілігі - 19.05.2020573

  Кейде,  кей  орталарда  «Тәуелсіздік  бізге  қантөгіссіз келді. Содан  болар, оның  қадірін  сезіне бермейміз»  деген  іспетті әңгімені естіп  қаламыз. Бір қарасаң,  шүбәсіз  шындық. Иә,  бір қарасаң  ғана...  Бірақ  бұлың-бұлың  өткен күннің бұлғақтарын қайда қоямыз? Бостан  болу  үшін боздақтардың  төгілген  қанын қайда  жасырамыз?!.   

       Тәуелсіздік көктен  түскен  тосын сый емес еді  ғой... қадірсіз  болатын. Өткен  күннің  өзегіне үңілер  болсақ, бостан  болу  үшін  атам қазақтың  талай тар  жол, тайғақ кешуден өткенін көреміз. Керей  мен  Жәнібек Әбілқайыр  ханнан  ірге бөліп, өз  алдына  Қазақ  хандығын  құрғаннан  бері  Қазақ елі дербестігін, бостан  ұлт екендігін  сақтап  қалу  үшін қаншама айқасты бастан  өткерді. Қаншама  боздақ Алаш  баласына  тиесілі тоқымдай  жерді өзгеге бермеу  үшін  құрбан  болды. Жеңді,  жеңілді, қырылды.  Еңкейді,  қайтадан еңсесін  түзеді.  Соқтықпалы, соқпақты  жолдан  өтті. Бірақ елдігін сақтап  қалды.

      Қазақ  халқы  үшін  ең  бір қанқұйлы, ауыр кезең  кеңестік империяның  құрамында  болған  тұс еді. ХХ  ғасыр қазақ  үшін  қатыгез  ғасыр болды. Жетпіс жылдың  үстінде  өмір сүрген  қызыл империя қазақты  баудай  түсірді. Мәселен,  большевиктік-кеңестік  империя  енді  құрылып  жатқан  1917-19  жылдары  Түркістан  жұртының  30  пайызы   қырылды.   Ал  1921-22 жылдардағы аштықта    1,5  миллион  қазақ   шейіт  болды.  Одан кейінгі  1928-30  жылдары  жүргізілген  байларды   тәркілеу,  ұжымдастыру  кезінде  талай  қазақ  баласы  жер аударылды, өзге  елге  босты.  1931-32  жылдардағы  аштық  3 миллионға   жуық  қазақты баудай  түсірді. 1 миллионға  жуығы  өзге  елдерге  сабылды.  1937-38 жылдары  жүргізілген саяси  қуғын-сүргінде  100 мыңның  үстінде адам  қамалып,  25  мыңы  атылды. Атылғандардың дені исі қазақтың беткеұстар, көшбастаушы, ағартушы, ұлттың көсемі болуға лайық Алаштың арда ұлдары еді.

      Екінші  дүниежүзілік  соғыста тағы да  жарты  миллион  боздағымыз   көз  жұмды.  Соғыстан кейінгі  50-жылдары  да  қазақ  зиялыларын  қуғындау, қамау  тоқтаған  жоқ. Шынтуайтына келгенде,   бұл  қуғын-сүргіндердің,  қолдан ұйымдастырылған аштықтардың  астарында   қазақ  жұртын   жою, іргелі  мемлекет қылмаудың пасық  саясаты  жатты.  Көзі  ашық, елді  соңынан ертер  арыстарын   құртсақ, қалған  тобыр  бас көтермес,  құлақкесті құлымыз  болады  деген арам  пиғыл  тұрды.  Бұдан тыс,  халқымызды улап,  қырып  салу  үшін жерімізге ондаған  әскери сынақ  полигондарын ашты. Бір  ғана Семей  полигонында  500-ге  тарта ядролық  сынақ  жасалды. Миллиондаған адам ауру  жамады. Оның  зардабын әлі  тартып жатырмыз.

     1954-60 жылдардағы   тың  көтеру кезінде елімізде  25 млн  гектар жер жыртылды. Шөбі  шүйгін, шұрайлы  жерлердің «ішек-қарны» ақтарылды. Сол  жыртылған  жердің 9 млн гектары эрозияға ұшырап, жарамсыз  болып қалды. Ең сорақысы – тың көтеру деген желеумен қазақ  жеріне   сырттан  2 миллион  адам әкелінді. 700 қазақ мектебі  жабылды. Оның  орнына орыс мектептері  ашылды. Орыстандыру  саясаты  жүрді. Ежелгі  жер-су, елді мекен аттары орысша атауға көшірілді. Осындай  сұрқия  саясаттың  кесірінен 1959 жылы қазақ өз  жерінде 30 пайыздан аспай  қалды. Ең сұмдық көрсеткіш – осы.

     Әрине, Алаш баласы осының бәріне  төзіп, үнсіз жатты десек, қателескеніміз.  Отызыншы  жылдары  300-ден астам көтеріліс  болды. Бұл бұлғақтардың  бәрінің  мақсаты еркіндікті аңсау  еді.   Теміртаудағы  дүрбелең, әсіресе  қазақ жерінен  ойып  тұрып  жер  бөліп,  неміс автономиялық   облысын  құру   жөніндегі әміршіл-әкімшіл  жүйеге  қарсы  1979  жылы  жазда Целиноград (қазіргі  Нұр-Сұлтан)   қаласындағы   бас көтерудің,   одан кейінгі  1986  жылдың ызғарлы  желтоқсанындағы Алматыдағы  көтерілістің  түпкі  мақсаты исі  қазақтың өз  жерінің  тұтастығын  сақтай  отырып, азат,  дербес қазақ  мемлекетін  құру  еді.  

    Демек,  Алаш  жұрты бүгінгі тәуелсіздікке жету  үшін,  арысын айтпай-ақ  қоялық,  берісі  кеңестік қызыл  империяның  70  жылдық  үстемдік  құру  кезінде қаншама құқай көргеніне  қарамастан, азаттық  жолында   күресін еш  тоқтатпады  десек  болады. Осы  бір  кеңестік дәуір тұсында  қазақтың  бестен  үші  опат болса да, елдігін  сақтап қалды.   Міне, тәуелсіздіктің  құны. Демек, қайсыбіреулер   айтып  жүргендей,  Қазақ еліне тәуелсіздік  көктен  түскен тегін  сый емес. Үлкен  күрестің,  миллиондаған  құрбандықтың  арқасында келді. Сондықтан  оны  көздің  қарашығындай  сақтау,  құрметтеу – бүгінгі   біз бен сіздің һәм келер  ұрпақтың міндеті.  

Күлтегін БЕК,

«Жас Алаш»

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?