Шымкентте мұнай зауытының қызметкерлері жаппай індет жұқтырды

Сайт Әкімшілігі - 19.05.2020888

Соңғы тәуліктерде Шымкент қаласында COVID-19 індетін жұқтырған науқастардың саны күрт көбейді. 17 мамырда 77, 18 мамырда 60 жағдай тіркелді. Мамандардың айтуынша, мегаполисте науқастар жоспарлы тестілеудің нәтижесінде көбейген.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың мәлімдеуінше, қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда байқалады. Мәселен Шымкент мұнай өңдеу зауытына иелік ететін "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС-нің 654 қызметкері жоспарлы тестілеуден өтіп, нәтижесінде 137 жағдай анықталып отыр.

– 7 мамыр күні зауыттың екі қызметкері  жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Сынама нәтижесі олардың короновирус жұқтырғанын растады. Кейінірек науқастармен қарыс-қатынаста болған тағы алты адам ауырған. Осыдан кейін зауыттың басшылығы жұмысшылар арасында  скрининг жұмыстарын жүргізген,- деді арнайы өткен брифингте қаланың бас санитары Әбдіманап Төлебаев. 

Зауытта қауіпті індетті 96 жұмысшы жұқтырған. Тағы 12 науқас осы зауытқа қосымша қызмет көрсететін компанияларда жұмыс істейді. 29 адам зауыт жұмысшыларымен қарым қатынаста болған туыстар болып табылады.

– Қазіргі уақытта  мұнай өңдеу зауытындағы анықталған ауру ошағында залалсыздандырудан өтті, жатақхана карантинге жабылды. Індет анықталған адамдардың барлығы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына, карантиндік стационарларға жатқызылды,- деді Ербол Садыр.

Жалпы 18 мамырға дейінгі жағдай бойынша Шымкентте коронавирустық инфекция жұқтырудың 404 жағдайы тіркелді.

Ербол Садырдың айтуынша, коронавирусқа қарсы скрининг тексеру жұмыстары енді қоғамдық көлік қызметкерлері арасында жүргізіледі.

Бақытжан ӘБДІРАШ, 

Түркістан облысы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)