Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовке тапсырма берді

Сайт Әкімшілігі - 20.05.2020495

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады,-деп хабарлайды Ақ Орда. 

 Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының елдегі қаржы нарығын дамыту, инвесторлар мен қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау және АХҚО алаңында сауда-инвестициялық ынтымақтастық бойынша атқарылатын жұмыс жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыстан кейін экономиканы қайта қалпына келтіру кезінде АХҚО-ның алдына қойылған міндеттерді тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда Қазақстан Президенті инвестиция тарту және мемлекеттік активті жекешелендіру барысында, қор нарығын дамытуда АХҚО әлеуетін белсенді пайдалануды тапсырды. Ал шаруашылық дауларды шешуде АХҚО соты мен төрелік орталығына бизнестің қолжетімділігін қамтамасыз ету тиіс. Сонымен қатар Президент АХҚО инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасын ілгерілету үшін Сыртқы істер министрлігі мен мемлекетіміздің шетелдік өкілдіктерімен бірлескен жұмыстарды жандандырудың қажеттілігін атап өтті. Кездесу барысында Қайрат Келімбетов Орталықтың экожүйесі толық қалыптасқанын, карантин шаралары кезінде оның тұрақты жұмыс істегенін баяндады. Сондай-ақ Қайрат Келімбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда алғаш рет АХҚО алаңында бұрын-соңды болмаған қаржы құралдары енгізілгені, атап айтқанда, юаньмен көрсетілген облигациялар шығарылып, облигацияның исламдық баламасы – сукуктың кросс-листингі өткізілгені туралы айтты.   Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?