Көкшетау әкімдігі белсендіге пикет өткізуге рұқсат бермеді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 20.05.2020130

Көкшетау қаласы әкімдігі жергілікті белсенді Базарбай Машариповке карантиннен соң бір адамдық пикет өткізуге рұқсат бермеді. Белсенді 12 мамырда жазған өтінішіне әкімдіктің жауабын 20 мамырда алғанын, бірақ жауапта 15 мамыр деп көрсетілгенін айтады.

Машариповтің сөзінше, әкімдік өтініште қала мәслихаты белгіленген орынды көрсету керек деген. Белсенді билік талабын орындап, қайта арыз тапсырғанымен, рұқсат бермегенін айтады.

- Мен қалалық мәслихат бекіткен үш орынның бірі - Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі ауған соғысы жауынгерлеріне қойылған ескерткіш маңына 30 мамырда шығатыным туралы қайта хабарлама тапсырдым. "Бейбіт жиын туралы" жаңа заңға сәйкес рұқсат күтуім міндетті емес екенін айтып едім, әкімдіктегілер "біз жаңа заңның оның қабылданғанын әлі естімедік" деп жауап берді, - деді ол Азаттыққа.

Көкшетау қаласы әкімі Амангелді Сымайлов қол қойған жауапта пикет өткізуге рұқсат берлімейтіні туралы жазылған, бірақ себебі көрсетілмеген. Белсенді жергілікті биліктің өзіне қалалық мәслихат белгілеген арнайы орынды көрсетпегені үшін рұқсат бермегенін ауызша түсіндіргенін айтады.

Машарипов бір адамдық пикетте үкімет басындағылардың отставкаға кетіп, парламенттік жүйеге көшуді, құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған белсенділерді босатуды, Нұр-Сұлтан түрмесінде қайтыс болған белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеуді әділ жүргізуді, ақтөбелік белсенділер Аманбике Хайрулла, Серік Оразовтың өліміне қатысты тергеу амалдарын ашық әрі бейтарап жүргізуді талап етпек болған. Ол Көкшетаудың әлеуметтік мәселесін де айтып, елді белсенділікке үндегісі келгенін айтады.

Азаттық тілшісі Көкшетау әкімдігіне қоңырау шалғанымен, хабарласуға мүмкін болмады.

30 жастағы Базарбай Машарипов – Көкшетау маңындағы Қызылсая ауылының тумасы.

Қазақстанда қазіргі заңнамаға сай, жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады. Қоғам мен халықаралық ұйымдар сынынан кейін Қазақстан билігі бұл заңды өзгертуге тырысып жатыр.

20 мамырда парламент "Бейбіт митинг туралы" заң жобасын мақұлдап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына жіберді. Заң жобасында бейбіт жиын кезінде маска тағу сияқты қорғаныш құралдарын қолдануға рұқсат беру, митинг орындарын көпшілікке көрінетін орталықтарда ұйымдастыру және митинг өткізетін орындардың санын үшке дейін жеткізу сияқты өзгерістер бар.

Сенат "Бейбіт жиындар туралы" заң жобасын қалай өзгертті?

Сенат "Бейбіт жиындар туралы" заң жобасын қалай өзгертті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?